54. Юпитер Юпитер


Төтенше алып, қызыл алып, ақ ергежейлілер



бет13/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Төтенше алып, қызыл алып, ақ ергежейлілер
Төтенше алып жұлдыздардың радиустері Күннің радиусінен 100-1000 есе үлкен болғанда, ақ ергежейлілер радиустері күндікінен 100 есе кішірек болады. Осы диаграммада кейбір тізбектер түзу болып түсті, мысалы, бас тізбек, төтенше алып жұлдыздардың тізбегі, субкарликтердің тізбегі. Сондықтан, бір тізбекке жататын жұлдыздардың жарқырауы және радиустерінің арасында эмпирикалық тәуелділіктерді анықтауға болады. Бас тізбектегі жұлдыздар үшін бұл эмпирикалық байланыс мына түрде анықталған. Жұлдыздың өте маңызды параметрі – масса тек қос жұлдыздар үшін анықталған. Осындай аз жұлдыздар бойынша бас тізбекке мына эмпирикалық қатынас орындалатыны көрсетілді.Термоядролық реакция осы ядроны қоршаған сутегі бар температурасы жоғары шарлы қабатта жүреді. Осындай кезеңде жұлдыздардың ядролары сығылады да, тығыздық, қысым артып, гелий негізінде болатын термоядролық реакция жүруі мүмкін. Бұл реакцияның нәтижесінде гелий көміртегіге айналады, сондықтан осындай жұлдыздарда көміртегіден тұратын ядро пайда болуы мүмкін. Термоядролық реакциялар центрде доғарылған жағдайда, ядро сығылып, температура, қысым, тығыздық артып, ядродағы көміртегінің ядролары не протон, не нейтрон, не α-бөлшектерді қосып басқа химиялық құрамы әртүрлі болатын қабаттарға бөлінеді. Осындай жолмен темірге дейінгі химиялық элементтер пайда болады. Жұлдыздардың ядроларында осындай күрделі процестер жүргенде, жұлдыздың жоғарғы қабаттары ұлғайып, температура төмендейді, жұлдыз алыптар тізбегіне кетеді. Жұлдыздың радиусы, жарқырауы артып, осындай жұлдыздардың ядроларын өте жіңішке сәулелік тепе-теңдік зона қоршайды, ал жұлдыздың затының 70% күшті конвекция зонасында орналасады.
Ақ ергежейлілер – өте тығыз кішкентай жұлдыздар. Осы жұлдыздардың центрінде тығыздық дейін жетеді. Центрінде термоядролық реакциялар доғарылған, бірте бірте жылулық энергиясын кеңістікке таратып өшетін жұлдыздар.Алып және төтенше алып жұлдыздардың атмосферасы сиретілген және өте созылған келеді. Ақ ергежейлілердің атмосфераларында тығыздық күндікінен 10 есе артық, биіктігі азғантай болады. Төменгі кестеде жұлдыздардың негізгі физикалық сипаттамалары келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет