Әдебиет
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
2. «Алаш айнасы» басылымынан, 2011 жыл.
3. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Шағын мектеп». 2008
жыл. «Біріктіріліп оқытатын сыныптардағы озық іс-тәжірибемен алмасу»
4. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Шағын мектеп». 2008
жыл. «Подготовка кадров для малокомплектной школы»
5. Астамбаева Ж.Қ., Уәйісова Г.И. «Шағын жинақты бастауыш мектептегі
педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы.
44
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ (КОМПЛЕКТІЛІ) АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ
МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
(ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ә.Қ. Елемесов
ПМПИ, Павлодар қаласы
«Ауыл – алтын бесік» демекші, ауылдарымыздағы қордаланып келе
жатқан мәселелердің бірі – шағын комплектілі мектептердегі білім беру және
қаржыландыру мәселесі. Көптеген ауылдарымызда ШКМ бүгінгі күні білім
беру орталығымен қатар ауылдың мәдени, көпшілік шаралар өткізілетін орта
қызметтерін атқарып келеді. Алдағы уақытта ШКМ-ң біртіндеп қысқар-
тылатын жағдайлар туындаса, мектептерге қарап отырған ауылдардың да
ертеңі алысқа бармайды. 1994-97 жылдар аралығында білім беру жүйесін
қайта құру тұрғысында елімізде 792 мектеп жабылған болатын [1, 14-б.].
Соның салдарынан ауылдан қалаға көшіп жатқан халықтың жағдайын одан
әрі қиындатып жіберген болатын.
ШКМ мәселесіне барынша көңіл бөлмесек, мемлекетімізде 2002-2005
жылдары «Ауыл» бағдарламасы, 2009 жылдан бері «Дипломмен – ауылға»
бағдарламасы, мал шаруашылығын өркендету, халықты еңбекпен
қаматамасыз ету секілді қаншама бағдарламарды өз қолымызбен ысырып
қойғандай боламыз. Еліміздің жартысына жуық халқы ауылдық жерде өмір
сүрсе, географиялық еңбек бөлінісінде халқымыздың маманданған басты
салаларының бірі, ата кәсібіміз мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы
екені баршамызға аян. Сондықтан ауылдық тұрғындарға сапалы, тиімді білім
беру жолдарын іздестіру мемлекет қызметкерлерімен қатар педагог
мамандардың да негізгі міндеттеріне жатады.
Білім беру – ұзақ мерізімді «Қазақстан – 2030» стратегиясының басым
бағыттарының бірі. Президентімізбен Қазақстанның бәсекеге қабілетті
50 елдің қатарына ену мақсаты қойылып отыр. Халықаралық тәжірибе
көрсеткендей, адам капиталына инвестиция құю, оның ішінде жас
жеткіншектердің ерте жастан есейген шағына дейін білімін жетілдіруге көңіл
бөлу, қоғам мен экономиканың келешекте өз пайдасын әкелетіндігін сөзсіз
көрсетіп отыр. Мысалға, 130 млн. жуық халқы бар, бірақ қазба байлығы
жоқтың қасы Жапон елі сапалы, сауатты адам капиталының арқасында
әлемде дамыған елдердің алдыңғы қатарында жүргені баршамызға белгілі.
Қазір статистикалық мәліметтерге қарағанда республикамыз бойынша
4221 ШКМ білім ордасы бар. Бұл жалпы мектептер санының 56%
құрайды», – деп атап өтті А. Әбілқасымова. [2].
Мектеп жасындағы балалардың үлесінің азаюы, ауыл халқының
қалаларға қоныс аударуы, елімізде байқалып жатқан жалпы миграциялық
үрдістер еліміз бойынша шағын комплектілі мектептердің біртіндеп көбеюіне
әкеліп отыр.
45
Ал, шағын комплектілі мектептердің өзіндік басты мәселелеріне –
қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы, арнайы ғылыми-
әдістемелік кешендердің болмауы, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға
мүмкіндік жоқтығы, әмбебап кәсіби педогогикалық мамандардың
жетіспеушілігі мен материалдық-техникалық базаның нашарлығы. Ауылдық
жерлердегі мектептердің жартысы күрделі жөндеуді қажет етеді немесе жаңа
ғимарат қажеттілігі байқалады. Сондай-ақ олардың көбінде асхана,
медициналық кабинет, спорт залдар мен оқушыларды тасымалдау жағы ақсап
жатыр. Интерактивті құралдармен жабдықталу деңгейі, мультимедиалық
кабинеттер мен кең жолақты интернетпен қамсыздандыру жағы да сын
көтермейді [3].
Шағын жинақты мектеп деп – білім алушылар контингенті шағын,
сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың
өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп деп, ҚР Білім туралы
заңының 1-бабында беліленген [4].
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың «2011–2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамыту
мемлекеттік бағдарламасы» бойынша орта білім беру саласының басты
басымдылығы ретінде шағын комплектілі мектептердің мәселесін шешу
қажеттігі анық көрсетілген. Шағын комплектілі мектептердің ннфра-
құрылымдық жағы мен материалдық-техникалық базасын жақсарту, білім
беру үрдісін оқу-әдістемелік кешендермен жабдықтау, мұғалімнің мәртебесін
көтеру мәселесі де қарастырылған [5].
Білім беру саясатын талдау орталығы «Білім – Орталық Азия»
директоры Сауле Қаликованың пікірінше, еліміздің кең-байтақ жеріндегі
халық тығыздығы 1 км
2
5-6 адамнан келетіндіктен, бізде осындай мектептер-
дің қалыптасуына алып келгендігін атайды. Бірақ мұндай жер аумағы үлкен
елдер қатарына Ресей, Австралия мен Канада және т.б. елдер бар. Ресейде
ШКМ мәселесі Қазақстандағыдай шешілмеген тұстары жеткілікті.
Әр елде мұндай мектептердің өз бағыты, тәжірибесі және саясаты
болады. Мысалға, француздар 1-сыныбы бар ауыл мектептерін «республика
идеалы» деп атайды. Норвегияда ШКМ жартысы біріктірілген сыныптар
жүйесінде жұмыс жасайды. Халқы әркелкі орналасқан Австралия білім
беруде радионы қолдану басты бағытқа қойған. Аляскада – теледидардың
маңызы жоғары. Әлем бойынша ШКМ ұтымды тәжірибесі бар мемлекеттерге
көз жүгіртсек алдымен білім беруде көптеген жылдары сапасы жағынан көзге
түскен – Финляндияны атауға болады. Мұнда ауыл мектептерін сақтап қалу
үшін «Ауыл қозғалысы» атты ұйым құрылып, жұмыс жасауда. Финляндия-
ның байырғы тұрғындары саамолар өмір сүріп жатқан Лапландия (солтүстік
аймағы) өңірінде ШКМ көп таралған. Тиісінше олардың мәселесін
Лапландия үкіметі ШКМ-ге аса көңіл бөліп, саамолардың тілі мен
мәдениетінің жоғалып кетпеуіне шаралар қолданады. Мысалға, балаларды
мектепке жүздеген километрге тасымалдау да кездеседі. Ресейдегідей немесе
Қазақстандағыдай интернаттар жоқ. Балаларды тасымалдау үшін арнайы
46
таксилерге шығынды муниципалитет өз мойнына алған. Аймақтағы халық
тығыздығы шағын, бұғы өсіруге маманданған аймақтардың бірі.
Сонымен қатар территориясы үлкен АҚШ-ң ШКМ-гі білім беру жүйесі
де үлкен қызығушылықтар тудырады. Қазақстан территориясы мен халқының
орналасуы жағынан АҚШ-пен ұқсас болғанымен, білім беруді ұйымдастыру
жүйесінде бірқатар өзгешеліктер бар. АҚШ қазіргі таңда кішкентай
мектептердің өзін сақтап қалуға шаралар қолданады. Егер аймақта өте аз
оқушы қалса, онда бір бөлмелі мектептер ашады. АҚШ-та мұндай жағдайда
әр оқушы жеке бағдарлама бойынша білім алады. Мұндай мектептердің
басты ерекшелігі – мұғалімдерге материалдық сыйлық жасау. Ауылдық ШКМ
мұғалімдердің еңбекақысы екі есе жоғары. Сонымен қатар АҚШ үлкен
мектептерді кіші мектептерге көшіру шараларын жүргізііп жатыр, соның
арқасында жеткіншектердің агрессия толқындарын азайтуды көздейді [6].
Қазақстанда ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2007–2008
оқу жылы 7958 жалпы білім беру мектебінің 76,5% ауылдық мектептер
болған. Елімізде жалпы 2,6 млн. мектеп оқушылары болса, шағын
комплектілі мектептерде оқитын оқушылардың саны 423,5 мың немесе 16%.
Шағын комплектілі мектептерде барлық мұғалімдердің 25,4% жұмыс істейді.
ШКМ 70-86% дейінгі максимальды үлестері Солтүстік Қазақстан (86,6%),
Ақмола (80%), Қостанай (76,1%), Павлодар облыстарында орналасқан. ШКМ
аз өңірлерге Маңғыстау (13,3%) және Қызылорда (15,6%) облыстарын
атаймыз. [1, 25 б.].
Павлодар облысындағы 418 мектептің 318-і шағын комплектілі мектеп
немесе 76,3% құрайды. Соңғы 3 жылда оқушылар санының аздығына
байланысты 10 шақты ШКМ жабылған. ШКМ Ақтоғай (96,7%), Лебяжі
(95,7%), Май (92%), Шарбақты (92%) аудандарында үлесті қамтиды. Успен
және Железин аудандарында барлық мектептер ШКМ жатады.
Облысымызда 315 ШКМ-нің 54-і – бастауыш мектеп, 67-сі – негізгі
мектеп, 194-і – орта мектеп жұмыс жасауда.
2010 ж. облысымыздың мектеп оқушылары ішінен 26212 оқушы ШКМ-
де оқиды, жалпы облыс оқушыларының 28,7% қамтиды. Қарап отырсақ,
мектептегі әр үшінші оқушы ШКМ-де оқиды [7].
Қазақстанда ШКМ мәселесін шешуге шаралар қолданылып та жатыр.
Қазақстанда 2016 жылға дейін 160 тірек мектептер салынатын болады, қазіргі
таңда Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ШКМ үшін 26 тірек
мектеп жұмыс істеуде. Pm.kz.
Тірек мектептер дегеніміз – жақын маңдағы ШКМ-ң білім беру ресурс-
тары жинақтау арқылы білім беруді ұйымдастырудың бір түрі.
«Әр ресурстық орталыққа бірнеше ШКМ тіркелген. ШКМ оқушылары
жылына 3 рет (басында, ортасында және аяғында) он күннен тірек мектепте
білім алып, осында аралық және қорытынды бақылаудан өтеді.
Cонымен қатар ШКМ білім сапасын көтеру үшін 2011 жылы Ы. Алтын-
сарин ат. ШКМ дамытудың Республикалық Орталығы ұйымдастырылған.
14 аймақтық орталықта жұмыс істейтін педагог мамандардың біліктілігін
47
арттыру үшін, ШКМ-ң жұмыс жасаудағы Тиіптік ережелері дайындалды [8].
2011–2020 арналған білім беруді дамыту бағдарламасында 2020 жылға қарай
ШКМ негізінен бастауыш және негізгі орта білім беру үшін қызмет жасайтын
болады. ШКМ мәселесі тірек мектептер (ресурстық орталықтар),
интернаттар, тасымалдау арқылы шешілетін болады деп көрсетілген.
ШКМ-ге көңіл аударып жүрген ПМПИ-дің ректоры Н.Аршабеков білім
мазмұнын жаңартудағы инновациялық ізденістердің қандай болу керектігіне
назар аудара отырып, ауылдық шағын комплектілі мектепте жұмыс істеуге
ұмтылған жас мамандарға бағдар беру керектігін меңзейді. Сонымен қатар
ұқсас пәндер бойынша мамандандыруды батыл енгізу: математика-физика,
математика-информатика, физика-информатика, биология-химия, тарих-
география, т.б. Төртіншіден, «Шағын комплектілі мектепте білім берудің
әдістемесі мен технологиясы» пәнін тиянақтау қажеттігін атайды [9].
ШКМ мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін, Абай ат.
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ішінен Қазақстанның ШКМ
академиясы жұмыс істеп жатыр. Мұғалімдерге осында семинарлар, курстар
жүргізіліп, арнайы әдістемелік көмектер көрсетіледі.
Қорытындылай келе, ШКМ маңызы мен мәселелері белгілі бір елде
немесе аймақта көбінде демографиялық, экономикалық және саяси
жағдайларға тығыз байланысты.
Оқушылардың аз көлемде болуы аталмыш мектептерде профильді
оқытуды қиындатады. Бүгінгі таңда материалдық-техникалық база қазіргі
талаптарға сәйкес емес. Қазақстандағы 7576 жалпы білім беретін ұйымның
4288 ШКМ болып табылады. Ауылдық жерде 4131 ШКМ жұмыс жасауда.
Бұларда оқушылардың толық болмауы, кластарды біріктіру және мұғалімнің
көтеген пән түрлерін берудегі қиындықтар бар.
Қазақстанда соңғы 15 жылда ШКМ саны 2 есеге көбейді. ШКМ-де
шамамен әрбір 4 мұғалім жұмыс істесе, әрбір 6 оқушы білім алатын көрінеді
[10].
ШКМ мәселелері мен маңызы қазіргі білім беру жағдайында әр елде бір-
бірінен ерекшеленеді. Мұндай мектептерді сақтау принциптері мен білім
беру тәжірибелерінде ерекшеліктер бар болғандықтан үлкен қызығушы-
лықтар тудырады.
Мұндай білім беру ошақтарының өмір сүруіне бірден-бір фактор
ауылдағы қызмет жасаушы әлеуметтік институттар мен демографиялық
жағдайдың тұрақтылық деңгейінің үлкен қажеті бар. Өзге елдердің
тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ШКМ сақтап қалудың үлкен маңызы бар.
Сондықтан бұдан әрі ШКМ базасында неғұрлым жетілген білім беру
технологиясының концепциясын және оқыту әдістемелерін жасақтап, заман
талаптарына сай жұмыс жасап отыру қажет.
Әдебиет
1. Cельская школа: финансирование роста. Краткий отчет. – Алматы: Центр исследо-
ваний «Сандж», 2008. – 120 с.
48
2. http://www.bnews.kz/kk/news/post/63110/
3. http://articles.gazeta.kz/art.asp
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (27.07.2007, №319)
5. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы
(07.12.2010, №1118)
6. http://kop.ru/selskie-malokomplektnye-shkoly-zarubezhnyy-opyt.htm.
7. Павлодар облысының білім беру басқармасының ресми сайты http://edupvl.kz
8. http://www.pm.kz/ru/govnews/3818
9. Cарыарқа самалы // Сейсенбі, 16 тамыз, 2011 ж.
10. Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің сайты.
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ
ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
З.Н. Исабаева
Қозыкеткен мектебі, Успен ауданы, Павлодар облысы
Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, Л. Толстой,
К.Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен басталады. Қазақстанның қазақ жерінде
осындай мектептің пайда болуы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық
қызметімен тікелей байланысты, сонау XVIII ғасырдың 60-жылдарына
жатқызуға болады. Бұл ұстаз-ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі
оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруға, яғни, ауыл балаларына лайықтап оқулықтар
мен оқу құралдарын жазуға, оларға берілетін білім көлемі мен мазмұнын,
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері зор болды.
Содан бері мұндай мектептердегі оқу-тәрбие процесін жақсарту, жолға қою
мәселесі қолға алына бастады.
Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесін ұйымдастыру
мәселесі туралы қазақ тілінде жазылған ең алғашқы құралдардың бірі –
Ж. Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» атты кітабы [1, 62].
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық
саласында, соның ішінде ауылда және ауыл мектептерінде де оң өзгерістер
жасауға итермелейді. Ауылда ізгілікті өзгерістер жасауда ауыл мектебінің
рөлі ерекше. Болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие берудің іргетасын қалайтын,
қазіргі кездегі негізі болып табылатын оқушылар мен ауыл тұрғындарының
рухани адамгершілік құндылықтарын, дәстүрін, әдет-ғұрпын және
тұрмыстарын сақтап, дамытатын білім жүйесі – ауыл мектебі. Жалпы
ауылдық мектептердің дені – шағын комплектілі мектептер. Ауыл мектебіне
тән ерекшелік оның шағын жинақталған сыныптардан құрылуы болып
табылады. Ауыл мектебі оқушыларының білім сапасы қала балаларымен
салыстырғанда әлдеқайда төмен [2, 5-6].
Шағын жинақты мектеп – біріктірілген сынып-комплект пен оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім
алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
49
Шағын жинақты мектепте қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың
саны аз. Сынып – комплект – бір мұғалім – сынып жетекшісі басқаратын
сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін.
Қала халқының өсуі, ауыл мектептеріндегі оқушылар санының аздығы,
параллель сыныптардың болмауы, миграция, бала тууының азаюы – міне,
осылардың барлығы шағын комплектілі мектептердің өсу тенденциясын
қамтамасыз етеді. Шағын жинақты мектеп мәселелері бүгінде халықаралық
маңызы бар мәселе ретінде қаралуда. Ауыл мектептерінің оқыту-тәрбиелеу
қызметін ұйымдастырудың жаңа принциптері мен ғылыми-педагогикалық
әдіс-тәсілдерінің неғұрлым белсенді түрлерін пайдалану, іздестіру, оқыту
технологияларының жаңашыл түрлерін шағын жинақталған мектептердің
оқу-тәрбие процесіне енгізу мәселелерін өзекті ете түседі.
Соңғы кездері ауылдық, соның ішінде шағын комплектілі мектептегі
оқыту процесі ұйымдастырудың және оны басқарудың жаңа технология-
ларын жасау, сабақ барысында алғашқы қадамдар жасалады.
Шағын жинақты мектеп жағдай мен негізгі проблемаларын зерттеу ауыл
мектептеріндегі осы ерекшеліктерді көрсетуге болады:
– Мектептегі және сыныптағы бала санының аздығы;
– Біріктірілген сынып комплектісінің болуы;
– Бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде бірнеше сынып оқушы-
ларымен бір мезгілде сабақ өтуі;
– Бір сынып комплектіде оқытуды ұйымдастыру қиындықтары.
Қазіргі шағын жинақты мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін
дамытып, ойлауға білімді өзіндік толықтыру мен жаңартуға, оларды теория-
лық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге
үйретеді. Ауылдық жерлердегі жалпы орта білім беретін мектептер мен
шағын мектептерде білім берудің сапасын арттырудың тиімді шаралары мен
әдістерін жүзеге асыра отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеруге
болады. Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі жаңалық ретінде оқу
процесінде комплектілі сыныптарға жаңа технологияларды қарастыру [3, 22].
Мақсаты: шағын жинақты мектептерде оқушылардың сапалы білім
алуына, жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқыту
процесіндегі қолданылатын технологияларды қарастыру.
Негізгі міндеттері:
1. Әр сыныппен, әр оқушымен жеке тиімді оқыту әдістерін дұрыс
қолдану;
2. Оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте
сақтауларын ынталандыру;
3. Барлық сынып-жинақтарымен бір мезгілде сабақ жұмысын дұрыс
жүргізу;
4. Бірнеше сыныптардың оқушыларына білімнің негізгі мазмұнын
меңгерту.
Шағын жинақты мектептегі сабақтарды ұйымдастырудың қиыншылық-
тары мына мәселелердің шешу таппауынан туындап отыр:
50
– Бір бөлмеде бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауда бір пәндік, бір
тақырыптық бағдарламалардың болмауы;
– Бір бағдарлама негізінде құрылған оқулықтардың болмауы;
– Бір тақырыптық сабақ жоспарларының және соған сай әдістемелік
нұсқаулардың болмауы;
– Әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс жасау ерекшеліктерін ескеруде
уақыттың жетіспеуі;
– Өз бетімен жұмыс істеу әдісінің кең таралмауы;
– Мұғалімнің кәсіптік дайындығының жеткіліксіздігі.
Шағын жинақты мектептегі оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне
байланысты бірқатар ғалым – әдіскердің еңбектері бар. Соның ішінде
В.П. Стрезикизин екі немесе үш сыныппен қатар жұмыс жүргізу кезінде
мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті мен білім тәжірибесінің ерекше рөл
атқаратынын атап айтқан.
Сыныптарды топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол
тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім
түсіндірген сабаққа мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа
материалдарға назар аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын
тыңдамауы тиіс.
Бұл күрделі іскерліктер өмірде де керек. Бірақ оларды игеру қиын, көп
күшті қажет етеді. Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр болады,
себебі оқу тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты.
Сондықтан мұғалім сыныпты топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда
оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аудару керек
[4, 18-20].
Шағын жинақты мектептегі сабаққа қойылатын жалпы талаптар сабаққа
қойылатын талаптармен бірдей. Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді.
Жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері – мұғалім
басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Оқушы көбінесе,
өздік жұмыс жасайды, ол сабақ уақытында 80%-ын алады.
Мұғалім басшылығымен және оның тікелей қатысуымен атқарылатын
жұмыстар:
– бұрынғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалмен өткен сабақты
бекіту;
– жаңа материалды баяндау, түсіндіру, әңгімелеу;
– жаңа материалды бірінші қабылдау, түсіну, бекіту;
– меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау мен түзету;
– білімді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету;
– алған материалдарды тақырып бойынша жинақтау, бекіту.
Шағын жинақты мектепте оқытудың барлық әдістері қолданылады.
Бірақ кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік. Бағдарламалық,
тәжірибелік, электронды оқыту элементтерін енгізген жақсы.
Жалпы шағын комплектілі мектепте оқыту жұмысын ұйымдастырғанда
төмендегідей шарттар ескерілуі керек:
51
– Сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
– Бірнеше
сыныптың
материалы
бір
тақырыптық
жүйеге
ыңғайластырылып, бір пәндік, бір тақырыптық күнтізбелік жоспардың
негізінде оқулық және оқыту әдістемесін жасау;
– Көрнекі, дидактикалық, қосымша құралдардың алдын – ала дайын-
далуы.
Оқыту процесі тек мұғалімнің басшылығымен өтеді. Соның негізінде
білім алу, іскерлікпен дағдылану процестері оқушының негізгі міндеті- оқу,
қабылдау. Шағын комплектілі мектептердегі оқыту процесінің өзіндік
ерекшеліктерін анықтап алған соң, сол ерекшеліктерге байланысты
технологияларды қарастыру жөн. Біздің ойымызша, құрама сыныптары бар
мектептер жағдайында оқыту технологиялары жұмыс жасай алуы үшін, оң
нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туу үшін мынадай талаптарды алға
қойдық. Олар:
– Құрама сыныптар жағдайында оқушылардың өзіндік-танымдық
әрекетін іске асыруы тиіс;
– Жас және жеке ерекшеліктердің дайындығын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беруі тиіс;
– Оқу материалы мазмұнының интегративтілігін қамтамасыз ету.
Жаңа материалды түсіндіруде ауызша баяндау әдісінің көрнекілікпен
ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді. Қарапайым көрнекіліктер, әр сабаққа
қатысты болса, оқушылардың сабақты дұрыс қабылдай алатыны, есте
қалатындығы белгілі. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың
білімдерін анықтайды. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін анықтап
болған соң, жаңа материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты
түсіндіріп, білімді тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын көрсетеді.
Сызба, кесте, заттардың үлгісі сол сәтте оқылып жатқан тақырыпқа сай болу
керек. Уақытты үнемдеу үшін сыныптарды, әртүрлі жастағы балаларды
дұрыс біріктіру қажет. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап,
екіншісі мұғалім басшылығымен өздік жұмыс орындаса, уақытты үнемдеуге
болады. Тапсырманы мұғалім алдын ала әзірлеп, әр топқа таратады.
Тапсырмалар көбінесе күштілер, орта және нашар оқушылар үшін
жасалынады.
Сыныпта оқушы аз болғандықтан, сабақ барасында жеке немесе өздік
жұмыстар жүргізіледі. Өздік жұмыс – өздігінен оқу, оқушылардың білім,
іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы
көмегінсіз өткізілетін іс-әрекет. Өздік жұмыс оқушылардың белсенділігін
дамытып, зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге үйретеді. Өздік жұмыстар
сынып-комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылып, бекіту
және қайталауға 60%, 20% жаңа материалды меңгеруге, 20% бақылауға
беріледі. Шағын комплектілі мектептердің негізгі әрекеті – өзіндік жұмыс
жүргізу. Себебі, өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық
міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын
жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта тиімді әдіс-тәсілдерін
52
пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын
ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы
қажет.
Егер оқушының оқу дағдысы жақсы болса, онда оқушы өзідігінен
мәтінмен жұмыс жасайды. Абзацтап оқып, мәтінді талқылайды. Не болмаса,
екі оқушы арасында диалог түрінде сабақ өтеді. Оқушылар бір-бірлерімен,
ақпаратты алмастырады. Сабақты бекіту үшін, мұғалім сұрақтар, не болмаса
тест тапсырмаларын алдын – ала дайындап әкеледі. Сонда оқушының есте
сақтау қабілеті жақсы дамиды.
Кейбір тақырыптар ұқсас келгендіктен, мұғалім сынып-комплектілерін
біріктіріп сабақ жүргізеді. Оқушыларды әр жас бойынша топтарға бөледі.
Оқушылар оқу процесінің мүмкіндігінше сабаққа сәйкес келетін
материалдарды іріктейді. Егерде бір сыныпқа тақырып жаңа болса, екінші
сынып осы тақырыппен танысқан болса, бір-бірлерімен түсіндіру, ақпарат
алысу процесі жүреді [5, 19-22].
Ақыл-ой жұмысы мен тәжірибелік жұмыс қатар жүретін тапсырмалар
оқушылардың
қызығушылыдын
арттырады.
Балалардың
іскерлік,
дағдыларын жаттықтыратын, бейімділігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін
арттыратын тапсырмаларды құрастыру керек.
Оқушыдан шығармашылықты талап ететін шараларда, кроссворд,
лабиринт, жұмбақ, тесті тапсырмаларын қолдану қажет. Сызба жасау, контур,
атлас картамен жұмыс, тест тапсырмаларын құрастыру, қосымша жұмыстары
оқушылардың қызығушылығын көтеріп, оқушының сирек қателесуіне,
тапсырмадан қорықпауына негіз болады.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір
сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі
шапшаң, бірі баяу қимылдайтын зейіні, қасиеті, қабылдауы, есте сақтауы әр
қилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың шығармашылық қабілетін
дамыту күрделі мәселе екені даусыз [6, 50-54].
Шағын жинақты комплекті мектептерде оқу процесін толыққанды
ұйымдастыру және сапалы сабақ өткізу үшін әрбір мұғалім өз ісіне үлкен
жауапкершілікпен қарап, жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін толық меңгеріп,
өз тәжірибелігінде тиімді қолдана білсе, болашақтан үміт күткен
шәкірттеріміздің білімді, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына үлкен үлес
қосқан болар едік.
Шағын комплектілі мектептердің өзіне тән сипаттарының бірі –
сыныптардағы бала санының аздығы. Мұның өзі сынып ұжымының
тәрбиелік қызметін біршама күрделендіре түседі. Ауылдық жерлердегі басым
көпшілігі шағын комплектілі болып келген мектептерде, оның ерекшеліктерін
ескере отырып, тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінен
түскен емес. Себебі қазақ мектебі-ауыл мектебі – мемлекетіміздің болашағы.
Көптеген ел басқарған азаматтар, зиялы қауым өкілдері осы ауыл
мектептерінің тәрбиесін көріп өсіп, жеке тұлға ретінде қалыптасқан.
53
Қорыта айтқанда, тәуелсіз еліміздің төл ордасы, түп тамырымыз ауыл
өмірінің ашық айнасы болып саналатын ауыл мектебінің болашағына үлкен
үміт артып қана қоймай, оны жан- жақты дамытуға бәріміз атсалысуымыз
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |