5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет107/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Мал шаруашылығымен айналысу ет өндіруге бағыт бағдарқып әкеледі. Ірі қара мал өсіру үлкен көлемде жасыл желекті қажет етеді. Әр бір мал басын Адам жанына шаққанда Аргентина мен Уругвайда бұл көрсеткіш 2 – 3 есе үлкен. Малды өсіру бағу оның жоғарғы маңыздылығын көрсетеді. Аргентина мен Чили қалаларында малды өсіру оның әлемдік рыногында өте үлкен баға береді, ең төменгі баға Орталық Америкада Доминикан республикасында Гаитида ет бағасы өте төмен. Бір сөзбен айтқанда еттің 2/3 бір бөлігін экспорттау Аргентина мен Уругвайға тиесілі. Бұл жерде сол сияқты сүт өнімдері де оларды үлкен қалаларға жеткізу және ет тері сонғы кезде экспорттау үлкен қарқынмен жұмыс істеуге Бразилия мен Мексиканың айырмашылығы үлкен көлемде шошқа асырау болып келеді. Аз мөлшерде балық аулаумен айналысады, сол сияқты басқа азық - түліктермен айналысады. Перу мен Чилиде балық аулаудан д.ж. 20% алады [20].


14.4 Латын Америка елдерінің көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары


Латын Америка елдерінің көлік кешені. Көлік экономиканы дамытуда жетекші орын алатын ең басты сатысы болып табылады. Латын Америкасының ішікі аудандарында жаңа жолдар жасалу онша дамымаған. Сауданың тек 5% ішкі саудаға әсерін тигізеді. ХІХ ғасырдан бастап темір жолдар салу көзделінді, олар шетел капиталының бақылауында болды. Оларды бірінші дүниежүзілік соғыстан бері қарайі қолға алмаған. Аймақтағы темір жолдардың жалпы ұзындығы 120 мың шақырым оның көп бөлігі Бразилия мен Аргентинада. Мексикада темір жолдар 1937 жылдан бастап дамуда. Венесэлада, Гаянада, Орталық Америка елдерінде теміржол көлігінің рөлі шамалы. Автокөлік барлық аудандарда басты орын алуда. Тас төселген жолдың жалпы ұзындығы – 2,5 млн. шақырым. Оның ішіндегі 550 мың шақырымға жуығы қатты төсеніштір. Маңызды автомобиль жолының қатарына АҚШ шекарасынан Буэнос – Айреске дейін созылатын Пан-Американ жолы жатады. Бірақ бұл жолдың кейбір бөліктері әлі де аяқталмаған [21].
Құбыр көлігі Венесуэлада, Мексика мен Аргентинадада маңызды орын алады. Құбыр көлігі аталған елдердің аумақтарының 85% қамтыған. 1997 жылғы мәліметтерге сәйкес оның жалпы ұзындығы 110 мың шақырым. Ірі мұнай құбыр жолдары мұнай кен орындарын порттармен жалғастырады.
Өзен көлігі жақсы дамыған елдер Ла – Плата, Амазонка, Орионоко, Рио – Браво – Дель – Норте, Колорадо өзенінің алабын қамтиды. Ла – Плата алабы аса маңызды су көлік жолының көзі болып табылады. Теңіз көлігі Латын Америкасындағы елдердің арасындағы ішкі экономиклық қарым-қатынаста басты рөл атқарады. Басқа да дамушы елдер сияқты бұл мемлекеттерде шикізат өндіріруге бағытталғандықтан сырттан келетін нен гөрі сыртқа шығаратын жүктен төмен болуы тән. Тұтас алғанда теңіз көлігі арқылы 1998 жылы Панама мен Багамды қоспағанда теңіз флотының тоннасы 23 млн тоннаға жеткен. Кеме қатынасында Панама дүниежүзінде аса маңызды орын алады. Оның жалауын АҚШ кеме компаниялары, Канада және тағы басқа дамыған елдер қолданады. 1998 жылы Панама флоты АҚШ флотынан 6 есе артық жүк тасмалдады және ол күннен-күнге артуда. Оны «қолайлы» ту астында жүзетін Багам аралдары қуып жетіп қалды.
Бразилиядағы жылдық жүк айналымы 30 млн тоннаға жететін Сан – Себастьян мұнай және кен тасмалдайтын жылдық жүк айналымы 58 млн т жететін Виктория – Тугбаран, 40 млн т жететін Сан – Луис сонымен қатар Кариб теңізінің порттары жатады. Порттардың көбі жүкті жағадағы жақын жерлергее тасмалданумен айналысады. Чилиде – бұл аса маңызды орын алады.
Әуе көлігі жол жоқ жағдайда жолаушылар тасмалдауда маңызы зор. Колумбия, Аргентина, Бразилияда ұшақтардың комерциялық тасмалдау бағттары АҚШ-тан бұрын дамыған. Әуе көлігі жолаушы тасмалдау жөнінен Бразилия мен Мексика шетелдердің арасында аса дамыған 20 елдің қатарына кіреді. Көптеген мемлекеттердегі әуе көлігінің географиясы алуантүрлі әуежайлар торы мен тасмалдың болуымен ерекшеленеді [22].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет