5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүниежүзіндегі мемлекеттерді басқару нышандары мен әкімшілік- аумақтық құрылымына қарай жіктеу



бет7/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

2.3 Дүниежүзіндегі мемлекеттерді басқару нышандары мен әкімшілік- аумақтық құрылымына қарай жіктеу
Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 250-ден астам ел бар, оның 200-ден астамы тәуелсіз мемлекеттер (2012 жылғы дерек бойынша).
Тәуелсіз мемлекеттер. Мемлекеттік құрылысы. Мемлекеттік мәртебесі бар, егеменді елдер құрылымы мен басқару формалары бойынша әртүрлі болады. Ең көп таралғаны – республикалық форма. Республикада заң шығарушы өкімет билігі парламентте болса, оны атқарушы үкімет, мемлекет басшысы. Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді. Президенттік республиканың басқару формасында президенттің құқылы билігі басымырақ, мемлекет пен үкіметті президенттің өзі басқарады. Парламенттік республика жағдайында басты тұлға президент емес; атқарушы билік қызметін – үкімет басшысы (премьер-министр немесе канцлер) атқарады.
XIX–XX ғасырлардан бастап ірі отар иеленуші елдердің езгісінен, құлдықтан босанған Латын Америкасы, Азия, Африка елдерінің басым көпшілігі басқарудың осы формасына көшті.1990 жылдары КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) бастаған әлемдегі социалистік жүйе ыдырауына қарамастан Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Куба басқарудың социалистік республикалық формасын сақтап қалды.
Монархиялық басқару жағдайында мемлекеттің ең жоғарғы билік иесі бір ғана адамның – монархтың (император, король, князь, герцог, сұлтан, әмір, папа, көсем т.б.) қолында. Билік ету құқығы атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Қазіргі кезде әлемде 31 монархиялық елдер бар: Азияда – 14, Еуропада – 12, Африкада – 3, Мұхиттық аралдарда – 2
Монархиялар өз кезегінде абсолюттік және конституциялық және теократтық болып бөлінеді.
Отар (лат. colonia — қоныс) (колония) -бұл шет елдік мемлекеттің (метрополияның) иелігіндегі саяси, экономикалық дербестігінен айрылған, арнайы тәртіппен басқарылатын ел немесе аумақ.
Протекторат–бұл ішкі істерінде кейбір дербестікті анықтайтын экономикалық және саяси тәуелді ел немесе аумақ.
Монархия (грек. monarchіa – дара билік) -бұл жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ,сұлтанханхалифкорольимператор, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты. Ол конституциялық және абсолют монархия болып екіге бөлінеді.
Республика–бұл мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. айтады. Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет