2. Даму деңгейі орташа елдер.Олар бірінші топқа жататын елдерден тарихы мен әлеуметтік экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар. Аталған елдерді де ені топ тармағына бөлуге болады.
2.1. Капитализмнің үстемдігі жағдайында саяси тәуелсіздік пен орташа даму деңгейіне қол жеткен ел. Оған Ирландия жатады. Ол империализмге қарсы күресте өз тәуелсіздігіне аса қиын жағдайда қол жеткізген ел, бұрын бұл топ тармағына бұрын Финляндияда жатқан.
2.2. Даму жағынан артта қалған елдер: Испания, Португалия, Греция. Олар бұрын адамзат тарихында зор роль атқарған. Федализмнің соңында олар ірі отарлық империя құрғанымен кейіннен айырылып қалған.
Индустрия мен қызмет көрсету саласында біршама жетістікке қол жеткізгенімен бұл елдер экономикасы жоғары дамыған мемлекеттерден артта қалуда. Бұл елдердегі феодалдық қатынастардың қалдықтарының сақталуы экономикалық даму деңгейлерін тежеді. Оңтүстік Европа елдерінде (Испания, Португалия, Греция) бүкіл батыс Европаны қамтыған буржуазиялық революциялар мен реформалар болған жоқ қазіргі кезеңде аймақтағы акропольдар мен храмдар, замоктар, қорғандармен сырайлар аталған елдердің экономикасына белгілі дәрежеде ықпал етеді.
2.3. Шығыс және Орталық Европаның постсоциалистік елдері бұл елдер тобына бұрынғы социалистік даму жолында болған Польша, Чехия, Словакия, Словения жатады.
3.3. Экономикасы нашар дамыған дамушы елдер Бұл топқа Азияның латынамерикасының Африка мен мұхит аралдарының бұрын Батыс Европа мемлекеттерінің отары болған елдер жатады. Олар дүние жүзі халқының ¾ бөлігін, құрлықтың 70% құрағанымен өңдеуші өнеркәсіптің небары 17% өндіреді. Дамушы елдердің метраполяға саяси және экономикалық тәуелділігі капитализмнің кеш дамуы әсер етті.
Дамушы елдерге тән бірнеше ерекшеліктер бар.
Экономикасының нашар дамуына байланысты ұлттық табыстың өте төмен болуы; (100-200 доллар шамасында) 2) Шетелдік ТҰК табысы, пайыздық өсім түрінде сыртқы тасмалдауына байланысты қоғамдық өнімдердің орнының толмауы; 3)Қаржы көздерінің нашар дамуына байланысты дүниежүзінде ғана емес, ішкі ұлттық нарықта да әлсіз болуы; 4) Ұлттық жеке меншік қаржының әлсіздігінің орнын толтыру үшін экономикада мемлекеттік сектордың басым болуы; 5) Жоғары дамыған елдерге технологиялық тәуелділікке орай ескірген технологияларды пайдалануға байланысты сыртқы саудадағы өнім тапшылығының тууы; 6) Ішкі нарықтағы экспортқа бағытталған салалардағы еңбек өнімділігі мен ұлттық табысты бөлуден бастап адам құқығын қорғауға дейінгі әлеуметтік теңсіздіктің болуы. Бірікке ұлттар ұйымының жіктеуына сәйкес дамушы елдер үш ірі топ тармағына әр топ тармағы бірнеше топшаларға жіктелген.