68.Жаңа және төтенше жаңа жұлдыздар. Төтенше жаңа жұлдыздар сирек кездесетін объектілер. Бір галактикада 300 жылда бір төтенше жаңа жұлдыз от алады /немесе жарылады/. Төтенше жаңа жұлдыздар жаңа жұлдыздар тәріздес от алатын жұлдыздар. Бірақ максимумде абсолюттік жұлдыздық шамалар дейін жетеді, демек бір жұлдыздың жарқырауы кішкентай галактиканың жарқырауына тең болады. Осындай жұлдыздар от алғанда жарықтылығы он шақты миллион есе артады, жарқырау амплитудасы 19т-ға тең. От алғанда шығарылатын энергия 1041 – 1042 Дж, немесе жаңа жұлдыздардікінен 1000 есе көп болады, фотографиялық әдіспен басқа галақтикаларда 300-дей төтенше жаңа жұлдыздар /SN/ анықталған. Телескоптық дәуірде біздің Галактикада бірде төтенше жаңа жұлдыз бақыланған жоқ. Бірақ 1054 жылы біздің Галактикада Торпақ жұлдызында Шолпан сияқты жарқырап тіпті күндіз көрінетін жұлдыз байқалған, Қазіргі күндерде осы жұлдыздың орнында Шаян тұмандығы деп аталатын газ тұмандығы бар. Осы жұлдыз біздің Галактикада от аталған төтенше жаңа жұлдыз болып саналады. Төтенше жаңа жұлдыздардың орнында газ тұмандығы түрінде қалдықтар байқалады. Жұлдыз от алғанда массасы 0,3 жылдамдығы 10000 км/с болатын жоғарғы қабаттары атқыланып сыпырылады. Осындай жұлдыздар төтенше жаңа жұлдыздардың І типіне жатады. Ал атқыланатын заттың массасы 1-10 , болып 6000 км/с жылдамдықпен сыпырылса бұл төтенше жұлдыздардың ІІ типіне жатады. Кейбір төтенше жаңа жұлдыздардың барлық заты атқылануы мүмкін, ал қалғандарының тек жоғарғы қабаты сыпырылып, ыстық ядросы қалуы мүмкін. Төтенше жаңа жұлдыздардың осындай қалдықтары нейтрон жұлдызға айналады.
Астрономиялық обсерваторияларда төтенше жаңа жұлдыздардың қызметі атқарылып әрбір ашық түнде жақын галактикалардың фотобейнесі түсірілді. Осындай жолмен қазіргі уақытқа 500 төтенше жаңа жұлдыздар басқа галактикаларда тіркелді. Біздің Галактикада 140-тан кішкене көп SN-ның жарылуының іздері айқындалды. Бұлар төтенше жаңа жұлдыз жарылғандағы олардың газ қалдықтары. Жоғарыда айтылған Шаян тұмандығынан басқа тұмандықтар: Кассиопея А, Аққу тұмандығы, 1987 жылы Үлкен Магеллан Бұлтында төтенше жаңа жұлдыз бақыланды және SN жұлдыздар жөнінде көптеген сенімді мәліметтер берді.