Дәрісті қорытындылау:
1. Отандық терминтанудың негізінің калануына ғалым Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты.
2.30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды.
3. Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев сынды тілші ғалымдар мен Ө.Айтбаев (1992), Ш.Құрманбайұлы (1999) терминология мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.
Бақылау сұрақтары:
1. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі қандай?
2. Қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірінде терминологиның дамуына Құдайберген Жұбанов қандай үлес қосты?
3. Терминтану саласында еңбек еткен зерттеулершілер кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 .Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
2.Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. -Алматы, 1993.
3.Құрманбайүлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезендік сипаты. - Астана, 2002.
4.Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1988. – 208 б.
5.Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А., 1997. – 240 б.
5 модуль
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу.
№ 14 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.
1. Лексикография туралы түсінік.
2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектер.
3.Сөздіктердің топтастырылуы.
Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі – М.Малбақовтың «Қазақ лексикографиясының тарихы» атты зерттеуі. Қазақ лексикографиясының өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір еңбек – Б.Атабайдың Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен құрылымын қарастыратын жұмысы.
1. Сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: Этимологиялық сөздік, Тарихи сөздік.
2.Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Түсіндірме сөздік, аударма сөздік, терминологиялық сөздік, диалектологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік, синонимдер сөздігі.
3.Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Фонетикалық сөздік, орфографиялық сөздік.
4.Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Энциклопедилық сөздік, иллюстративті сөздік.
Әлемдік түркітану тарихындағы аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында әсіресе М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктерін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |