5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Африка елдері шаруашылығы. Көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары



бет111/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

15.2 Африка елдері шаруашылығы. Көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары
Африка елдері экономикалық және әлеуметтік даму дәрежесі жөнінен аймақтағы елдерден әлдеқайда артта қалған (ОАР-дан басқасы). Басты экономикалық көрсеткіштері бойынша Африканың көптеген елдері халықаралық аутсайдер (ағылшын тілінде - бөтен, жат) жағгдайында қалып отыр. Қазіргі тандағы адамзат басына ауыртпалық әкеліп отырған жағдайлардың барлығы дерлік Африка үшін шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады.
Африка елдері экономикасының бір жақты аграрлы-шикізаттық бағытта дамуы және осы негізде ауыл шаруашылығының нашар дамуы, аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалык артта қалуының басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген елдерде бұл бір жақтылық бір ғана дақыл (монокультура) түрін өндіруге маманданудан айқын көрінеді.
Қазір бір жақты халықаралык маманданудың нәтижесінде ондаған елдер экспортқа шығаратын бір-екі тауардың дүниежүзілік сұранысына тәуелді болып қалуда.
Өңдеуші өнеркәсіп нашар дамығанымен, көптеген елдер кен өнеркәсібінің жақсы жолға қойылуымен ерекшеленеді. Көлік жүйесі де елдер арасындағы және олардың ішкі аудандарымен байланысты өз дәрежесінде жүзеге асыра алмай отыр.
Өнеркәсібі. Африка елдерінде соңғы жылдары тау-кен өнеркәсібі зор табыстарға қол жеткізді. Қазір найдалы казбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африка дүние жүзінде манызды, кейде тіпті жетекші орындарды да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды; Нигер уран; ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленеді. Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді "қызыл металл елі" деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Ботсвана алмас өндіру мен оны сыртқа шығарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка елдеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау-кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындайды.
Соңғы жылдары Африка елдерінде өңдеуші өнеркәсіп қарқынды дамуда. Бұл сала, ең алдымен, жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Ең күшті дамыған сала — түсті металлургия, олар, негізінен, кен өндіретін өнеркәсіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы және тазартылған мыс өндіретін (Замбия, Заир), металдық алюминий өндіру (Камерун, Египет), полиметалл кендерін байыту (Конго) кәсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі.
Қара металлургия кәсіпорындары, керісінше өз қажеттерін өтейтін өнімді ғана өндіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана кәсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын құрастырады. Химия өнеркәсібі Солтүстік және Батыс Африканың көптеген елдерінде (Ливия, Алжир, Нигерияда мұнай айыру) мұнай кендерінің ашылуымен байланысты қарқынды дамуда. Сонымен қатар бұл аймақтарда азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едәуір мол кездесетініне қарамастан отын-энегетика өнеркәсібі (мұнайдан басқасы) нашар дамыған. әсіресе электр энергиясын өндіруден артта қалып отыр.
Жеңіл өнеркәсіп салалары арасынан тоқыма өнеркәсібінің алатын орны ерекше. Солтүстік Африка елдері өздерінің мақта матасына деген тұтыну талабын толығымен қанағаттандырып, мақтадан иірілген жіптері мен тігін өнімдерін (Египет, Марокко, Тунис) сыртқа шығарады.
Тамақ өнеркәсібі салаларынан май шығару (зәйтүн, жержаңғақ, пальма майы), ұн тарту, қант және шарап жасау өнеркәсібі көзге түседі.
Ауыл шаруашылығы. Африка елдері экономикасының негізі ауыл шаруашылығы болып саналады. Бұл салада ЭБХ-ның 2/3-сінен астамы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 40%-ға жуығын береді. аймақ елдерінің экспортындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 70 пайызға жетеді. Аграрлық қатынастар ерекше күрделілігімен көзге түседі, яғни жер иелену мен жерді пайдаланудың әр түрлі сипаттары қатар кездеседі.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы жетекші сала болып есептеледі. Ол екі бағытта дамуда; бірі - тұтыну, ал екіншісі – тауарлық бағыт. Тұтыну бағыты Тропиктік Африкада басым, ондағы көпшілік елдерде ру-тайпалық жер иелену сақталған. Жер өңдеуде ең артта қалған көне тәсілдер (отау-өртеу, кетпенмен өңдеу) қолданылатын дәстүрлі ұсақ шаруашылық және аз тауарлы шаруашылық сақталған.
Африканың бірқатар елдері бір дақыл өсіруге ғана маманданған. Мысалы, Египет Араб Республикасы мен Судан мақта; Кто-д*Ивуар, Гана, Нигерия какао; Кения, Эфиопия кофе; Сенегал жержаңғақ; Нигерия мен Заир майлы пальма; Алжир; Ливия; Египет құрма (дүние жүзі бойынша экспортқа шығарылатын құрманың 50%-ы) өсіруге маманданған.
Мал шаруашылығы. Африка дүние жүзінде мал басы аса мол аймақтардың бірі болып саңалады. Мұнда дүние жүзіндегі ірі қаранын 14%-ы, қойдың 16%-ы, ешкінің 32%-ы, түйенің 73%-ы шоғырланған. Бірақ мал өнімдерін өндіру мен оны тұтыну мөлшері жөнінен аймақ дүние жүзінде соңғы орындарды иеленеді. Африкаға мал шаруашылығының экстенсивті сипаты тән, яғни жайылымда бағылатын жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы басым. Аймақтағы мал басының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қолында жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет