Әдебиет
1. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР
ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
А.С. Баймикенова
Алакөл ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың
2010–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын жинақты мектептерді
дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты
мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын,
оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын
айқындайтын құжат болып табылады.
33
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейін стратегиялық даму жоспарымен, Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен
айқындалған білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін дамытады.
Бұл тұжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік-құқықтық
құжаттармен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы
конституциялық құқығын іске асыруына жағдай жасау бойынша шаралар
кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Тұжырымдама жалпыұлттық басымдық ретінде шағын жинақты
мектептерді дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға
өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.
1. Шағын жинақты мектептердің жай-күйі және негізгі проблемалары
қазіргі таңда ШЖМ:
– біріктірілген сынып-комплектілерімен;
– сынып-комплектілермен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша
біріктірілген 1-4-сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9-сыныптар – 2012 (15201),
10-11-сыныптар – 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін
ұйымының 4288-і – ШЖМ. Бұл жалпы санның 56,5%-ын құрайды. Ауылдық
жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы – ШЖМ. Бұл
барлық санның 68,6%-ы. 1913 қала мектебінің 149-ы – ШЖМ. Бұлар оқушы
санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен
сабақ беруімен сипатталады.
Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік
аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан
(облыстағы барлық мектеп санының 88,1%-ын құрайды), Астана (81%),
Қостанай (77,5%), Павлодар (76,5%), Батыс Қазақстан (72,9%), Ақтөбе
(67,5%), Шығыс Қазақстан (67,9%), Қарағанды (58,9%) облыстарында.
Соңғы 15 жылда ШКМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім ШЖМ
жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ
жағдайында оқиды.
Жекелеген мектептердің локальдық оң тәжірибесі мен қызметтерінің
табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, жалпы мемлекеттік аралық
бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, бітірушілердің алдағы
өмірін талдауынан ШЖМ оқушыларының жалпы білім дайындығының
төмендігі анықталды.
Қазақстандағы ШЖМ-ны дамытудың негізгі проблемалары ретінде
келесі мәселелерді бөліп көрсетуге болады:
34
1.1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
– аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық
болуы;
– гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына
алып келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз
жүйесі;
– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
– білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқыту-
ды ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
– қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың
жоқтығы.
1.2. Кадрлық қамтамасыз ету:
– педагогтердің-пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамта-
масыз етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші бо-
латын жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді
даярлаудағы мамандандырудың бір бейінділігі;
– педагогтерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру-
дың арнайы білім беру бағдарламаларының жоқтығына негізделген ШЖМ
жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне мұғалім-
дердің дайындықсыздығы;
– ШЖМ мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа дайындалу және
біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің тиімділігін
қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық ресурста-
рына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына байланы-
сты педагогтер ынтасының төмендігі.
1.3. Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау:
– ШЖМ-ның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетіл-
мегендігі;
– ШЖМ-ға арналған үлгілік оқу жоспарының жоқтығы;
– ШЖМ оқу жоспарының вариативті және жеке компоненті бойынша
білім беру оқу бағдарламаларының жоқтығы;
– мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен перспек-
тиваларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар негізінде ШЖМ жағдайында білім беру
процесін ұйымдастырудың құралдары мен әдістемелік ұсынымдамаларының
жоқтығы.
Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен
принциптері:
Мақсаты: әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне,
кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі
жетілдіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар
жасау.
Міндеттері:
– өмірлік маңызды құзыреттілікті қалыптастыру;
35
– білімнің даралық және жіктелген кең спектрін қамтамасыз ету;
– білім беру процесінің құнды бағдарлығы мен дамушы әлеуетін
арттыру;
– педагогикалық процесті жүйелі қызметтік тәсіл, технологияландыру,
оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру
негізінде жобалау;
– ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану есебінен ШЖМ-ның
ақпараттық білім беру ортасын ұйымдастыру;
– әлеуметтік әріптестікті іске асыру арқылы білім алушының тұлғасын
қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.
