5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дамушы елдердің көш басындағы елдер



бет12/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

3.1. Дамушы елдердің көш басындағы елдер жер көлемі экономикалық үлгісі, қоғамдық құрылысы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар.

  1. Бразилия мен Мексика бір жарым ғасыр бойы капиталистік жолмен дамыса, Үндістан мен Қытай екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз тәуелсіздіктерін алды.Бразилиядан басқа үш мемлекет ежелгі өркениеттің ірі орталықтары болып саналады. 2. Дамушы елдердің ішінде ірі экономикалық, адам және мәдени қуатқа ие болып отыр. Олар жалпы ішкі өнімнің көлемі жөнінен бірінші 15 елдің қатарына енеді. 3. Қытаймен Бразилия басты 6 капиталистік елдерден кейінгі 7-8 орынға көтерілді. Олар бүкіл дамушы елдерде өндірілген өнімнің мөлшерін өндіреді. 4. Бұл елдер ғылым-техникалық қаржы-экономикалық және ресурстық қамтамасыз етілуі тұрғысынан дамушы елдердің ішіндегі ең қуаттылары болып саналады. 5. Нарықтық экономикаға көшкен үш елдің 500 ірі өнеркәсіп корпорациясы әлемнің 100 банкке ие. 6. Бұл елдер табиғат байлықтарымен арзан артық жұмыс күшіне ие болып отырғандықтан ТҰК өзінде таралған.

3.2 Салыстырмалы түрде есейген капитализм елдері. Бұл топ тармағына капиталистік қатынастар соңғы он жылда үстемдік ете бастаған латын Америкасының Африканың Араб және Оңтүстік-Шығыс Азияның сонымен қатар бір қатар постсоциалистік мемлекеттер кіреді.
Дамушы елдердің бұл топ тармағына жататын елдер экономикалық даму деңгейіне қарай 6 топшаға бөлінеді.
3.2.1. Капитализм ерте дамыған қоныс аударушы елдер. Дамушы елдердің бұл типіне аграрлық ресурстарға бай капиталистік даму жолына ерте түскен Аргентина мен Уругвай кіреді. Аргентинада индустрияландыру бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалыптаса бастаған ауыл шаруашылығында ірі момещиктік жер иелену латифундизм басым. Халықаралық еңбек бөлінісінде екі елде аграрлық ел болып саналады.
3.2.2. Ірі анклавалы капитализм дамыған елдер.. Бұл типке Венесуэла, Чили, Иран, Алжир, Иран мемлекеттері жатады. Капиталистік қатынастарды бұзып, товар-ақша қатынасын қалыптастыруда маңызды орын алған экспорттық шикізаттардың қатарына Чилидегі селитра мен мыс, Венесуэла, Алжир, Иран мен Ирактағы мұнай мен газ жатады. Оларды игеруге шетел қаржылары елеулі роль атқарды. Экспорттан түскен таза пайданы бөлу шаруашылықтың барлық салаларын соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға ықпал етті.
3.2.3 Сыртқа өнім шығаруға бейімделген капитализм дамыған елдер. Дамушы елдердің бұл типіне төрт құрлықтың табиғат байлықтарының қорымен халқының саны орташа, дамудың әртүрлі деңгейінде тұрған шетел қаржысымен деформацияланған дүниежүзілік капитализмнің модернизациясына ұшыраған елдер кіреді.Олар :9
- Латын Америкасындағы Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Парагвай;

  • Оңтсүтік-шығыс Азиядағы Корея республикасы ,Тайвань, Малазия, Тайланд, Филиппин; Орта Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Түркия, Сирия, Иордания, Египет, Марокко, Тунис;Африкадағы Сахараның оңтүстігіндегі Сенегал мен Кения;

Орталық және Шығыс Европадағы бұрынғы постсоциалистік мемлекеттер Румыния, Болгария, Македония жатады Индустрияландыру импорт алмастыру ретінде жай жүзеге асырылды. Дамушы елдердің бұл типіне жататын елдердің ерекше тармағы ретінде оңтүстік-шығысжәне шығыс Азияның жаңа индустриялы елдері қалыптасты. (Корея республикасы, Малайзия, Филиппин, Тайланд). Бұл елдердің ішінде ең жоғарғы жетістікке Корея Республикасы жетті.
3.24 Плантациялық шаруашылыққа тәуелді шағын елдер. Бұл топ тармағына Орталық Америкадағы Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор, Гвантема Гондурас, Доминикан Республикасы, Ганти, Куба, Шығыс жартышардағы котд-Ивуар, Гана, Шриланка жатады. Халық санымен табиғат балықтарының аздығы, АҚШтың тұрақты түрде араласуы аграрлық мамандануына ықпал етеді. Бұл елдерде өндірілген қант, өнімдерін АҚШ-тың компаниялары сатып алады. Соңғы жылдары ТҰК бұл елдердің халқын еңбекпен қамтамасыз етумен индустрияландыру жолдарын іздестіруде. Шығыс жартышардағы елдердің топ тармағы метропологиялардың (отарлаушылардың) толық үстемдігі жағдайында қалыптасты.
3.2.5 Капитализмнің “Концесиялық” дамуындағы шағын елдер. Бұл елдер типіне дүние жүзілік нарықтағы бағаға тәуелді ірі тау кен өндірістік корпорациялардың клнцепциясы болып табылатын Ямайка, Трипадад және Тобаго, Суиринам, Папуа-Жаңа Гвинея жатады.
3.2.6. Шағын және ұсақ пәтер беруші елдер
Бұл елдер тобына аралдармен теңіз жағалауында орналасқан 20 астам ел кіреді. Солардың ішінде Бермуд, Кайман, Жаңа Каледон аралдары әліде болса отар немесе тәуелді аумақ болып табылады. Басқа дамушы елдерден ерекшелігі билікті толығымен ТҰК жүргізеді. Түскен табыстың аз бөлігін жергілікті жер иелеріне аударып, аумақты өз қалауынша пайдаланады. Біріншісі шетел туристерін тартатын қонақ үй елдері (Мальта, Кипр) екіншісі салық органдарының қолы жетпейтін (авшорлық аймақтар) банк орталықтары мен корпорациялардың штаб пәтерлері (Багам, Барбодос, Бермуд, Кайман, Бахрейн, Панама) Үшіншісі салықтың жалтаратын қолайлы жалау елдері (Бахрейн,Панама, Сингапур, Либерия) төртіншісі Шағын қуыршақ мемлекеттер, экологиялық қауіпті өндірістердің орталығы болып табылады (химия, мұнай өңдеу т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет