«50 әдістен» «50 әдіске» !!! «Маған айтып берсең ұмытып қалармын



бет3/11
Дата14.02.2023
өлшемі3,06 Mb.
#67665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Өрмекші» әдісі (постерде)


постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

«Кубизм» әдісі

«Бұзық телефон» ойыны (Сергіту сәті )


Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді.
Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі Иен Майлс бойынша


Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.
Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

«Шеринг» әдісі Харизма бойынша (Н.Баринова)


Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.
Барлығы шеңбер бойынша отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

«МИКС» жаттығуы

  • Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады.
  • 1-ші топ – өлең шығару,
  • 2-ші топ – эссе жазу,
  • 3-ші топ – суреттеу,
  • 4-ші топ – сахналық көрініс,
  • 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.

Т-кестесі

  • Т-кестесі – бір-біріне қарама-қарсы («иә/жоқ», «келісемін/келіспеймін», «қарсымын/жақтаймын», «ішкі/сыртқы», «басы/аяғы», «маңызды/маңызды емес», «себебі/салдары» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
  • оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам) кестелерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада мұғалім бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына тапсырма береді. Әр жұп/топ бұл кестеге екі-үш пікірін ұсынады.

 
Келісемін / ия

 
Келіспеймін/жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет