7.3 Қоныстанудың негізгі түрлері. Кенттену
Кенттену (кенттену). Кенттену (кенттену) дегенiмiз ─ қалалар мен оның халқының санының өсуi, олардың рөлi мен салмағының артуы және қалалық өмiр салтының кеңiнен таралуы.
Елдi мекеннiң «қала» аталуына әлем елдерi арасында ортақ белгi жоқ, негiзгi белгi ─ халық саны болып табылады. «Қала» тұрғындарының саны әрбiр елде әртүрлi. Мысалы, адам саны Дания, Швеция, Финляндияда ─ 200, Канада, Аустралияда ─1000, Германия, Францияда ─ 2000, АҚШ-та ─ 2500, Үндістанда ─ 5000, Швейцарияда ─ 10000, Ресейде ─ 12000, Нидерландта ─ 20000, Жапоняда 30000, ал Қытайда ─ 100000-нан асса ғана қала деп саналады. Мысалы, Ресейде қалалық елдi мекен болу үшiн ондағы халықтың 85%-ы ауыл шаруашылығынан басқадай салаларда қызмет iстеуi тиiс. Жапонияда елдi мекендегi халықтың саны 50000 адамнан кем болмауымен қатар ондағы халық тығыздығы 1 км² 4 мың адамнан асуы шарт (64-сурет).
64-сурет. Дүние жүзі халқының кенттену көрсеткіші
Кейбiр елдерде қала болып саналу үшiн белгiлi бiр аумақтың әкiмшiлiк орталығы немесе өнеркәсіп, көлік, сауда, қаржы орталықтары болуы; кейбір елдерде олардың қалалық белгiлерi (көрiктендiрiлуi, жайлылығы,мәдени-тұрмыстық желiлерi т.б.) болуы шарт. Кен-өнеркәсіп орталығы, курортты қалалар, ғылыми
орталықтар, тарихи-қалалар және тек ел астанасы мәртебесін ғана атқаратын қалалар да қалыптасқан Қалаларда Жер шарындағы халықтың жартысы тұрады. Жыл өткен сайын қала халқының саны артып келеді. Мәселен, Аустралияның қала халқы 85%-ды құраса, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада 81%, Латын Америкасында 74%, Африкада 34%, Азияда 35%. Азияның мұнай шығаратын елдерінде қала тұрғындарының саны жоғары: Кувейтте ─ 98%, в Катарда ─ 95 %, БАӘ ─ 84%, Сауд Арабиясында ─ 82%. Еуропадғы жоғарғы урбандалған ел ─ Бельгияда 97%, «ергежейлі елдер»: Андорра мен Сан-Маринода 95%, арал мемлекет ─ Исландияда 92% және Израиль мен Уругвай халқының 91%-ы қалада тұрады. Африка, Азия және Мұхиттық аралдарда қала халқының үлес салмағы өте төмен. Қала халқының үлесі Угандада 13%, Малавиде 14%, Бурундиде 10%-ды құрайды. Қала халқының ең төменгi көрсеткіші ─ Руанда (6%), Бутан (7%) мен Бурундиде (8%) байқалады (65-сурет).
Дамыған елдерде кенттену кезеңінде қала халқының үлесі арта түседі. Миллионер қалалар маңындағы шамамен 30 ─ 60 км шеңберінде ─ серіктес-қалалар, кенттер, елді мекендер көркейе түседі.
Агломерация ─ iрi қаланың төңiрегiндегі бiрнеше қалалық елдi мекендердiң пайда болып шоғырлануы. Мысалы, Алматы агломерациясында 2 млн шамасында адам болса, Мәскеуде 12 млн адам, Мехикода 20 млн адам, «Токио ─ Иокогама» агломерациясында 35 млн-нан аса адам тұрады.
Мегалополис ─ кенттену процесiнiң жоғары сатысы, бiр-бiрiмен тiзбектелiп, қосылып кеткен көрші агломерациялар мен қалалардың алып шоғыры. Мысалы, әлемде алты аса ірі мегаполис қалыптасқан, оның үшеуі АҚШ-та: «Босваш» Бостон қаласынан Вашингтонға дейiн созылып жатқан 40 млн адамды қамтитын мегаполисі. «Чипитс» (Көлдер маңы) және «Сансан» (Калифорния), екеуі Еуропада: «Лондон-Ливерпуль» (Ағылшын) және «Рейн» (Германия), біреуі Жапонияда: «Токайдо» (Токия, Нагойя және 800 км жағалауда созылып жатқан Осака), халқы 60 млн адамнан тұратын ─ жапон мегалополисi қалыптасқан. «Әлемдік қалалар» түсінігі ХХ ғасырдың басында пайда болды.
65-сурет. Дүниежүзінің ірі қалалары
Алғашқы тізімде Еуропа қалалары: Лондон, Париж, Берлин, Вена; АҚШ қалалары: Нью-Йорк, Бостон, Чикаго Филадельфия енді. Аталған қалалар ─ ұлттық-әлемдік деңгейде, халықаралық саяси және экономикалық ұйымдар, банк, қаржы, білім, медициналық қызмет көрсету шоғырланған; халықаралық көліктің бас
қилысуында орналасқан. Өнер мен мәдениет, ішкі және халықаралық туризм орталықтары.
ХХI ғасырдың басында әлемдік қалалардың үш негізгі зонасы қалыптасты: Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азиялық-Тынықмұхиттық аймақ. Әлемдік қалалар тізіміне: Сингапур, Шанхай, Сидней, Пекин, Торонто, Сан-Паулу, Мадрид, Мәскеу, Мумбай, Лос-Анджелес, Сеул, Брюссель, Сан-Франциско, Майами, Мюнхен, Нью-Дели, Стамбул, Лиссабон, Прага, Рим, Афина, Лион, Санкт-Петербург, Рио-де-Жанейро т.б. кіреді (18-кесте). Дамушы елдерде кенттену кейінгі уақытта ғана бастау алды. Кейбір елдерде кенттену бақылаудан шығып кетті, күнкөрісі қиындаған миллиондаған адамдар ірі қалаларға ағылып, қала маңындағы өз беттерімен басып алған жерлерінде кедей қоныстары пайда болды.
Қаланың мұндай жолмен кеңеюі «жалған кенттену» деп аталады. Ауылдық елді мекендерге дүние жүзi халқының жартысына жуығы тұрады. Кейде дамыған елдерде қала халқы ауасы таза, табиғаты көркем ауылдық елді мекендерге қоныс аударады. Дүниежүзi бойынша ауылдық елдi мекендердiң санын шамамен 20 млн-дай. Ауылдық елдi мекендер әлеуметтік-экономикалық ортасына, табиғат жағдайына, шұғылданатын кәсібіне байланысты топтасып немесе шашыраңқы түрде орналасады. Ауылдық елдi мекендердiң екі түрі болады: 1. Топтық (ауыл, село) ─ көбінесе Еуропа, ТМД, Жапония елдерінде таралған; 2. Шашыраңқы (фермерлік) ─ негізінен АҚШ, Канада, Аустралия елдеріне тән. Көшпелi мал, омарта және кәсiптiк аң шаруашылығымен айналысатын аймақтарда тұрақты қоныс болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |