Африканың халқы мен еңбек қорлары. Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Тек Нигерияның халқы ғана 177,2 млн-нан асады, тағы да 10 елдің халқы 25-100 млн аралығында. Осы 11 елдің халқы аймақ халқының 56%-ын құрайды. Африка халқына тән басты белгінің бірі - халық санының жедел өсуі. Халықтың табиғи өсуінің қарқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда.
Құрамы. Бүгінгі таңда этнограф-ғалымдар Африка халқының құрамынан 1000-нан аса этностар мен ұлыстарды ажыратады. Солтүстік Африкада олардың кейбіреулері ірі ұлттарға айналған, ал басқа бөліктерде көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған. Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун мен Нигерия және Шығыс Африкада банту халқтары. материктің оңтүстік бөлігі бушмендер мен готтентоттар мекендейді. XIX ғасырдан бастап, голландиялық қоныс аударушылар - бурлар немесе африканерлер қоныс аударды.
Африка халқы тілдік және этностық құрылымы жағынан өте күрделі болуына қарамастан, халықтың басым көпшілігі нигер-кордофан және семит-хамит тілдерінде сөйлейді.
Африка халқының этностық жағынан өте күрделі кұрылымды. Нигерияда 200-ден аса тілдер мен диалект кездеседі. Аса ірі ұлт өкілдері: хауса, йоруба, ибо (олар ел халқының 2/3-сін құрайды) арасында үнемі шешімін таппаған жанжалдар жиі болып тұрады.
Африка елдерінің басым көпшілігінде өздері отары болып саналған елдің тілі ресми тіл ретінде қолданылады. 1990 жылдардың басында Африкадағы 55 елдің 17-сінде француз тілі (оның ішінде төртеуі араб тілімен қатар), 16 елде ағылшын тілі (тоғызы жергілікті тілмен қатар), 11 елде араб тілі (төртеуі француз тілімен қатар) ресми тіл болып саналады. Африка елдерінің тек 1/5-інде ғана жергілікті халықтың бір тілі ресми тіл болып есептелед.
Халықтың ұдайы өсуі мен орналасуы, кенттену дәрежесі. Африка дүние жүзінде халықтың ұдайы өсуі жөнінен ең жоғары қарқынға жеткен дүние бөлігі. Бұл осы аймақтағы көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге де байланысты. Африкадағы елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, сондықтан мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Мысалы, Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзанияда бала туу мың
тұрғынға шаққанда 50 нәрестеден асады. Бұл Еуропа елдеріндегі көрсеткіштерден 4-5 есе жоғары.
Африкада халықтың орташа тығыздығы (1км2-ге 22 адам) Еуропа мен Азияға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы сияқты Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахара шөлінде мүлдем адам қоныстанбаған өте үлкен аудандар бар.Африка жерінде халық өте жиі қоныстанған аудандарға өзен аңғарлары мен мен теңіз жағалауы жазықтары жатады. Мысалы, Египетте оның бүкіл халқы түгелге жуық дерлік (67 млн-нан артық, 2000 жылғы мәлімет бойынша) Ніл өзенінің атырауы мен аңғары бойында тұрады. Бұл аудандар Африка жерінің бар болғаны 4%-ын ғана құрайды. Ондағы халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 1300-1400 адамнан келеді, ал керісінше көршілес орналасқан шөлдерде тығыздық бір адамға да жетпейді.
Африка қала халқының үлесі жөнінен басқа аймақтардан әлдеқайда төмен дәрежеде (34% шамасында). Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік Африкада өте жоғары (Ливияда — 86%, Тунисте — 61%, Алжирде — 56%)), сондай-ақ ОАР-да 57%-ға жетеді. Ал кейбір елдерде бұл көрсеткіш, керісінше өте төмен дәрежеде. Мысалы, Эфиопияда 16%, Угандада 14%, Бурунди мен Руандада 5%-дан аспайды. Ежелгі, көне қалаларды есептемегенде Африкада ірі қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Миллионер қалалар саны көбеюде (20-дан астам).
Еңбек ресурстары. Африканың еңбек ресурсында жастардың үлесі жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта және төмен дәрежеде болғандықтан,еңбекке жарамды халықтың 2/3-сі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге мәжбүр. 2000 жылы Нигерияда халықтың жалпы саны 120 млн-нан астам болса, оның 39 млн-нан астамы экономикалық белсенді халық (ЭБХ) болып табылады, бұл жалпы халықтың 34%-ын құрайды. Елдегі экономикалық белсенді халықтың тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Ал қалған бөлігінің бір жартысы сауда-саттық және коммерциямен айналысса, қалғаны басым түрде қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.