Абай Құнанбаев. Ол орыстың
мысалшысы
И.А.Крыловтың мысалдарын аударған.
141. Абайдан кейін қазақтың көрнекті ақыны Ахмет Байтұрсынұлы аударып, 1909
жылы Петербургте «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп бастырып шығарды.
142. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) – ағартушы ақын, әдебиет зерттеушісі,
түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері. XX ғасырдың
басындағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ұлттық
жазудың реформаторы.
143. Ахмет Байтұрсынұлының жары – Александра Ивановна. Ахмет оған Бадри-
сафа деген ат берген. Бадрисафа есімі араб тілінен аударғанда – толған ай деген
мағынаны білдірген.
144. И.И.Хемницердің «Ат пен есек», А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, лирик ақын С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
145. «Ала қойлар», «Қартайған Арыстан», «Үлес», «Өгіз бен Бақа», «Қайыршы мен Қыдыр», «Ат пен Есек», «Егіннің бастары» атты көптеген мысалдарда өне-
гелі тұжырымдар аса мол.
146. Міржақып Дулатұлы: «… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қара-
пайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде
бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да,
шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы
дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…»
147. Рымғали Нұрғали: «Екі жинақ - «Қырық мысал», «Маса» - қазақ әдебиетін
жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың
ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан
кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалға-
стырып әкететін болады».
148. Рабиға Сыздықова: «Ахмет Байтұрсынов – халықты оқуға шақырған,
білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағар-
тушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, бала
оқытып, ұстаздық құрған тәжірибесі мол жан».