S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.
«Ашық микрофон» әдісі Саймон Браунхилл бойынша
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
«Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (қолдан жасалынған қалпақ), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.
«SMS – хабарлама»
«SMS – хабарлама»
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.