ШЖМ қызметін ұйымдастыру принциптері:
– әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар
үшін сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ететін демократия-
ландыру, білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;
– білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-
әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;
– білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал
ететін білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;
– білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің
бірлігін қамтамасыз ететін жан-жақтылық;
– топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен
сабақтастығы;
– білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі,
вариативтілігі;
– өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің
дамуын қамтамасыз ететін бейімделгіштік;
– ШЖМ-дағы әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық
жетістіктерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.
ШЖМ-дағы білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен
анықталады.
Екі сыныпты бір сынып-комплектіге жинақтағанда оқушылар саны
15 адамнан аспау керек. Бірінші сынып оқушыларын, сондай-ақ мектепалды
даярлық сыныптарын сынып-комплект құрамына қоспаған жөн. Бұл кезеңде
баланың психофизикалық денсаулығына және мінез-құлқына ықпалын
тигізетін, психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі
жүріп жатады. Егер бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса, сабақ
жеке режимде жүргізіледі.
Контингенттің жетіспеушілігіне қарамастан 9-сынып оқушыларын
бітірушілер ретінде басқа сыныптармен қосуға болмайды, себебі бұл
оқушылар санатының соңғы емтихандарға дайындалуы үшін ерекше көңіл
бөлуді қажет етеді.
Қазіргі заманғы технологиялар дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйемен
қатар білім беру процесінің баламалы нысандары мен әдістерін қолдануға
мүмкіндік береді. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті оқу
36
материалын өтудің және алынған нәтижелерді өлшеудің жеке білім беру
бағдарламалары мен технологиялық карталары арқылы басқарылатын арнайы
ұйымдастырылған өзін-өзі оқыту қарастырылады. ШЖМ-нің білім беру
процесін ұйымдастыруда республиканың барлық мектебін кең жолақты
Интернетке қосуды талап ететін қашықтықтан және теле-оқыту мүмкіндік-
терін пайдаланған орынды. Шағын жинақты мектептің дамуы үшін:
– «Білім
туралы»
Қазақстан
Республикасының
Заңына
білім
алушылардың сандық контингенті туралы тиісті толықтырулар енгізу;
– ШЖМ қызметінің ерекшеліктері ескерілетін Білім беру ұйымдары
туралы үлгілік ережеге негізгі, бастауыш және орта шағын жинақты
мектептердің толымдылығы туралы толықтырулар енгізу;
– білім беру кешендерін ұйымдастыру жөнінде ережелер қабылдау: тірек
мектебі-ресурстық орталық, мектеп-балабақша, мектеп-мектепке дейінгі
білім беретін шағын орталық, мектеп-мектеп жанындағы интернат, мектеп-
әлеуметтік мәдени орталық, сыныптық-сабақтық емес үлгідегі мектеп;
– жоғары оқу орындарында білім беру мамандықтарында «мұғалім-
тьютор», «мұғалім-эдвайзер» атты арнайы білім беру бағдарламалары
бойынша даярлауды қарастыру;
– педагогикалық қызметкерлердің лауазымдық тізіліміне «мұғалім-
тьютор», «мұғалім-эдвайзер» лауазымдарын енгізу;
– «Педагогикалық кадрларды аттестаттау ережесіне» мұғалім-тьюторға,
мұғалім-эдвайзерге, аралас пәндерді жүргізетін мұғалімдерге біліктілік
санаттарын беру тәртібі жөнінде өзгерістер енгізу;
– жалпы білім беретін мектептердегі психологиялық қызмет туралы
ереже қабылдау. Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық
негіздері.
Қорытындылап өтсек, шағын жинақты мектептің дамуы үшін:
– «Білім
туралы»
Қазақстан
Республикасының
Заңына
білім
алушылардың сандық контингенті туралы тиісті толықтырулар енгізу;
– ШЖМ қызметінің ерекшеліктері ескерілетін Білім беру ұйымдары
туралы үлгілік ережеге негізгі, бастауыш және орта шағын жинақты
мектептердің толымдылығы туралы толықтырулар енгізу;
– білім беру кешендерін ұйымдастыру жөнінде ережелер қабылдау: тірек
мектебі-ресурстық орталық, мектеп-балабақша, мектеп-мектепке дейінгі
білім беретін шағын орталық, мектеп-мектеп жанындағы интернат, мектеп-
әлеуметтік мәдени орталық, сыныптық-сабақтық емес үлгідегі мектеп;
– жоғары оқу орындарында білім беру мамандықтарында «мұғалім-
тьютор», «мұғалім-эдвайзер» атты арнайы білім беру бағдарламалары
бойынша даярлауды қарастыру қажет.
37
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫ
ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
М.А. Байтанаева, И.Ш. Бектұрғанова
ПМПИ, Павлодар қаласы
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта
мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі
мектептердің атқаратын рөлі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған
құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтер
К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр.
Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі
Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты.
Ы. Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық
үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында
«қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет,
жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп
дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай
мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде
(Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың
жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы
алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер
болғаны байқалады. Содан бері қанша уақыт өтсе де, шағын жинақты
мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер (ШЖМ) – қазақтың шағын ауылының іргесі,
ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Оқушылардың саны аз, біріктірілген сыныптары бар шағын мектептер
бастапқыда Қазақстан аумағында халықтың әркелкі орналасуынан пайда
болған, олар алыс түкпірдегі шағын ауылдарда, көшу-қону басым болып
отырған елді мекендерде ашылған. Соңғы уақыттарда демографиялық
құлдыраудың, халықтың үлкен қалаларға қоныс аударуының салдарынан
шағын жинақты мектеп ірі елді мекендерде де пайда бола бастады.
Нақтылап айтқанда, 1999 жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ)
бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ге
мынадай анықтама берілген : «шағын жинақталған мектеп – сынып-
жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік
нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖМ-де
мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі
мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып
біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері
бойынша, 2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің
ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектеп жұмыс
38
жасады. 2004 жылмен салыстырғанда ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы
білім беретін мектептердің 55,4%-н құрады. Ал 2009 жылы Қазақстандағы
7576 жалпы білім беретін ұйымдардың 4288-і ШЖМ болып табылады, бұл өз
кезегінде жалпы мектептердің 56,5%-н құрайды. Оның ауылдық жерлерде
орналасқаны – 4139 (68,6%). Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6
мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және
364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру
динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып,
орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады. Соңғы 15 жылдың
ішінде ШЖМ екі есе көбейді. Қазақстандағы әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-
де жұмыс жасап, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында
білім алады.
Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру
жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген.
Онда бастауыш сыныптарда оқушы саны – 40-тан, негізгі мектепте 100-ден,
ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып
есептелетіні айтылған. Ал ҚР Үкіметінің №300 25.02.2000 жылғы қаулысына
сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш
немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Сондықтан біздің елімізде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын
жүзеге асыру мақсатында шағын жинақты мектепке үлкен көңіл бөлініп,
қамқорлық жасалуда.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие
жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік
стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен
әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты
бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж. Аймауытов,
Ғ. Бегалиев, Ж. Қаржасбаев, М. Бүрлібаев, Ғ. Сүлейменов, А. Асқарбаева),
сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау
(Б. Құлмағамбетова, А. Асқарбаева, Г.М. Храпченков, Қ. Аймағамбетова);
«Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін
оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш. Әуелбаев,
А. Асқарбаева, Б. Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың
тиімділігін дәлелдеу (М. Сайпин, З. Бейсенбаева, Е. Шапаева, О. Сатқанов,
Б. Катембаева); осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау
мәселелері (З. Әділғазинов) қарастырылады.
1981 жылы басылып шыққан А. Асқарбаева мен Г.М. Храпченковтың
«Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп
аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық
мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір
пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны
жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып,
бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты
мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола
39
бастады. Атап айтқанда: Қ. Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш
мектептерде табиғаттануды оқыту», М. Сайпиннің «Шағын комплектілі
мектептерде математиканы оқыту» (1984), О. Сатқановтың «Еңбекке үйрету
методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған
еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді
оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді
негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде
өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін
көрсеткен.
ШЖМ-де технологияны оқыту әдістемесі де кез – келген ғылым саласы
сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі – әдіскер, психолог, педагог
сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса,
екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып
үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
Бірақ, мән-мәніне келетін болсақ бұл пәнді шағын жинақты мектепте оқыту
мәселесіне өте көп назар аударылмайды. Негізінен, технологияны оқыту тек
шағын жинақты мектепте ғана емес, жалпы орта мектепте де бірқатар
қиыншылықтарды тудырады. Өйткені, бұл пән қыз және ұл балаларына жеке
оқытылу қажет, ал кейбір мектептерде оқушылар саны сынып-комплектісіне
жеткіліксіз жағдайда біріктіріліп оқытылады. Бұл мәселе мұғалімге көп
ыңғайсыз жағдайларды туындатады, ол:
– қыз балалар мен ұл балалардың бірге оқытылуы, технология пән
бағдарламасында қыз бен ұл балаларды оқытуда өзекті айырмашылықтар бар,
ол айырмашылықтар ҚР Білім және ғылым министрлігімен және білім беру
стандарттарымен бекітілген;
– сыныпта 15-тен астам оқушылар саны, егер технология шеберханасы
қыз балаларына толық материалдық қамтылған болса десек, онда ұл
балаларына тамақ істеп, іс тігуге дәл келеді, немесе керісінше;
– ұл немесе қыз балалардың гендерлік қасиеттеріне зақым келуі,
көбінесе технология мұғалімі әйел адам болатындықтан, сабақты қыздарға
арналған бағдарлама бойынша жүргізеді, ал біздін қазақ ұл балалары
ұсталық, зергерлік өнерлерден тыс қалады, немесе керісінше;
– әдістемелік жағынан, күнтізбелік және сабақ жоспарын құру бірталай
тәжірибелікті талап етеді.
Егер ШЖМ мұғалімінің жағдайын айтатын болсақ, онда оған жеке өзінің
бағдарламасы бойынша бейінделген жұмыс жасауға тұра келеді, немесе
Мемлекеттік оқу бағдарламасын тимді ұйымдастыруға, мысалы 5 пен
6-сынып бағдарламасындағы сәйкес бөлімдерін біріктіріп оқыту және т.с.с.
ШЖМ-де технологияны оқытудың қазіргі жайы туралы айтатың болсақ,
олда барлық пәндер секілді әртүрлі қиыншылықтарға тап болып жатыр. Бірақ
ең басты мәселе мұғалімдерге деген әдістемелік көмектің деңгейі өте төмен.
Себебі, мектептің ең басты қиыншылығы – әлеуметтік ортаның, әріптестер-
мен қарым-қатынас жасаудың, пікір алмасудың, тәжірибе жинақтаудың
шектеулі болатындығы. Бұл қиындықты жеңудің алғышарты жасалған, себебі
40
осы уақытқа дейін қызмет атқарып жатқан ресурстық орталықтарға қосымша,
жаңадан 160 тірек мектеп ашуды және әрқайсысына бірнеше ШЖМ бекітуді
жоспарлау және олардың жұмыстарын жандандыру ықпал етуі мүмкін.
Осының барлығын есепке алатын болсақ, технологияны оқыту мәселесі
бүгінгі күнде өте өзекті деп есептеуге болады және жаңа көзқараспен қарауға,
жаңа технологияларды оқу процессіне еңгізуге, әрине, заманауи құзырлы
мамандарды дайындауды талап етеді. Әрине, оның шешімі ШЖМ мұғалім-
дерінің теориялық дайындығын жетілдіру және кәсіби шеберлігін АКТ
(ақпараттық-коммуникациялық технология) арқылы шыңдаумен қатар,
өркениетті дамыған елдердің тәжірибесіндегідей, бірнеше туыстас пәндерден
сабақ жүргізе алатын арнайы педагог кадрлар дайындауды жедел қолға алуды
талап етеді.
ШЖМ қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескерумен шектелу жеткіліксіз.
Сондықтан олардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мәртебесінен
туындайын мәселелерді, соның ішінде біріктірілген сыныптарға сабақ
беретін мұғалімдердің апталық жүктемесін біршама кеміту және қосымша
төлемақы деңгейін анықтау мүмкіндігін де ескеру қажет.
Әдебиет
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – Астана, 2009.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2009.
3. Российская педагогическая энциклопедия: В 2-х т. – Т. 1. – М., 1993.
4. Педагогический энциклопедический словарь. – М., 2002.
БІЛІМДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ШАҒЫН КОМПЛЕКТІЛІ МЕКТЕП ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
С.Б. Досжанова
Ақсу қаласы Пограничный ауылдық округі Спутник стансасының негізгі
мектебі, Спутник стансасы
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың
2010–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын жинақты мектептерді
дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты
мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын,
оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын
айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама жалпыұлттық басымдық ретінде шағын жинақты мектеп-
терді дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер
мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.
41
Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық деңгейде
сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық модельді
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Ең маңыздысы – мазмұнын,
басқару және ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде шағын комплектілі
мектептерді дамыту.
Шағын комплектілі мектеп- бұл біріктірілген сынып- комплект пен оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім
алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп. Қазіргі кезеңде
Қазақстанның аз қоныстанған аудандарында мұндай мектептер саны
көбеюде. Соңғы 15 жылда шағын комплектілі мектептердің саны екі есеге
көбейді. Әрбір төртінші мұғалім шағын комплектілі мектеп жағдайында
жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы шағын комплектілі мектеп
жағдайында білім алуда. Біздің аймақта мұндай мектептердің үлесі 76,5% -ды
құрайды.
Шағын комплектілі мектептер қызметін ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері жетерлік және олар оқу үдерісі барысында ескеруді қажет
етеді. Бұл мектептердегі оқыту үдерісі білім мазмұнының сабақтастығы мен
үйлесімділігін қамтамасыз етуді, оқыту барысында бір пәнділік және бір
тақырыптылық ұстанымдарын қолдануды талап етеді. Сыныптардың
толымсыздығы салдарынан көбіне әртүрлі жастағы екі-үш сынып
оқушыларын бір сыныпта біріктіріп оқытуға тура келеді. Ал әр сыныптың
оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне лайықталып жасалған оқу
бағдарламасы бойынша белгілі бір білім көлемін меңгеруі тиіс. Сондықтан
екі немесе үш-төрт сыныптың біріктіріліп оқытылуы оқушыларға да,
мұғалімге де психологиялық жағынан да, оқыту әдістемесі тұрғысынан да
үлкен қолайсыздықтар туындатады. Сыныптағы оқушы санының аздығы, бір
жағынан, оларды даралап оқыту мүмкіндігін ұлғайтса, екінші жағынан,
психологиялық
тұрғыда
ұжымдық
іс-әрекет
жасау,
оқушының
коммуникативтік қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін шектейді, шамадан тыс
бақылауды күшейтеді, осының барлығы оқушының психологиялық ахуалына,
білім сапасына әсер етеді.
Қазақстандағы шағын комплектілі мектептерді дамытудың негізгі
проблемалары ретінде келесі мәселелерді бөліп көрсетуге болады:
1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
– аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық
болуы;
– гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына
алып келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз
жүйесі;
– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
– білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді
оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
– қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың
жоқтығы.
42
2. Кадрлық қамтамасыз ету:
– педагогтердің-пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен
қамтамасыз етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне
себепші болатын жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында
мұғалімдерді даярлаудағы мамандандырудың бір бейінділігі;
– педагогтерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттырудың арнайы білім беру бағдарламаларының жоқтығына негізделген
шағын комплектілі мектеп жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктеріне мұғалімдердің дайындықсыздығы;
– шағын комплектілі мектеп мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша
сабаққа дайындалу және біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру
процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен
интеллектуалдық ресурстарына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және
қолдаудың болмауына байланысты педагогтер ынтасының төмендігі.
3. Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау:
– шағын комплектілі мектептердің қызметін реттейтін нормативтік-
құқықтық базаның жетілмегендігі;
– шағын комплектілі мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарының
жоқтығы;
– шағын комплектілі мектеп оқу жоспарының вариативті және жеке
компоненті бойынша білім беру оқу бағдарламаларының жоқтығы;
– мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен
перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде шағын комплектілі
мектеп жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың құралдары мен
әдістемелік ұсынымдамаларының жоқтығы.
– мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен
перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде шағын комплектілі
мектеп жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың құралдары мен
әдістемелік ұсынымдамалардың жоқтығы;
4. Материалдық-техникалық жағдай:
– шағын комплектілі мектептердің жартысынан көбінің ыңғайлас-
тырылған ғимараттарға орналасуы;
– арнайы оқу зертханалары мен шеберханалардың, қазіргі заманғы
жиһаздардың, техникалық құралдардың, оқу залы бар электронды
кітапханалардың жоқтығы;
– телекоммуникациялардың ескірген инфроқұрылымы; кең жолақты
Интернетке шағын комплектілі мектептердің 10,3% қосылған, шағын
комплектілі мектептер 44% интерактивті жабдықтармен жарақтандырыл-
ған, 1130 негізгі және орта шағын комплектілі мектепте физика, 1410 химия,
1576 биология, 85 информатика кабинеті жоқ.
Республика мектептерінің жартысынан астамын құрап отырған шағын
мектептердің ауқымды проблемаларын шешу үшін республикалық және
43
жергілікті жерлерде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.
Республикалық және облыстық институттар мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру курстарының сапасын жетілдіру, педагогикалық институттар
педагогикалық білім мазмұны мен құрылымына тиісті толықтырулар енгізуі
тиіс болса, жергілікті басқару органдары бұл мектептердің материалдық-
оқыту базасын жақсарту, кадрлармен қамтамасыз ету бағытында арнайы
кешенді бағдарламалар қабылдап, жүзеге асуыруы қажет болып отыр.
Көптеген елдерде шағын комплектілі мектептердің болуын әлемдік білім
беру кеңістігіндегі феномен ретінде сипаттауға болады. Проблемалар ұқсас,
оларды дамыту мен шешу жолдары бірдей болғанымен, әр елде шағын
комплектілі мектептердің өзіндік бағыты бар, өзіне тән білім беру тәжірибесі
мен саясатын жүзеге асыратын жолы бар.
Мысалы: АҚШ-та әрбір, тіпті ең кішкене ауыл мектебін сақтап қалуға
тырысады, ол үшін мұғалімдерге материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіледі,
әлеуметтік көтермелеулер жасалады. Мұнда ауылдағы шағын комплектілі
мектеп педагогтарының жалақысы қаладағы әріптестеріне қарағанда екі есе
көп.
Украинада әрбір бес мектептің біреуі 40-50 ғана оқушысы бар шағын
комплектілі мектеп болып табылады. Елдегі қаржылық қиындықтарына
қарамастан, екі есе төлемге 1-5-сыныптардың барлық пәндерін бір
мұғалімнің оқытуы, сыныптағы толымдылықтың нормативін үш оқушыға
дейін азайту, сыныпта 16 оқушы бар жағдайда жекелеген пәндерді топқа
бөліп оқытуды енгізу, педагогикалық сағаттар санын оқу жүктемесіне түзету
жүзеге асырылған.
Ішкі миграция, ауыл халқының жаппай қалалық жерге көшуі
салдарынан, шағын комплектілі мектептердің саны ұлғаюда.
Болашақ ұлттық мәдениетіміздің еңсесін көтеруде ауыл мектептері
үлкен рөл атқарады. Сондықтан ауылды сақтап қалу үшін шағын комплектілі
мектептер санын арттыру ләзім. Өйткені қай ауылда болса да, мектеп-ауылды
алға сүйрейтін нысан, яғни шағын комплектілі мектеп-ауылдың, елдің,
ұлттың тағдыры.
Достарыңызбен бөлісу: |