5сынып адебиет



Pdf көрінісі
бет9/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   679
Байланысты:
5сынып адебиет

91. Баянауыл
тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», – деп қазіргі Баяна-
уылды өзіне жайлау етіпті. 
92. Әулие атаның батысындағы
 Жуалы
жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, 
қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер», – депті.
93. Қарсақбай
аймағын көргенде (Жезқазған жері): «Айналаң жапан түз екен, 
тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!», – деп жүріп кетіпті.
94. Шыңғырлауды
көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, 
сен өсірдің!», – деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып, 
«Шыңғырлау өкпелер» деп, сонда қонып кетіпті.
95. Ұзын аққан 
Ертісті 
көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отыр-
мас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып 
тұрған жер екен», - депті.
96. Түндікті өзенін
көргенде: «Он екі қазылық ойтүндік, маңырап жатқан қой 
түндік. Қойдың құлағы түтам шығып тұрған жер екен», - деп тастап кетуге қимай
артына үш қараған екен. Сонан 
«Үшқара» 
атанған екен таудың аты.
97. Қызылтау
деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып 
жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», - депті.
98. Баянауыл
тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында түзы бар 
екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады 
екен. Тұзы жібермейді екен»,- депті.
99. 
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрға-
ның - мынау ащының арқасы екен. Мал жазғытүрым бір жүма ащылайды екен, күзге 
таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», - депті.
100. Шідерті 
деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты 
ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шідерлеп қойған-
дай тоқтайтын, жылқының қонысы екен», - депті.
101. Өлеңті 
өзенін көргенде, тоқтап еш нәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. 
«Неге үндемейсіз?» - дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - 
май», - деп жүре беріпті.
102. Сілентіден өтіп
Жалаңаштың 
тұқына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, 
сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң 
аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің», - депті.
103. Аңыз Асанқайғы «шұрайлы қоныс, нұрлы өлке – Жерұйықты таба алмапты» 
дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет