5сынып адебиет


– тақырып. 191. Көркемдік әдіске байланысты образдың екі түрі болады. Олар:  реалистік



Pdf көрінісі
бет15/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   679
– тақырып.
191. Көркемдік әдіске байланысты образдың екі түрі болады. Олар:
 реалистік 
образ, романтикалық образ. 
192. Романтикалық образ –
өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде 
әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық 
образдың ежелгі түрі ертегілер мен аңыздарда, батырлық жырларда кездеседі. 
193. Реалистік образ –
атынан белгілі, шындыққа негізделген кейіпкерлер. Олар 
арқылы шығармадан өмірдің ащы-тұщысын, шындығын көре аламыз.
194. Зейнолла Қабдолов: 
«Реалистік образ – нанымды образ: оның мінез-құлқы, 
іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқига… бәрі өлшеулі, бәрі 
мөлшерлі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңбері-
нен шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады».
Джек Лондон
195. Джек Лондон 
(1876–1916) – шытырман оқиғалы кітаптарымен әлем оқырман-
дарына кеңінен таныс американ жазушысы.
196. Оның 
«Ақ азу», «Өмірге құштарлық», «Солтүстік жорығы», «Мексика 
ұлы», «Әйел ерлігі», «Киш туралы аңыз», «Мартин Иден» 
атты шығармалары 
қазақ тіліне аударылған. 
197. Жазушы 
«Мексика ұлы»
әңгімесінде қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті мекси-
калық Ривера мен ақ нәсілді боксер Дэнни Уорд арасындағы жекпе-жек арқылы 
көрсеткен.
198. «Жапон жағалауындағы Тайфун»
атты тұңғыш очеркі 1893 жылы 
«Сан-Франциско дауысы» атты газетте жарияланды.
199. Джек Лондонның 
«Қасқырдың баласы» (1900), «Оның әкесінің Құдайы» 
(1902), «Аяздың балалары» (1902), «Қар қызы» (1903) романы, «Ақ азу» повесі 
(1906), «Темір өкше» (1912), «Айлы алқап» (1913), «Үлкен үйдің қожасы» (1913),
т.б. шығармалары бар.
200. 1926 жылы қазақтың аса көрнекті психолог жазушысы 
Жүсіпбек Аймауытов 
Джек Лондонның «Телегей теңіз, аттаныс» шығармасын алғашқылардың бірі болып 
аударып, «Жаңа мектеп» журналының 4-5-сандарына жариялаған. 
201. Америкалық белгілі жазушы 1916 жылы Сан-Франциско қаласы маңындағы 
Глен-Эллен мекенінде дүниеден өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет