5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Аустралияның көлік жүйесі. Сыртқы экономикалық байланыстары



бет117/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Аустралияның көлік жүйесі. Сыртқы экономикалық байланыстары. Аустралияның көлік жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Сыртқы жүк айналымы түгелдей дерлік теңіз жолы арқылы жүзеге асады. Ал ішкі жүк айналымында втокөлік басымдық танытады, яғни жалпы жүктің 80%-ға жуығы автокөлікпен тасымалданады. Ірі жол тораптары темір жод желілерімен қатар жүріп отырады, мысалы, Алис - Спринг -Дарвин жол торабы.Аустралияда 70-тен астам сауда порттары бар, олардың көпшілігі арнаулы жүк тасымалына маманданған. Жүк сыйымдылығы жоғары порттарға Порт-Хедленд (68 млн т), Ньюкасл (67 млн т), Дампир (48 мли т) жатады.
Әуе көлігі Аустралияны сыртқы дүниемен және оның ішкі аудандарымен байланыстыруда маңызды орын алады. 43 халықаралық әуе компаниялары Аустралиямен әуе байланысын жүзеге асырады. Олардың ішіндегі ең ірісі - "Куантас" компаниясы, оның қызметін жылына 3 млн-ға жуық адам пайдаланады. Бұл Аустралиядағы әуе қызметін пайдаланатып жолаушылардың 40%-ын құрайды.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Аустралия дүние жүзінде импорт пен экспорттың жалпы құны жөнінен жиырмасыншы орында. Соңғы 25 жыл ішінде жалпы экспорттағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі ¾-тен 1/3-ге дейін төмендеді. Пайдалы қазбалар мен отын, металдар үлесі 10%-дан 35%-ға көтерілді. Экспорттағы өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 1/4-де тұрақтанды. Экспорттағы Жапония үлесі күннен-күнге артуда. Жалпы экспорттың 1/4-і, пайдалы қазбалардың, металл мен отынның 2/5-сі), керісінше Ұлыбритания үлесі азаюда.
Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы елдермен экономикалық байланыстар күшеюде, әсіресе көршілес орналасқан Жаңа Зеландиямен кеден салығын төлемей-ақ сауда жасауға келісімге келген. Мұхит аралдарының ұсақ елдері үшін Аустралия сыртқы саудадағы тұрақты жетекші ел болып есептеледі.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері Аустралия Одағымен экономикалық және әлеуметтік байланыстар жүзеге асуда. Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде 7 бірлестік жұмыс жасайды, ондағы сауда және қызмет көрсету үлесі 14 млн доллардан асады.

15.4 Мұхиттық Аралдар елдеріне шолу
Мұхиттық Аралдар елдері – бұл Тынық мұхиттағы , көбіне оның оңтүстік – батыс және орталық бөліктеріндегі үлкенді – кішілі аралдардың жиынтығы. Оларды, әдетте, үш топқа бөледі: Меланезия (Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония, Жаңа Гебридтер, Сүлеймен, Фиджи аралдары, Бисмарк архипелагы), Полинезия (Маркиз аралдары, Туамоту, Шығыс және Батыс Самоа, Тонга, Тувалу, Гавай, Жаңа Зеландия және т.б.), Микронезия (Маршалл, Каролин, Мариан аралдары, Гилберт аралдары, Науру және т.б.).
Саяси тұрғыдан Мұхиттық Аралдар елдері жиырмадан астам егемен мемлекеттер мен тәуелді аумақтар жатады. Гавай аралдары – Полинезияның бір бөлігі – АҚШ – тың 50- ші штатына айналдырылған. Мұхит аралдарының өзге елдерінен Жаңа Зеландия да өте – мөте өзгеше; мұнда халықтың 90 пайызына жуығы еуропадан шыққандардың ұрпақтары.
Мұхиттық Аралдарды нәсілдік, тілдік және тарихи – мәдени тұрғыдан бір – бірінен көп өзгешіліктері бар алуан түрлі көптеген халықтар мекендейді. Халықтың жартысына жуығы байырғы тұрғындар, қалғандары келімсек адамдар. Бірқатар көрсеткіштер бойынша (сауаттылық деңгейі, өмірдің орташа ұзақтығы, дәрігерлермен қамтылуы және т.б.). Мұхиттық Аралдар елдері көптеген дамушы елдерден, әсіресе африкалықтардан алда. Аралдар тұрғындарының көп бөлігі ауыл тұрғындары (Папуа – Жаңа Гвинеяда 80 %, Вануатуда 75%). Сондықтан тауарлық экспорттық түсімнің негізгі бөлігін (кокос жаңғақтары мен олардың кептірілген ішкі бөліктері- копра, кофе, какао, дәдеуіштер) ауыл шаруашылығы береді.
Минерал ресурстар қоры мол тау-кен өнеркәсібі негізгі мамандану саласы болып табылатын мемлекеттерге Папуа-Жаңа Гвинея (алтын, мыс кендерін өндіру) Жаңа Каледония (никель кенін өндіру), Науру (фосфор кенін өндіру) жатажды. Француз Полинезиясы теңіз маржандарын аулаумен ерекшеленеді. Жаңа Зелландия мен Жаңа Каледонияда энергетика, түсті металлургия жақсы дамыған. Кейбір аралдарда (Папуа – Жаңа Гвинеяда, Сүлеймен аралдарында, Фиджиде, Батыс Самоада) бағалы ағаш сүрегін дайындап шет елдерге экспорттайды.
Қазіргі кезде Мұхиттық Аралдар елдерінде негізінен австралиялық фирмалардың көмегімен өңдеуші өнеркәсіптің жеңіл, тамақ, ағаш ұқсату, металл өңдеуу секілді салалардың кәсіпорындары салынды. Олардың көпшілігі ішкі нарыққа бағдарланған.
Мұхиттық Аралдарды қоршаған теңіздер мен мұхиттардың суында биологиялық ресурстар мол.
Теңіз түптеріндегі минерал ресурстар да едәуір. Алайда олардың ауқымды түрде игерілуі әлі алдағы іс.
Экономикалық даму деңгейлері жөнінен мұхит аралдары мемлекеттері бірінен – бірі едәуір ерекше. Ең дамығаны Жаңа Зеландия болса, неғұрлым қалыңқылары Сүлеймен аралдары, Тувалу, Кирибати және т.б. Дүние жүзінің дамыған экономикалық орталықтарынан және бір – бірінен шалғайлығы аралдық мемлекеттердің жедел өркендеуі жолында елеулі бөгет болған күйінде қалып отыр. ЖІӨ көрсекіштері бойынша мұхит аралдаы елдерінің бір-бірінен бірқатар айырмашылықтары бар. Атап айтсақ жан басына шаққанда ЖІӨ Науруда 15 мың. долл. Фиджиде 1500 долл. Папуа – Жаңа Гвинея, Сүлеймен аралдары, Вануатуда 900 долл., Батыс Самоа, Кирибати, Тувакуда 400 ден 600 долл. дейін..

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет