54. Юпитер Юпитер


Физикалық айнымалы жұлдыздар.Пульстік айнымалылар. Ұзақ периодты айнымалылар. Бұрыс айнымалылар және эруптивтік айнымалылар



бет15/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

67.Физикалық айнымалы жұлдыздар.Пульстік айнымалылар. Ұзақ периодты айнымалылар. Бұрыс айнымалылар және эруптивтік айнымалылар.
Физикалық айнымалы жұлдыздар-Көптеген жұлдыздардың жарқырауының өзгеруі осы жұлдыздардың ішкі қабаттарында жүретін физикалық процестерге қатысты болады. Осындай жұлдыздарды физикалық айнымалы жұлдыздар деп атайды. Айнымалдалығының сипатына байланысты оларды екі үлкен топқа бөледі. Біреулерін – пульстік айнымалы, екіншілерін – эруптивтік айнымалы жұлдыздар деп атайды. Айнымалы жұлдыздар ерекше белгіленеді. Әрбір шоқжұлдыздың бірінші 334 айнымалы жұлдыздары латын алфавитінің бір немесе екі әріпімен қалғандары т.с.б. белгіленеді.Пульстік айнымалы жұлдыздар-Осы топқа жататын жұлдыздар бірнеше түрлерге бөлінеді. Негізгі түрлері цефейдтер, Бикештің W-сы тәріздес, лиридтер, ұзақ периодты айнымалылар, жартылай дұрыс айнымалылар, дұрыс емес айнымалылар болады. Пульстік айнымалы жұлдыздардың жалпы саны 15000.Эруптивтік айнымалы жұлдыздар-Көптеген айнымалы жұлдыздардың жарқырауының өзгеруі бір жүйеге келмей үлкен амплитудалы болады. Осындай өзгерістер не жұлдыздың ішкі қабаттарынан ыстық газдың атқылауына /эрупция/, не жарылыс тәріздес құбылыстарға байланысты болады.
Торпақтың Т-сы тәріздес жұлдыздар F – G спектрлік класстарына жатады. Бұл жұлдыздардың жарқырауының өзгеруі өте жылдам және дұрыс емес болады. Көрінерлік жұлдыздық шаманың өзгеруіз 3m жетеді. Осындай жұлдыздардың спектрінде күннің хромосферасының спектріндегідей эмиссиялық сызықтар байқалып, қара жұтылу сызықтардың ығысуы спектрдің қызыл облысына бағытталып, эмиссиялық сызықтардың ығысуы спектрдің күлгін облысына қарай болады. Айтылған ығысулар суық заттың жұлдыздың ішіне қарай, ал ыстық заттың жұлдыздың бетіне қарай қозғалатындығын көрсетеді.
Киттің UV-сы тәріздес айнымалы жұлдыздар К, М спектрлік класстарына жатады. Аз уақыт аралығында жарқырауы көп шамаға өзгереді және бұл өзгерістер күннің хромосфералық от алуына ұқсас болады.
Осындай эруптивтік жұлдыздар әлі де гравитациялық орнықтылыққа жетпеген жас жұлдыздар болып табалады. Ішкі қабаттарында өте күшті конвекция немесе заттың алмасуы болғандықтан, ыстық газ жоғары қарай атқыланып, жұлдыздың жарқырауы осы құбылысқа қатысты артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет