Әдістемелік нұсқау:
СОӨЖ-ді конференция түрінде өткіземіз. Конференцияға қатысатын студенттердің баяндамалар жинағы «конференцияға» қатысушылардың әрқайсында бар. Сонымен қатар осы тақырыпқа байланысты кітаптардан көрме ұйымдастырылған. Жұмыс жоспарын және регламентін бекітеміз.
Жұмыс жоспары:
Мектепке дейінгі дайындық және бастауыш сыныптарда оқылатын «Фигураның ауданы және оны өлшеу» тақырыбының мазмұнындағы сабақтастығы.
Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигуралардың аудандарын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
Аудан бірліктерімен және олардың арасындағы байланыспен таныстыру.
Палетканың көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.
Тік төртбұрыштың және шаршының ауданы.
Тікбұрышты және теңқабырғалы ұшбұрыштың ауданы.
Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу арқылы табу.
Ауданды табуға берілген есептерді шығару.
Математика тарихынан. Евклид және оның «Бастамалары».
Конференция жұмысының регламенті:
Баяндамалар – 5 - 10 мин
Қатысушылардың сөзі - 2 мин
Достарыңызбен бөлісу: |