5сынып адебиет



Pdf көрінісі
бет11/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   679
Байланысты:
5сынып адебиет

131. «Айқап»
журналының бірінші нөмірін Ыбырай Алтынсарин өлеңімен ашқан
болатын.
132. Ы. Алтынсариннің
еңбектері
Қазан төңкерісіне дейін үш рет жеке
кітап болып басылса, 
кеңестік дәуірде ондаған жеке кітаптар, жинақтар
болып, антологиялар мен хрестоматияларға, оқулықтарға енді. 
133. Ы. Алтынсарин – 
мектептер жанынан физика, химия кабинеттерін ашып,
дала балаларын алғаш рет барометр, микроскоп, электромагнит, телеграфтың 
жұмыс істейтін модельдерімен, ғажайып шам, әртүрлі коллекциялары мен танысты-
рған ағартушы ғалым.
134. Әңгіме – 
оқиғаны баяндап айтуға құрылған, қара сөзбен жазылған шағын
көркем шығарма. Әңгімеде бас аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. 
Әңгіме кейіпкерлері көп болмайды, аса маңызды деген қысқа оқиға суретте-
леді.
Ахмет Байтұрсынұлы
135. Өлең – 
ырғағы мен ұйқасы, шумағы мен бунағы белгілі бір тәртіпке бағынатын 
шағын көлемді поэзиялық шығарма. Өлең шумақтарға бөлінеді. Әр шумақ тармақтар-
дан, тармақ бунақтардан, бунақ буындардан тұрады. Өлең бунақ пен буындарға 
өзіндік ырғағына байланысты бөлінеді.
Өлең – // сөздің патшасы, // сөз сарасы, (а)
Қиыннану/ қиыстырар // ер данасы. (а)
Тілге жеңіл, // жүрекке // жылы тиіп, (б)
Теп-тегіс, // жұмыр келсін // айналасы. (а)
Бұл – бір шумақ өлең, Берілген бір шумақ төрт жолдан, яғни төрт тармақтан, әр 
тармақ 11 буыннан, айтылу ырғағына байланысты 3 бунақтан құралған.
136. Мысал –
шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағлым-
дық мәні бар шығарма. Көбіне аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады, сол арқылы 
адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік сықақпен сыналады. Идеясы 
астарсыз, ашық, тура, мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
137. Мысал өлеңмен де, қарасөзбен де беріледі.
138. Аллегория дегеніміз –
адамдардың орнына жануарлар мен жәндіктерді, 
өсімдіктерді алып, олар арқылы адам жасайтын әрекеттерді көрсету.
139. Аллегория
(көне грек. allegoria - пернелеп, түспалдап айту) – оқырманның 
санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей образ жасаудың бейнелеуші құралы
көркемдік тәсіл. Әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі образдар арқылы 
көрсету, Мысалы, түлкі – қулық арыстан – зорлық қасқыр – қастық қоян сужүректік, 
аққу – адалдық қасиеттерін білдіреді.
140. Қазақ сөз өнерінде мысал жанрын дамытқан – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет