50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет14/46
Дата07.04.2017
өлшемі6,98 Mb.
#11245
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46

Бірінші  топқа  түзету  мектептерінің  дене  бітімдері  дамыған  қозғалыс 

қабілеттері  ортадан  жоғары  нәтиже  көрсеткен  оқушылар,  жалпы  мектептің 

оқушыларының ішінде жақсы көрсеткіштер деңгейінде болады.  

Екінші топқа ортадан жоғары көрсеткіштері бар дене бітімдері дамыған 

және  қозғалыс  қызметі  ортадан  жоғары  арнайы  түзету  мектептерінің 

олигофрен  балалары  және  жалпы  мектеп  оқушыларының  орташа  көрсеткіш 

нәтижелері бар балалар.  



Үшінші  топты  интеллект  бұзылыстары  бар,  екінші  топ  сияқты  өсу 

көрсеткіштері де кеуде тұсы көлемі мен салмақ көрсеткіштері жоғары немесе 

осы  көрсеткіштердің  бірі  жеткілікті  шамада  жоғары  (үйлесiмсiздiк),  ал 

жаттығу  орындауының  көрсеткіштері  жалпы  мектеп  оқушыларының 

көрсеткіштерінің орташа деңгейінде болатын балалар құрайды.  

Төртінші  топқа  (физикалық  дамуы  орташа)  дәл  сондай  өсу 

көрсеткіштерде  кеуде  тұсы  көлемі  мен  салмағы  аз  оқушыларды  жатқызады. 

Ұзындыққа  орнынан  екі  аяқпен  итеріп  секіруді  орындау  көрсеткіштері, 

қалыпты  оқушылардың  орташа  және  орташадан  төмен  нәтижелерімен 

теңеледі.  

Бесінші  топ  –  дене  бітімінің  даму  көрсеткіштері  орташадан  төмен,  ал 

жаттығуларды  орындау  нәтижелері,  жалпы  мектеп  оқушыларының 

нәтижелеріне  теңеле  алмайтын  оқушылар.  Интеллект  бұзылыстары  бар 

балалар ұзындыққа орнынан секіруді орындап, екпiннен секіруді орындамауы 

мүмкін, сақинаға допты лақтырып, мақсатты лақтыруды орындамауы мүмкін.  

Алтыншы  топты  нашар  дене  дамуы  бар  балалар  құрайды.  Мұндай 

балаларда  өсу  көрсеткіштері  әртүрлі,  қолдар  күшінің  нәтижелері  төмен. 

Оларда  бірге  болатын  соматикалық  аурулар  көп.  Олардың  ұзындыққа 

орнынан  екі  аяқпен  итеріп  секіру  нәтижелері  таза  жеке  тұлғалық  сипатта 

болады және ешқандай да нормативтарға сәйкес келмейдi. 

Дене  шынықтыру  сабағында  оқушылардың  жемісті  жұмыстары  үшін 

әрбіреуін  барынша  жұмыспен  қамту,  тапсырмалардың  жүктілігін  саралау, 

оқушылардың сабақтағы жағдайын бақылау, уақытында көмек көрсету және 

сақтандырумен  қамтамасыз  ету,  тәртіпті  қадағалау  және  оқушыларды 

ұйымдастыру  барысында  адекватты  әдістерді  қолдану.  Сабақ  қатаң  кесте 

бойынша  басталады  да,  дәл  қоңырау  кезінде  аяқталады.  Балалар  шаршамау 

үшін жеткілікті мөлшердегі ойындар мен жаттығулар болуы керек.  

Оқушылардың  арнайы  мектептердегі  талаптарының  қажетті  тәртіптің 

ережелерінің  ұғынуына  және  сабаққа  деген  ынта  –  ықласпен  баратынына 

сенуге болмайды. Балаларды барлығына үйрету қажет, әсіресе, 0-1-3-сынып- 

тарда: уақытында киіну, киімдерді дұрыс жинау, қатармен оқу орнына ауысу, 

сабақ  жабдықтары  мен  мүліктерін  жинастыру,  мәлімдеме  тапсыруға  үйрету, 

бұйрықты орындау, өз-өзіне бұйрық беру.  

Қазіргі  кезде  арнайы  мектептің  педагогикалық  ұжымының  алдыңда  ең 

басты мәселе, түлектерді қоғамға бейімдеу мен интеграциялау тұр.  



123 

 

Бейімделу дегенде, бейімделу жағдайларын жасап, әрбір индивидиумнің 



дербес, әрі қиналмай икемделу мүмкіндігі.  

Көп  жағдайларда  интеллект  бұзылыстары  қозғалыс  саласының 

бұзылыстарымен  қатар  келеді.  Сондықтан  бұл  бұзылыстарды  түзету 

мақсатымен дене тәрбиесінің адекватты құралдары мен тәсілдері таңдалады, 

яғни әлеуметтендірудің қажетті шарты. 

Бейімделгіш дене тәрбиесінің негізгі үш бағытын ерекшелеуге болады: 

Бейімделгіш  физикалық  тәрбие  мен  білім.  Физикалық  жаттығуларды 

арнайы  іс  –  әрекетте,  сонымен  қатар  еңбектік  жүйелер  ретінде  қолдануын 

көздейді.  Яғни,  интеллектісі  бұзылған  жасөспірімдерді,  әсіресе  жетім 

балаларды  дербес  өмірге  қосылуы;  баланың  қозғалыстық  дағдыларды 

меңгеруі;  оларда  ұйымдастырушылық  икемділік  пен  дағдыларды  дамыту 

және  ойындар  мен  физикалық  жаттығулар  сабақтарына  жағымды 

қатынастарды тәрбиелеу. 

Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушыларда  бейімделгіш  дене 

тәрбиесі дене шынықтыру сабақтарында, сонымен қатар сыныптан тыс және 

мектептен  тыс  жұмыстарда  дамуын  және  белсеңді  қозғалуына  белсенді 

мүмкіндіктер  туғызады,  сондықтан  қоршаған  адамдармен  қарым-қатынас 

жасау қабілетін дамытады. 

Бейімделгіш  спортты  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалардың 

түзету  оқыту  жүйесінде  сайыстарға  қатысуы  және  оларға  дайындалуы 

ретінде  емес,  ал  реабилитациялық  –  сауықтыру  және  түзету-дамытушылық 

іс-шаралар ретінде қарастыру. 

Спорттық  сабақтарды  ұйымдастыру  кезінде  мүгедек  –  спортшылардың 

әрқайсысының нақты мүмкіндіктері ескерілуі қажет. 

Арнайы  олимпиаданың  басты  девизі  –  «Қатысу,  қатысқандықтан 

қуаныш».  Мықты  спортшылар  (8  жастан  үлкен)  іріктеуден  өткен  команда- 

лардың мүшесі бола алады (гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, 

ойындар  –  баскетбол,  волейбол,  хоккей  және  т.б.)  және  өзінің  категориясы 

бойынша  параолимпиядалық  ойындарда  (ақыл-ой  кемістігінің  жеңіл  түрі-

дебил – 50–60) немесе арнайы олимпиядаларда (ақыл-ой кемістігінің орташа 

дәрежесі-имбецил – 35–49) көрсете алады. 

Арнайы  түзету  оқыту  жүйесінде  физикалық  реабилитация  емдік-

сауықтыру  және  қайта  қалпына  келтіру  сипаттағы  бағыты  ретінде  кең 

қолданысқа ие болды. 

Физикалық  реабилитация  емдік  фактордың  рөлін  атқарады  және 

ауруларды ескертіп өткізіледі. 

Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалардың  қозғалыс  саласында 

екіншілік  бұзылыс  ретінде  физикалық  даму  бұзылыстары  болады.  Сонымен 

қатар,  оқушылар  шеберханада  жұмыс  кезінде  немесе  дене  тәрбиесі 

сабақтарында жарақат алулары мүмкін. 

Физикалық  реабилитация  бұзылған  функцияларды  қалпына  келтіруге 

көмектеседі.  



124 

 

Арнайы  (түзету)  мектепте  оқытуда  оқушылардың  ерекшеліктері  ғана 



емес,  олардың  мүмкіншіліктерін  іске  асырып  есепке  алынады.  Әрбір  ақыл-

ойы  кем  жасөспірім  –  өзінің  оқуымен,  қимыл  мүмкіншілігімен,  мінезімен, 

қылықпен көрінетін ерекше тұлға. 

 

Әдебиет 

1. Специальная  педагогика:  Уч.  пос.  для  студентов  высш.  пед.  заведений  /  Под  ред. 

Н.М. Назаровой. – М. 

2. Обучение  детей  с  нарушениями  интеллектульного  развития  /  Под  ред.  Б.П. Пуза- 

нова. – Москва, 2001. 

3. Воспитание и обучение во вспомогательной школе /  Под  ред.  В.В. Воронковой.  – 

М., 1994. 

4. Положение  о  специальных  общеобразовательных  школах-интернатах  (школах, 

классах)  для  детей  с  недостатками  в  физическом  и  умственном  развитии.  //  Дефектоло-

гия. – 1991. – №1. – С. 3. 

 

 



ОҚУШЫНЫҢ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАДА ОҚЫТУДЫҢ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 

 

Б.С. Найманбаева 



ПМПИ, Павлодар қаласы 

 

Тіршілік  әлеміндегі  ең  жоғарғы  ақыл  иесі  –  адам.  Адамзат  дене  және 



жандег  аталатын  екі  бөлімнен  тұрады,  тәрбие  дегеніміз  –  сол  жан  иесінің 

дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. 

Ал  тәрбиенің  аса  маңызды  құрамы  –  өнер.  Оның  ішінде  өте  кең,  сан 

қырлы ұғымды қамтитын – музыка өнері. 

Музыка – адам жанын жарқындататын өнер. Адамзаттың рухани азығы, 

жан  серігі  және  тілмен  айтып  жеткізе  алмайтын  ұшқыр  қиялы,  нәзік  сезімі. 

Ол өзінің көркемдігі және нәзіктілігімен адам жанын баурап, олардың ақыл – 

ой,  сана  –  сезімінің  кеңейіп,  жақсы  мінез  –  құлықтарының  қалыптасуына 

әсерін  тигізеді.  Сондықтан  музыка  адам  баласына  қатты  әсер  етеді.  Бірақ 

ойланған  әуенді  сөзбен  жеткізу  мүмкін  емес,  оны  тек  музыканы  жан  – 

дүниесімен  түсінетін  адам  ғана  әуен  ырғағымен  қабылдайды.  Өйткені, 

«Музыка  –  жүрек  тілі»,  яғни  сезім,  қобалжу,  көңіл  –  күйдің  тілі  деп  ұққан 

жөн. 

Музыка  –  шынайы  өнер,  адамға  әсер  етіп,  құдіретті  эмоциялық  орасан 



зор  күш  арқылы  эстетикалық  талғамын  оятады,  жеке  тұлғаның  ақыл  –  ойы 

мен  дене  бітімін  жетілдіреді  әрі  жан  –  жақты  өмір  тәжірибесін  кеңейтуге, 

біліктілігі  мен  ойлау  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  іскерлікке 

тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. 

Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы адамның ой – 

өрісін,  сезімін,  санасын,  қиялын,  талғамын  жалпы  өнерге  деген 

сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытады. 


125 

 

Сонымен,  мектептегі  музыкалық  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың 



негізгі түрі – музыка сабағы. 

Музыка тәрбиесі әдістемесі, педагогика ғылымының бір саласы ретінде 

оның 

заңдылықтарына, 



дидактикалық 

принциптеріне 

сүйенеді. 

Дидактиканың  негізгі  мәселелері  –  оқыту  процесінің  заңдылығын  ашу, 

білімнің  мазмұнын  анықтау,  оқытудың  барынша  тиімді  әдіс  –  тәсілдері  мен 

ұйымдастыру  түрлерін  тәрбиелеу  міндеттерінің  оқыту  процесінде  қалай 

шешілетіндігін көрсету. 

Музыка  мұғалімінің  балаларға  тәлім  –  тәрбие  беруі,  ең  алдымен,  оның 

арнайы музыкалық және жан – жақты педагогикалық тұрғыдан терең білімді 

болуын талап етеді. Музыка мұғалімінің білімі, сонымен қатар оның рухани 

ішкі  дүниесі  қазіргі  адамзат  озық  мәдениетінің  дәрежесінде  болуы  керек. 

Білімді  болмай,  мәдениетті  болу  мүмкін  емес,  ал  керісінше,  мәдениетті 

музыка мұғалімі білімсіз болса, өмірде болып жатқан талай құбылыстар мен 

өзгерістерді  терең  түсінбейді,  ондай  адам  мәдениеттің  тек  қана  сыртқы 

көрінісін меңгеріп, үнемі ішкі мазмұнынан тысқары қалып отырады. 

Музыка пәні мұғалімінің қызметі негізінен әлуметтік мәнге ие. Өйткені 

оның  әрекеті  оқушы  тұлғасын  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға  музыка 

өнері  арқылы  тәрбиелеп,  баланың  шығармашылық  мүмкіншілігін  барынша 

ашуға бағытталған.  

Болашақ педагог – музыкант тұлғасының маңызды кәсіби қасиеттерінің 

педагогикалық  тәжірибеде  қалыптасатындығын  ғалымдар,  әдіскерлер, 

мұғалім – практиктердің зертеулері көрсетіп отыр. 

Музыка  мұғалімі  –  музыкантқа  да,  педагогке  да  ең  қажетті  тұлғалық 

қасиеттерді, кәсіби шеберлікті талап ететін қиын да әрқырлы мамандық иесі. 

Мұғалім  қашанда  білім  беруден  жалықпайтын,  шығармашылығы  мол, 

еңбекқор,  әрі  парасатты  адам  болғаны  жөн.  Өйткені,  өз  ісіне  берілген, 

жаңалыққа  құмар,  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата  отырып 

шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы 

деуге  болады.  Сондықтан  мұғалім  шығармашылық  ізденіспен  жұмыс  істеп, 

әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамытып, дарындылығы 

анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат 

етіп қалыптастыруға жағдайлар жасап, олармен жүйелі жұмыс істеуі керек. 

Ал шығармашыл мұғалім – өзінің кәсіби шеберлігін арттырумен тұрақты 

айналысатын,  тәжірибе  жасаудан  жасқанбайтын,  сол  мақсатта  өзінің  ішкі 

күштерін  жұмылдыра  білетін,  ойы  оралымды,  қиын  педагогикалық 

мәселелерді  өзгеше,  ерекше  тапқырлықпен  шеше  алатын  маман  деген 

сипаттамаға лайық деп есептейміз. 

Мұғалімнің мәртебесін көтеретін басты күш  – оның кәсіби құзырлығы. 

Кәсіби  құзырлық  маманның  әлуметтегі  қабылданған  стандарттар  мен 

нормаларға  сәйкес  өзінің  кәсіби  –  педагогикалық  қызметін  атқаруға 

дайындығы  мен  қабілетін  анықтайтын  кәсіби  білімдер  мен  дағдылар 

жиынтығы немесе жекелік – кәсіби сипаттама. Кәсіби құзырлық – мұғалімнің 

педагогикалық  әрекетті  өте  жоғары  деңгейде  атқара  алуы,  педагогикалық 


126 

 

қарым  –  қатынасқа  түсе  алуы  нәтижесінде  оқушылардың  білімділік  және 



тәрбиелік  деңгейінің  жоғары  болуын  қамтамассыз  етуі.  Білімнің  сапасын 

қамтамасыз  ететін  мұғалімдер  болғандықтан,  ең  алдымен  олар  сапалы 

қызмет көрсетуі тиіс. Оқушыларға «Нені үйрету қажет?» екенін мемлекеттік 

стандарттар  мен  оқу  бағдарламалары  белгілейді.  Ал  «Қалай  үйрету  керек?» 

деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, 

өзінің  нақты  мақсаттарын  болжай,  көре  алуынан,  баланың  әрекетін 

ұйымдастыра алу шеберлігінен іздеу қажет. Баланың «индивидтігін» ескеріп, 

«даралығын»  дәріптеп,  «субъектілігіне»  сүйену  арқылы  ғана  оның  толық- 

қанды дамуына жол ашуға болады. Осы орайда Ұстаздың кәсіби шеберлігінің 

негізі,  біріншіден,  мұғалімнің  өмірге  көзқарасы,  оның  идеялық  нанымы. 



Екіншіден,  пәнді  жетік  білуі,  ойын  оқушыларға  толық  жеткізу  үшін  жан  – 

жақты  қасиеттерді  сіңіруі,  моралдық  нормаларды  білуі.  Үшіншіден,  оқыту 

мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Педагог көп 

біліп  қана  қоймай,  сол  білгендерін  оқушыға  бере  білуі  қажет.  Ұстаз 

шеберлігінің  төртінші  құрамды  бөлігі  педагогикалық  әдеп  деуге  болады. 

Сонымен педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан – жақты 

және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, 

олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. 

Оқушыларды 

аспаптық 

музыка 

негізінде 



оқытудың 

өзіндік 


ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері  бар.  Музыка  пәнінің  деңгейін  көтеру, 

аспаптық  музыка  негізінде  білім  беру  ісін  жетілдіру,  оның  тиімділігін 

арттыру қажеттігі туып отыр. 

Халықтың  музыкалық  мұрасын  жинап-теріп,  оны  зерттеу  жолында 

артына  ұмтылмас  із  қалдырған  А.В. Затевич,  академик  А.Қ. Жұбанов,  өнер 

зеттеушілері  Б.Г. Ерзакович,  П.И. Аравин,  Б.Ш. Сарыбаев  сынды  ғалым- 

дардың  ұлан-ғайыр  еңбектері  халқымыздың  игілігіне  жарап,  ұрпақтан-

ұрпаққа  тарап  жатыр.  Білім  берудің  бұл  жағын,  әсіресе  төменгі  сынып 

оқушылары  әлдеқайда  айқын  сезінеді.  Бұл  міндет  педагогикалық 

міндеттермен  қатар,  окушылардың  аспаптық  музыкаға  деген  саналы 

көзқарасын қалыптастыра отырып жүзеге асырылады. 

Ал  өскелең  ұрпаққа  аспаптық  музыканың  тәрбиелік  сипатын  саралау 

орасан зор роль атқаратыны белгілі. Қазақстанда аспаптық музыканың дамуы 

халықтың  көп  ғасырлық  тарихымен,  оның  тұрмыс-салтымен,  мәдениетімен 

тығыз ұштасқан. Мәселен, бір ғана қазақ халқының ұлттық аспаптары халық 

бұқарасының  рухани  творчествосының  бағалы  нәтижесі  болып  табылады. 

Сонымен  қатар,  интернационалдық  аспаптық  музыканың  тәрбиедегі  қазіргі 

кезде  әрбір  халықтың  мәдени  және  рухани  мұрасына  дұрыс  көзқарасты 

қалыптастыру, оларды пайдалану жолдарын іздестіру ерекше мәнге ие болып 

отыр. 


Жеткіншек  ұрпаққа  аспаптық  музыка  арқылы  тәрбие  беру  мәселесі 

бойынша  материалдар  да  бүгінгі  мектептердің  практикалық  тәжірибесінде 

бар  болғанына  қарамастан,  бұл  проблеманың  көптеген  аспектілері 

Қазақстанда әлі де зерттелмегені құпия емес. 



127 

 

Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей  аспаптық  музыкаға  окушылардың 



қызығушылығын  қарастыра  отырып,  оның  эстетикалық  тәрбиесіне,  ұлттық 

ерекшеліктеріне,  шығу  тарихына  және  сол  аспаптарды  қолдана  отырып, 

ұлттық ойлау және болмысын қалыптастыруына негіз болып отыр. 

Музыка  –  адам  сезімінің  нәзік  тілі,  яғни  адамдардың  бір-бірімен 

эстетикалық  байланыс,  қатынас  құралы  десек,  ендеше  өскелең  ұрпаққа 

тәрбие  беруде  музыканың  атқаратын  ролі  аса  зор.  Ендеше  бастауыш  сынып 

оқушыларына  музыка  сабағында  музыкалық  эстетикалық  тәрбиесін 

жандандырып, жағымсыз касиеттерінің өршуіне тосқауыл бола алатын халық 

педагогикасына  негізделген  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  ширығы  түскені  абзал. 

Ол  үшін  тәрбиелік  мүмкіндіктері  мол  халық  өнерімен  қатар,  музыканың 

оқушыға әсер ететін балалар композиторларының әндерімен бірге музыкалық 

аспаппен  ойналған  күйлердің  таным  мен  сезіміне  берер  әсері  мол.  Белгілі 

ғалым-зерттеуші  А.В. Затаевич  «Казақ  халқы  әлемдегі  ең  бай  халық  болып 

есептелуі  тиіс,  оның  халық  әндерінің  мазмұны  мен  ой  тереңдігі,  әуен 

әсемдігі,  сымбатты  түр-сипаты  үлкен  интелектуалдығымен,  дарындылығы- 

мен байқатады деген»

 

болатын. Ал «күй» композитордың ішкі жан сырының 



айнасы  десек,  оның  «күй»  деген  атының  өзінде  үлкен  қуат,  шабыт  құдіреті 

жатады.  Сол  үшін  де  шақ  күйшіні  айрықша  қадірлеп,  есімдерін  ерекше 

құрметпен атаған. Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттан бастап, өмірдің 

қыры  мен  сырын  күй  тілімен  халық  композиторларының  есімдері  мен 

мұралары күй құдіреттілігінің айқын көрінісі. 

Сонымен,  музыкада  халық  дәстүрі,  елдің  тарихы,  шежіресі, 

дидактикамен  терең  үндескен  философиялық  ой-толғаныстары,  жүрек 

тебірентер  ғажайып  сырлы  сазы  жатыр.  Бастауыш  сынып  оқушыларына, 

алғаш  мектеп  табалдырығын  аттағаннан  бастап  музыка  сабағының 

маңыздылығын,  жалпы  музыканың  ұғым-түсінігін  қалыптастыра  отырып, 

мектептегі музыкалық тәрбиедегі оқытудың жалпы принциптері басшылыққа 

алынады.  Ол  оқушылардың  танымдық  қызметімен  және  оқыту  мақсатының 

заңдылықтарымен тығыз байланысты. 

Оқыту  –  тәрбие  мен  дамудың  бірлігі.  Педагогикада  оқытуды  даму  мен 

тәрбиені  бір-бірінен  бөліп-жармай,  бірге  қарастырады.  Оқытудың  барлық 

жүйелері,  принциптері,  мазмұны,  әдістері,  ұйымдастыру  тәсілдерінің  бәрі 

алдымен балаға тәрбие беруді көздейді. 

Музыканы оқытудың тиімділік ұстанымы музыка сабағында бір ғана 

принципті бөліп алып, сол принцип бойынша сабақ өткізу мүмкін емес. 



Тиімді оқыту – оқыту процесін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы 

жүргізу  болып  табылады.  Бұл  принцип  бір  сарынмен,  үнемі  бір  үлгімен 

оқытуға,  оқушыларға  шектен  тыс  күш  түсіруге,  оқу  материалын  тез 

қарқынмен  үстірт  өтуге  қарсы.  Нақтылап  айтқанда,  музыка  сабағында 

тиімділік приципін қолдану төмендегідей сәттерден тұрады: 

– жиынтықты (нақтылық музыканы талдап, таңдап, тыңдамастан бұрын, 

өтілетін тақырыпқа байланысты мақсат қою); 


128 

 

– генеразация  (музыканың  кейбір  көркемдік  құралдарын  жеке-жеке 



бөліп алып, соған назар аударып, бақылау); 

– пәнаралық  байланыс  (музыкада  бақылағанын,  басқа  пәндер  мен 

музыканың арасындағы сабақтастықты тауып оны талдау); 

– оқушының  қызметін  салыстырмалы  бағалау  негізінде  басты  мәселеге 

бағыттау; 

– оқытудағы  дифференциация  (жіктеу)  және  индивидуализация 

(музыканы тыңдап, талдау барысында қабілеті төмен, музыкалық сөздік қоры 

шектеулі немесе ән әуенін бұзып айтатын оқушымен жасалатын жұмыстар); 

– шешімді дұрыс табуға қажетті жағдай жасау

– басқару  мен  оқушының  өзін-өзі  басқару  арасындағы  тиімді  бірлік 

(оқушының жауабын мұғалімнің іскерлікпен дұрыс бағыттап отыруы); 

– жағдайды  шұғыл  реттеу  және  өңдеу,  белгілі  бір  мәселені 

қорытындылау музыка сабағының әр бөлігінде болып отырады. Ал, сабақтың 

соңында  –  жалпы  қорытындылау.  Бұл  кезде  материалды  оқушылардың 

қаншалықты дәрежеде меңгергеніне көз жеткізе отырып бағалаймыз. 

Ғылымилық  ұстанымына  сүйеніп  оқыту  –  берілген  пәнді  ұғымдар, 

нақты  дәлелдемелер  мен  заңдылықтар  негізінде  оқыту  болып  табылады. 

Музыкалық  білім  беру  барысында  –  оқушының  психикалық  даму  деңгейіне 

қарай,  оның  физиологиялық  мүмкіндігі.  Ол  мүмкіндіктің  деңгейі  ескеріле 

отырып, өтілетін шығармаларды талдау жолдары біртіндеп күрделене түседі. 

Алдымен  шығармашылық  жанрлық  интонациялық  ерекшелігі,  музыканың 

дамуы, құрылым типтері болып тереңдей береді. 

Сабақтың  жүйелі  өтілу  ұстанымы  Жүйелілік  пәннің  тақырыптық 

құрылымынан  көрінеді.  Бір-бірімен  тығыз  байланыста  өтілген  тақырыптар 

бала  білімінің  жүйелілігін  қамтамасыз  етеді.  Бағдарламаның  мұндай 

құрылымы  материалдарды  оқушының  терең  меңгеруіне  жол  ашады.  Бұл 

арқылы жеке музыкалық аспаптың немесе шығарманың, композитордың атын 

есте  сақтап  қалу  емес.  Оқушының  берілген  музыкалық  шығарманы  терең 

сезімі мен тақырыпты жете түсініп меңгеруіне қол жеткізу. 

Білімнің  берік  болу  ұстанымы.  Сабақта  өтілетін  материалдар 

жоғарыда қарастырылған принциптер негізінде түсіндірілсе ғана, білім берік 

болады,  есте  сақталады.  Бұл  принцип  бойынша,  ең  алдымен  өтілген 

музыкалық  материалдардың  есте  сақталуы  қарастырылады.  Оқушы  сабақта 

музыканы  жай  тыңдап,  талдаумен  ғана  шектелмей,  белгілі  бір  қимылдар 

жасаса,  сол  музыкамен  ойындар  ойнаса,  күрделі  музыкадан  үзінді  әуенді 

дауыспен  орындаса,  өз  шама-шарқынша  музыка  мазмұнына  байланысты 

суреттер  салса,  жеңіл  әндерді  өздері  әртүрлі  музыкалық  аспаптармен 

орындаса,  өз  шама-шарқынша  музыка  мазмұнына  байланысты  суреттер 

салса,  жеңіл  әндерді  өздері  әр  түрлі  музыкалық  аспаптармен  орындаса, 

мұндай  сәттерде  меңгерілетін  музыканың  әсері  мол.  Демек,  оқушы  жан-

жақты таныған музыка есте ұзақ сақталады. 



Эмоциялық  пен  саналықтың  өзара  байланысы.  Музыка  сабағында 

эмоционалдық  жағдай  тудыру  музыканы  саналы  қабылдауға  жол  ашатын 



129 

 

сәттердің бірі. Оқушыдағы музыка әсерінен пайда болған сезім шығарманың 



тілін, кейде жете қабылдай бермейтін тұстарын түсінуге көмектеседі. 

Эмоциялық  ықылас  бала  бойындағы  ынтаны  зейінге  бағыттайды. 

Оқушыларды  эмоциялық  танымдық  іс-әрекет  музыкалық  шығармаларды 

педагогикалық  мақсатқа  сай  меңгерту,  түсіндіру  барысында  көрінеді. 

Музыканың адамға әсері де, әрбір адамның ойлауы мен сезіміне байланысты. 

Басқаша айтсақ, музыканы қабылдау, ойлау мен сезім арқылы жүзеге асады. 

Олай болса, әр адамның жалпы сезіну мүмкіндігі мен ойлау қабілеті әр түрлі. 

Әсіресе  сезіне  тыңдаған  оқушы  музыкалық  көркемдік  құралдарын 

ажырата отырып, оның музыка мазмұнын жасаудағы ролін түсінеді. 

 

Әдебиет 

1. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана: Күлтегін баспасы, 2002. – 69-73 б. 

2. Жұбанов А. Өскен өркен. – Алматы: Ғылым баспасы, 1985. – 116 б. 

3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 150-157 б. 

4. Мұхамбетова Ә. Қазақ күйі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 23-26 б. 

5. Өтеғалиева  С.  Көшпенді  халықтардың  музыкалық  аспаптар  қоры.  –  Алматы: 

Ғылым, 1995. 

6. Сарыбаев Б. Қазақтың халық аспаптары. – Алматы: Өнер, 1978. – 54-58 б. 

7. Ильжанова  Х.  Қазақтың  ұлттық  өнері.  //  «Музыка  әлемінде»  –  ғылыми-

әдістемелік, педагогикалық журнал. – 2007. – №5–6. – 23–25 б. 

8. Қыдырбаева  М.  Музыка  сабағында  оқушылардың  шығармашылығын  дамыту 

жолдары.  //  «Музыка  әлемінде»  –  ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық  журнал.  –  2006.  – 

№3. – 17–19 б. 

9. Карин  С.  Күй  аңыздарының  құрылымы  //  «Музыка  әлемінде»  –  ғылыми-

әдістемелік, педагогикалық журнал. – 2006. – №3. – 19-21 б. 

10. Қазақ  музыкасы  және  музыкалық  педагогика  мәселелері.  Ғылыми  мақалалар 

жинағы. – Алматы, 2006. – 73-74 б. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет