5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық құрамдасу



бет27/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

8.2 Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық құрамдасу
Халықаралық географияық еңбек бөлінісі (ХГЕБ) ─ жекелеген елдердің ұлттық шаруашылықтарының қызмет көрсету мен жекелеген өнімнің жекелеген түрлерін өндіріп оларды айырбастауға мамандануы. Халықаралық географияық еңбек бөлінісінің басты құрамдас бөліктеріне мамандану мен айырбас жатады (2-сызба).



2-сызба Халықаралық географияық еңбек бөлінісінің құрамдас бөліктері

Халықаралық географияық еңбек бөлінісінің нәтижесінде экспортқа бағытталған халықаралық маманданған шаруашылық салалары пайда болады. Оның қалыптасуына төменде көрсетілген жағдайлар қажет:



  • ел қандайда бір өнім түрлерін шығаруға немесе табиғат ресурстарын өндіруге мүмкіндік беретін артықшылығы болуы керек;

  • елде өндірілген сол өнімге сұраныс болуы тиіс;

  • өндіруші ел үшін өнімді өндіруге және оны тасымалдауға жұмсалатын шығын басқа елдерге қарағанда біршама төмен болуы қажет;

  • ел өндіретін өнім өздеріне қажетті мөлшерден біршама артық болуы тиіс.

Халықаралық мамандануға автомобиль өндіруден бірінші орын алатын Жапония; астық жинаудан дүние жүзінде бесінші, астық дақылдарын экспорттаудан екінші орын алатын Канада; қаржы қызметін ұсынатын Швейцария; қант өндіруге маманданған Куба мысал болады.
Ұлттық шаруашылықтың ашықтығы мен өзара қарым-қатынасының дәрежесі артуда. Бүкіл дүниежүзілік экономикалық қатынасқа тәуелді мемлекетті экономикасы ашық ел деп атайды. Ашықтықтың дәрежесін елден сыртқа шығаруға рұқсат берілген экспорттық квота арқылы анықталады. Экспорттық квота Еуропаның шағын капиталистік және Азияның Жаңа индустриалы елдерінде біршама жоғары. Сингапурда экспорттық квота 80%, Бельгия мен Нидерландта 65–75%, Германия мен Францияда 30–35%, АҚШ 11%-ды құрайды.
Елдер арасындағы жүретін бәсекелестік күрес барысында, белгілі бір мемлекет халықаралық мамандануға негізделіп, өздері тұтынғаннан артық тауар мен қызмет түрлерін халықаралық нарыққа тұрақты түрде шығару нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесі қалыптасады. Дүниежүзілік шаруашылықтың қазіргі кезеңдегі дамуының маңызды үдерісінің бірі ─ елдердің аймақ деңгейіндегі экономикалық қарым-қатынасы болып табылады. Көршілес елдер экономикасының өркендеп бір-бірлерімен бірігуі нәтижесінде географиялық еңбек бөлінісінң ең жоғарғы сатысы біртұтас шаруашылықтық кешен халықаралық экономикалық құрамдасу қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет