«50 әдістен» «50 әдіске» !!! «Маған айтып берсең ұмытып қалармын


«Фишбоун» әдісі (постерде) Жапондық профессор Исикава бойынша



бет4/11
Дата14.02.2023
өлшемі3,06 Mb.
#67665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Фишбоун» әдісі (постерде) Жапондық профессор Исикава бойынша


Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады

Қос жазба күнделігі


Ақпараттар

Түсіндірме (комментарий)

Қос жазба күнделігі – сабақ мазмұнына оқушылардың зейінін аударып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Оқушы қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» (немесе «Цитаталар») деп атап, оған тақырып бойынша өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий») деп аталады. Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазып алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол тақырып хақында өз ойларын, түсінігін, пайымдыу мен уәждерін, дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.
Оқушылар жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды,пікірлеседі. Оқытушы әр үзілісте бір-екі оқушының жазбаларын бүкіл сыныпқа оқып беруін сұрағаны дұрыс.

«Концептуалдық кесте»


Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылыгы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет