5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет108/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Сыртқы экономикалық қатынастар. Латын Америкасы дүниежүзілк нарыққа мұнай, қара және түсті металл кендері сияқты шикізат товарларын соның экспорттайтын ірі аймақ болып табылады. Мысты -Чили, қалайыны-Бразилия мен Боливия, бокситті-Бразилия мен Ямайка, темір кенін-Бразилия, қорғасын мен мырышты-Перу экспорттаудан көзге түседі. Сонымен қатар аймақтан сыртқа мақта (Бразилия), жүн мен тері (Аргентина мен Уругвай) экспорттайды. Өнеркәсіптік экспорттың ½ бөлігі Бразилияға, тағы да ¼ Мексикаға тиесілі. Латын Америкасында өнеркәсіп товары мен қызыметкөрсету экспорты мен макиладорас индустрия деп аталатын экспорттық өңдеу аймағы жылдам қарқынмен өсіп келеді.
Капиталистік еңбек бөлінісі жүйесіндегі орынына сәйкес Латын Америкасынан шығарылатын экспорттық өнімдерге қойылатын шектеулерде байқала бастады. Көптеген елдерде бір өнім түрі бүкіл экспорттың құнының жартысынан астамын құрайды. Атап айтсақ Чилиде мыс пен мыс концентратының, Колумбияда кофенің, Боливияда қалайының, Эквадорда бананның, Венесуэлада мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты басым. Аргентина, Бразилия, Мексика сыяқты ірі елдерде ғана экспорттық өнімдер салыстырмалы түрде алуантүрлі.
Импорттық товарлардың құрылымында күнделікті тұтынатын товарлардың үлесі төмендеп, өндірістік құрал-жабдықтардың мөлшері артуда. Экспорттайтын өнімдерінің құны төмен ал импорттайтын товарлардың дүниежүзілік нарықтағы бағасының жоғары болуына байланысты аймақ елдерінің кірісінен шығынының көп екні байқалуда. Латын Америкасы экспорттайтын товарладың бәсекелесуінің төмендігіне байланысты дұниежүзілік нарықтағы үлесі 1950-1998 жылдар аралығында 12% тен 3%, ал импорттағы үлесі 10% тен 6,3% дейін төмендеді.
Сонымен қатар сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы да бір бағытқа бағытталған ауқымының тар болуымен ерекшеленеді. Латын Америкасының сыртқы сауданың аумақтық бөлінуі дамыған капиталистік елдердің тар шеңберіне бағытталғанын көрсетеді. Товар айналымындағы экспорттың 40%, импорттың 41% АҚШ-тың,24 және 18% Европа одағы мен Жапонияның үлесіне тиеді. Соңғы жылдары Аймақ ішілік саудасының қарқыны артуда. Өнеркәсіп өнімдерін экспорттауда Африка мен Азия едлерімен сауда-экономикалық байланыстар кеңеюде.
15 дәріс. Африка елдері. Аустралия Одағы мен Мұхиттық Аралдардың шаруашылығы
15.1 Саяси картасы. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Халқы мен еңбек қорлары
15.2 Африка елдері шаруашылығы. Көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары. Ішкі айырмашылықтары
15.3.Аустралия Одағына экономикалық-географиялық
15.4 Мұхиттық Аралдар елдеріне шолу
Материк жер шарындағы құрылықтың 1/5 бөлігін алып жатыр. Ауданы жағынан құрылықтардың ішінде Азиядан кейінгі екінші орында. Жағалауын Атлант және Үнді мұхиттардың сулары шайып жатыр.



Көрсеткіштер

Бүкіл дүниежүзі

Африка

ОАР

Ауданы мың км2

132850

30100

1221

Халқының саны (2000ж) млн адам

6000

800

44,3

Туу, ‰

24

40

31

Өлім, ‰

9

14

8

Табиғи өсу, ‰26

15

26

23

Ерлер мен әйелдердің Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

63/68

52/55

62/68

Жастық құрылымы 16 жасқа дейін және 65 жоғары

62/6

45/3

37/5

Қала халқының үлесі, 2000 ж, %

45

34

51

Жан басына шаққандағы ЖІӨ, 2000 ж, $

6050

1870

5030



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет