5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


-дәріс: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ



бет26/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

8-дәріс: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ
8.1 Дүниежүзілік шаруашылық туралы түсінік
8.2 Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық құрамдасу
8.3 Дүние жүзілік шаруашылық салаларының құрылымы
8.4 Өндіргіш күштерді орналасуға әсер ететін факторлар
8.1 Дүниежүзілік шаруашылық туралы түсінік
Дүниежүзілік шаруашылық ─ бүкіл дүние жүзі елдерінің тарихи қалыптасқан ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Ол экономикалық даму деңгейіне немесе саяси құрылысына қарамастан, барлық елдерді қамтып, бірыңғай шаруашылық ретінде қарастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы, халықаралық сауда Ұлы географиялық ашылулар кезеңінен басталады. Бұл кезеңде әртүрлікөліктердің ықпалымен барлық материктердің халқын қамтыған дүниежүзілік нарық қалыптасты.
Көптеген ғалымдарың пікіріне сәйкес XVIII–XIX ғасырлардың тоғысында Еуропа елдерінде дүниежүзілік шаруашылықты қалыптастыруға негіз болған машиналы индустрия дами бастады. Отарлық жүйенің пайда болуы отар елдердің экономикасын империалистік державалардың аграрлық-шикізаттық базасына айналдырды. Қорыта айтқанда, дүниежүзілілік шаруашылық XIX ғасырдың соңында машиналы индустрияның, көлік пен әлемдік нарықтың дамуы нәтижесінде қалыптасты.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық. ХХI ғасырдың басында жүріп жатқан ғаламдану дүниежүзілік шаруашылықты түбегейлі жаңа сапалық деңгейге көтерген маңызды нышан болумен қатар, шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жаңа кезеңіне айналды.
Ғаламдану ─ бұл бүкіл дүниежүзілік экономикалық және мәдени құрамдасу мен бірегейлендіру үрдісі.
Бірегейлендіру ─ біртектілікке, бірдей нышанға немесе жүйеге келтіру.
Ғаламдану үрдісінің негізгі қозғаушы күші халықаралық еңбек бөлінісі мен ақпараттық революцияны тереңдету болып табылады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының көрсеткіштері. Дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық жағдайын анықтау үшін оның қазіргі даму динамикасын сипаттайтын белгілі бір көрсеткіштер жүйесі қолданылады.Олардың ең маңыздыларына:
- елдің ұлттық байлықтарының жан басына шаққандағы мөлшері; Ұлттық байлық ─ елдің қаржылық міндеттерді есепке алғандағы барлық жинақталған байлықтарының жиынтығы. Оған табиғат байлықтары, материалдық құндылықтары енеді.
- белгілі бір ел аумағында бір жыл ішінде өндірілген тауар мен қызмет көрсетудің нарықтық құнының жиынтығы болып табылатын жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖІӨ жан басына шаққандағы мөлшері көбінесе АҚШ долларымен есетелінеді.
ЖІӨ өсу қарқыны елдің экономикалық өркендеу қарқынын көрсетеді. ЖІӨ 3–4%-ы жылдық өсуі ел экономикасының қалыпты, 6–10% -ы жоғары өсу қарқын көрсетеді.

  • елдің халықаралық экономикалық қатынастарға қатысу көрсеткіштеріне; а) экспорт пен импорттың сомасының ЖІӨ қатынасын көрсететін сыртқы экономикалық квота; ә) елдің экспортының жан басына шаққандағы мөлшерін көрсететін сыртқы сауда айналымының көлемі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет