54. Юпитер Юпитер


Пульсар. Нейтрон жұлдыздар. Қара құрдымдар



бет17/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
69.Пульсар. Нейтрон жұлдыздар. Қара құрдымдар.
Нейтрон жұлдыз — жұлдыз өзгерісінің соңғы мезгілінде кейбір үлкенірек жұлдыздар гравитациялық коллапсқа байланысты ғаламатжұлдыз жарылыстарын бастан кешіріп, негізінен нейтроннан құралатын жұлдызға айналады.Ыстық сәуле қысымында тіреліп тұрған шеткі материялар ендігі жерде гравитация әсерінде өзекке қарай құлайды және кейбір жағдайда бұл жарылыс туғызып жаңа ғаламатжұлдызға айналады. Немесе, жұлдыз массасының ұқсамастығына орай жұлдыз ішіне қарай шөгіп Ақ ергежейліге, Нейтрон жұлдызға, немесе тіпті Қара құрдымға айналады.Нейтрондық жұлдыздар алғаш рет пульсарлар түрінде ашылды.Нейтрон жұлдыздар көлемі өте кішкентай. Алайда олардың салмағы аз емес. Көптеген нейтрон жұлдыздардың салмағы Күн салмағынан 1,5 еседей артық. Ғалымдардың пікірінше, олардың беткейі тегіс және ортасы өте тығыз болады. Беткейі тор тәрізді тәртіппен орналасқан қарапайым атомдық ядролардан тұрады. Нейтрон жұлдыздар беткейлерінде элетрондар да ұшып жүреді. Нйтрон жұлдыздарының ішіне қара йжылжысақ, нейтрон тамшысы деген жерге жетеміз. Бұл тұста нейтрондар ядроларынан ағып шығады. Бұл аймақта көптеген нейтрондар мен электрондар орналасқан.
Пульсар  Лүпілжұлдыз — тұрақты периодпен әлемге (жер бетіне дейін) радиолық (радио-пульсар), оптикалық (оптикалық пульсар), рентгенді (рентгенді пульсар) немесе гаммалық (гамма-пульсар) импульс сигналын (ақпарын) тарқатып тұратын жұлдызды дене.
Қара құрдым(ағылшын: Black hole)жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып ала-алатын массасы өте ауыр жұлдыздық дене (үңгір емес) айтылады.
Қара құрдымның айналысында математикалық жолмен дәлелденген оқиға көкжиегі деген қабат бар, ол оқиғалардың енді ары қарай айқындалмайтын, оның ар жағын күзету мүмкін емес шек-шекарасы өңірі есептеледі. 
Қара құрдымды тіке күзету мүмкін емес, бірақ жанама тәсілдер арқылы оның бар екенін, шамасын, оның басқаларға қаншалық күш түсіріп жатқанын зерттеуге болады. Зат (жұлдыз) әдетте жұтылудан бұрын жоғары температураға ие ультракүлгін сәулесі мен рентген сәулесін төңірегіне шығара бастағанда оның Қара құрдымның ырқына құлай бастағаны белгілі болады. Қара құрдымның белгісі тұрақты жұлдыздар мен галактикалардың, тұмандықтар мен жұлдыздар тобының Қара құрдым төңірегінде үйіріліп, өз орны мен массасынан айырыла бастағанда жанама түрде Қара құрдымның бар екендігі айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет