Жиделібайсынды бөтен елден емес, қазақ топырағынан іздейді. 104. Қазақ әдебиетінің тарихи өлшемі: 1)Халық ауыз әдебиеті; 2)Ежелгі дәуір
әдебиеті; 3)XV-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті; 4)XIX ғасыр – XX ғасырдың бас кезін-
дегі әдебиет; 5)Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті; 6)Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ
әдебиеті.
Зар заман кезеңі 105. «Зар заман ақындары» – қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш рет (1927 ж.)
М.Әуезов енгізген ұғым.
106. М.Әуезов «Зар заман ақындары дәуірін» Абылай хан тұсынан Абайға дей-
інгі жүз жылды ұластырып, Нармамбет ақынмен аяқтайды.
107. Д.Бабатайұлы (1802-1874) – ШҚО Аягөз ауданында дүниеге келген. Бұқар
мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан.
108. М.Әуезовтың «Абай жолы» еңбегіндегі
Барлас ақынның прототипі – Дулат Бабатайұлы. 109. Толғау дегеніміз – қоғам, өмір туралы, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық
т.б. тақырыптарда ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайтын әдеби жанр.
110. Толғаудың негізгі сарыны – дидактикалық сарын.
111. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті.
112. Риторикалық сұрау (лепті сұрау) – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін
жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
113. Қайталау - сөз әсерін күшейте отырып оқырман назарын айрықша аударғысы
келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды
ұғымға мұқият сіңіре түсу
114. Эпифора (кезекті қайталау) - өлең тармақтарының соңында бір сөз тіркесінің
қайталанып келуі, Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз
әсерін арттыру үшін қолданылады. Мысалы,
Оқ жаңбырдай жауған күн,
Оң қанатын теріс жайып,
130. «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңінде балаларды білім алуға шақырады.