5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет12/22
Дата07.09.2023
өлшемі89,29 Kb.
#106382
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
5 в 050117 « аза тілі мен дебиеті» маманды ына арнал ан

Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдегі көнерген сөздер екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер.
2. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады.
3. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. 4.Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына не жатады?
2.Көнерген сөздердің түрлері мен ерекшеліктері қандай?
3.Неологизмдер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.
3 модуль
Фразеология, оның зертту нысаны, мақсаты.

№ 11 Дәрістің тақырыбы: Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.


1. Фразеологияның зерттеу нысаны, басты белгілері .


2. Фразеологиялық оралымдар және олардың түрлері.
3. Фразеологиялық оралымдардың құрылымы жағынан топтастырылуы.

Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымға тән, басты белгілер – оның даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.


Қазақ фразеологиясына қазақ тіл білімінде қосқан ғалымдар қатарында І.Кеңесбаев,Ә.Қайдаров, С.Сәтенова, Х.Қожахметова,Г.Смағұлова тәрізді ғалымдарды жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет