5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Экономикалық және әлеуметтік географияның ақпарат көздері Географиялық зерттеу әдістері



бет2/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

1.2 Экономикалық және әлеуметтік географияның ақпарат көздері Географиялық зерттеу әдістері
Экономикалық және әлеуметтік географияның ақпарат көздері. Экономикалық-географиялық зерттеулерде қолданылатын ақпараттардыңнегізгі түрлеріне мәтіндегі деректер, әр түрлі құжаттар, статистикалық мәліметтер, картографиялық және басқа графиктік бейнелеудержатады. Экономикалық-географиялық мәселелерлерді зерттеуде маңызды ақпарат көзі қызыметін сәйкес келетін ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер. атқарады.
Тиянақтау нышанына қарай экономикалық-географиялық ақпараттарды жазба құжаттар, әр түрлі құжаттар, статистикалық мәліметтер, фотоқұжаттар деп бөлінеді.
Географиялық зерттеу әдістері. Физикалық география пәндері бойынша білетін зерттеу әдістеріне тоқтала отырып, экономикалық әдіс тәсілдермен танысу. Олардың ішінде социологиялық, математикалық-статистикалық әдіс және Интернет жүйесімен таныс болуларыңа орай көптеген ақпаратты Интернет желісі арқылы табуға болады. Қазіргі кезде географиялық ақпараттық жүйе ГАЖ кеңінен қолданыста. Дүниежүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы қоршаған орта, табиғат ресурстары, шаруашылық туралы ақпараттарды бере отырып, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және экологиялық жүйе тұрғысында қарастырып жаңа білім қорларын қалыптастырады.(2-сурет).



2-сурет. Экономикалық және әлеуметтік географияның зерттеу әдістері

Географиялық білім көздері ретінде ғылыми басылымдарды, ғылыми-танымдық, саяси әдебиеттерді анықтамалық материалдарды, газет, журнал басылымдары мен радио теледидар хабарларын ұтымды пайдалануға болады. Интернет арқылы және электронды оқулықтарды пайдалана отырып көптеген оқулыққа енбеген түсініктер мен терминдерді білуге болады.




1.3 Географиялық еңбек бөлінісі курстың басты нысаны
Басқа ғылымдар сияқты экономикалық және әлеуметтік географияда талдау,
синтездеу әдістеріне қолданылады. Ол пәннің зерттейтін негізгі нысандарын белгілі бір ауқымда жіктеп оларға тән заңдылықтарда анықтауға мүмкіндік береді.
Талдау әдісі курста бір-бірімен қарым-қатынас нәтижелерінде географиялық еңбек бөлінісі қалыптасатын дүниежүзінің табиғат байлықтары мен халқын оқыту барысында қолданылады.Индустрияландыру кезеңінен (ХҮІІІ-ХІХ ғғ) бастап қоғамдық еңбек бөлінісін қалыптастыруға жаңа техникалармен технологиялардың пайдалануы әсер етті.Кез-келген деңгейдегі бір-бірімен экономикалық байланысқан аумақтың (облыс, экономикалық аудан, ел, елдер тобының) қызмет көрсету мен өнімнің белгілі бір түрін өндіруге мамандануынан туындаған қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңістіктік көрінісі (географиялық немесе халықаралық еңбек бөлінісі) дейміз.
Қазіргі кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік географиядағы шаруашылық салалар жүйелеуінің негізін 1940 жылы ағылшынның экономист әрі жалпы статист ғалымы Н.Н. Баранский В.Н. Татищев Колин Кларк (1905-1989) қалады.Ол өзінің жүйелеуінде шаруашылықтың барлық салаларын үш сатыға (секторға) бөлді. Қазір ол беске жетті.
Бірінші сатыға шаруашылықты қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін бастапқы немесе базалық салалар. Оған ауыл шаруашылығын, балық, орман шаруашылықтары мен таумен өнеркәсібін жатқызды.
Екінші сатыға шикізаттан дайын өнім өндіретін (өндіріс құрал жабдықтары мен тұтыну заттарын) өңдеуші өнеркәсіп салаларын жатқызды.
Үшінші сатыға қызымет көрсету салаларын жатқызды. Оған адамның барлық рухани және
физикалық қажеттілігін өтейтін қозғалатын және қозғалмайтын (көлік және комуникация,
қаржы, денсаулық сақтау, білім беру) мүліктер кіреді.
ХХ ғасырдың соңында дүниежүзілік маңызы бар жаһандану үрдісіне ұйытқы болған кәсіпорындар (транс ұлттық корпорациялар) пайда болды.Қазіргі кезеңде техникамен технологиялардың күрделенуіне байлансты қоғамдық еңбек бөлінісінде тағыда екі сектор пайда болды.
Төртінші сатыға (секторға) шаруашылықтың тік және көлденең бағытта жіктелуіне байланысты туындаған басқару аппараты, инженер-менеджер конструкторторларды біріктіретін басқару жүйесі жатады.
Бесінші сатыға (секторға) қоғамның интелектуалды элитасы ғылым, білім беру, денсаулық сақтау қызмет жатады:
Біріккен ұлттар ұйымының және Евростандарттың ұйғарымы бойынша қазіргі халықаралық статистика шаруашылықтың үш сатылы жіктелуін негізге алады.
Халықаралық статистик бірінші нольдік өнімі, биологиялық жолмен алатын ауыл шаруашылығын нольдік жатқызады.Екінші сатыға (секторға) тауменен және өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары енеді.Қызмет көрсетудің барлық салаларын үшінші сатыға (секторға) кіреді.
Синтездеу әдісі географиялық еңбек бөлінісінің құрамдас бөліктерімен факторларының әртүрлі ауқымдағы өндірістік кешендер деңгеінде елдердің аймақтық құрамдасуын оқыту барысында қолданылады. Синтездеу әдісін пайдалана отырып ірі аймақтармен жеке елдерге жан-жақты сипаттама береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет