5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүниежүзінің минералды байлықтары



бет15/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

4.2. Дүниежүзінің минералды байлықтары.
Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің базасы болып табылатын минералды шикізаттарды тұтыну жылдан жылға артып барады. Дүниежүзінде жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд т. жуық алуан түрлі минералды шикізаттар мен отын өндіріледі.
Минералды ресурстар. Адамдар өте ерте заманнан бастап жердегі қазба байлықтарды пайдалана бастады. Адамзаттың дамуының белгілі бір кезеңдерінде тас дәуір, қола дәуір және темір дәуір (ғасырлары) өтті. Адамзат қоғамының дамуына байланысты, пайдалы қазбалардың түрлерін көбірек және кеңірек пайдалана бастады. Қазіргі таңда жер қойнауынан 200-ден астам түрі алынады. Жыл сайын тау жыныстарынан 100 млрд т минералды шикізат пен отын (қара және түсті металдар кені, көмір, мұнай, газ, құрылыс материалдары, так-кен, химиялық шикізат т.б.) өндіріледі.
Жалпы әлемде жер қойнауынан өндiрiлген минералдық шикiзаттардың үлесi шамамен: көмір ─ 60–70%, мұнай мен табиғи газ ─ 40–45 %, қара және түсті металдар кені 70–75%.
Минералды ресурстар дегенiмiз ─ шаруашылықта қолданылатын қазба бай­лықтар және шөгiндi жыныстар кен орындарының барланған белгiлi қоры. Минералды ресурстар құрамы мен пайдалану ерекшеліктеріне қарай: жанатын, кенді, кенсіз қазба байлықтары болып бөлінеді.
Жанатын пайдалы қазбаларға: таскөмір мен қоңыр көмiр, мұнай мен табиғи газ, жанғыш тақтатас пен шымтезек жатады.
Кендi пайдалы қазбалар: қара металдар (темiр, марганец, хром, титан, ванадий); түстi металдар (мыс, алюминий, қалайы, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, кобальт, никель); бағалы (алтын, платина, күмiс) болып бөлінеді.
Кенді пайдалы қазбалар. Кенді пайдалы қазбалардың жер бетіне таралуы көбінесе, бұрынғы геологиялық дәуірдегі тектоникалық ерекшеліктерінің жағдайына байланысты. Ежелгі таулар жас тауларға қарағанда пайдалы қазбаларға бай болып келетіні көпшілікке аян. Кенді қазба байлықтары таулар (қатпарлы облыстар) мен құрлықтың ежелгі қалқандарымен ұштасып жатады. Мұндай жерлерде кенді белдеулер жиі ұшырасады: Альпі-Гималай, Тынықмұхиттық; «қалайы-вольфрам белдеуі» (Мьянмадан Индонезияға дейін); «қалайы белдеуі» (Боливия, Перу), «мыс белдеуі» (Замбия, Конго ДР) (Темір кені өнеркәсіп кендерінде 16%-дан 70%-ға дейін кездеседі. Темір ─ болат пен шойынның басты шикізаты, қара металлургияның негізі. Әлемдегі темір кенінің жалпы геологиялық қоры 400 млрд т-дан астам.
Ірі қорлары: Бразилия, Үндістан, Аустралия, Канада, Қытай, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Украина елдерінде таралған.Дүние жүзіндегі темір кенінің негізгі алаптары мен кен орындары: КМА ─ Курск Магнит Аномалиясы (Ресей), Батыс-Аустралиялық, Айрон-Ноб (Аустралия), Каражас (Бразилия), Жоғарғы көл (АҚШ), Ньюфаундленд, Лабрадор (Канада), Трансвааль (ОАР), Сингбхум (Үндістан), Кирунавара (Швеция), Аньшань (Қытай), Соколов-Саырбай (Қазақстан), Кривой Рог (Украина). Әдетте, металдардың кен орындары кешендi болып келедi, өйткенi олардың құрамында бiрнеше минерал түрлерi қосарланып кездеседi.
Алюминий кені (боксит, алунит, нефелин). Жер қыртысында түсті металдардың ішінде ең көп таралған металл. Бокситтегі глинозем құрамы 40–60%. Алюминий кені көбінесе экваторға жақын аймақтарда кеңінен таралған. Негізгі алаптары: Кариб-Амазона алабында, Аустралияда, Үндістанда және Жерортатеңіздік.
Алюминий кенінің әлемдік қоры 55–75 млрд т. Ең ірі кен орындары дамушы елдерде орналасқан: Гвинея, Аустралия, Бразилия, Венесуэла, Үндістан, Мали, Индонезия, Камерун, Суринам, Ямайка. Ал басты өндіруші елдерге: Аустралия, Бразилия, Үндістан, Қытай, Гвинея, Индонезия, Ямайка, Ресей, Қазақстан, Суринам, Венесуэла жатады. Мыс кені ─ түсті, ауыр металға жатады. Мыс кен құрамында өте аз (1–2% мөлшерінде) кездеседі. Мыс кені негізінен дүние жүзіндегі үш «мыс белдеуінде» таралған. Бірінші белдеу: Кордильера мен Анд тауларында, мыс қорының аса мол қоры орналасқан ел ─ Чили (Чукикамата кен орны). Осы белдеудің басқа да елдеріне: АҚШ, Перу, Канада, Мексика кіреді. Екінші белдеу: Африкадағы мыстың ірі кен орындары Замбияның солтүстік бөлігінде ғана қалды. Үшінші мыс белдеуі: Финляндиядан басталып, Польша, Сербия, Болгария, Армения, Иран арқылы өтіп Үндістанға дейін жетеді. Бұл белдеулерге кірмейтін елдердегі қоры: Ресейде (Орал), Қазақстанда (Жезқазған) және Қытай мен Аустралияда таралған.
Түсті металдардың басқа да кендері. қорғасын мен мырыш (полиметалдар): Қытай, Аустралия, АҚШ, Канада, Перу, Мексика, Италия, Ресей (Дальнегорск), Қазақстан (Өскемен) елдерінде қоры мол. Хромит өндірудің басты елдеріне: ОАР, Қазақстан, Үндістан, Түркия кіреді. Қалайы кені ─ Қытай, Индонезия, Перу, Боливия, Бразилия; Марганец Қытай, Украина, ОАР, Бразилия; Воьфрам ─ Қытай, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан; Никель ─ Аустралия, Ресей, Куба, Молибден ─ АҚШ, Чили, Қытай, Канада елдері ерекшеленеді. Алтынның ірі кен орындары: ОАР, Аустралия, Ресей, АҚШ, Қытай, Өзбекстан, Жаңа Гвинеяда таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет