Жаңадан ашылған жерлерді өзіне қосып алу (бұрынғы кезде)
Қоғамдық-экономикалық
формациялардың тарихи ауысуы
Соғыстардың нәтижесінде қосып алынған не айрылған аумақтар
Елдің саяси егемендік алуы
Мемлекеттердің бірігулері немесе ыдырауы
Мемлекеттік құрылыстың жаңа нысандарын енгізу
Елдердің құрлық бөліктерін өз ықтиярымен беруі немесе айырбастауы
Мемлекет аралық саяси одақтар мен ұйымдардың құрылуы
Теңізден алынған құрлықтар (аумақ қосу)
Ғаламшарда «ыстық нүктелер» мемлекетаралық жанжалды жағдайлардың пайда болуы мен жоғалуы
Саяси картаның екі түрлі мағынасы бар. Саяси картаның тар ауқымды мағынасы мемлекеттің аумағын, шекарасын қарастырады. Кең ауқымды мағынасы дүние жүзіндегі саяси күштердің орналасуы, елдердің аймақтық топтарының орналасуы, қазіргі кезеңдегі ең маңызды мәселелерді қарастырады.
Саяси картаның аумақтық астарларын саяси география зерттейді. Саяси географияның маңызды құрамдас бөлігінің бірі геосаясат болып табылады.Мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық байланыстарын, экономикалық, экологиялық әскери стратегиялық елдің физикалық және экономикалық географиялық факторларға тәуелсіздігін елдің геосаяси жағдайы дейміз.
Барлық табиғат байлықтарын адамның әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан қасиеттерін қоса алғандағы құрлықтың белгілі бір бөлігін аумақдейміз. Мемлекеттің егемендігін айқындайтын аумақтың шегін көрсететін көршілес мемлекеттерден бөліп тұрған сызықты шекара дейміз. Белгілі-бір егеменді мемлекеттің халықаралық немесе аралас тәртіптегі аумақтары болып бөлінеді. Аралас тәртіптегі аумақтарға материктік құрлықтық қайраңдар мен экономикалық аймақтар жатады. 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы жағалаудан 200 миль қашықтықтағы теңіз табанының бөлігін құрлықтық қайраң деп аталады
Көршілес мемлекеттердің құрылықтық және теңіздік шекаралары мемлекеттер арасында жүргізілетін келісім тәртібімен анықталады. Мемлекеттік шекараны белгілеудің екі тұрпаты: делимитация және демаркация бар.
Делимитация —көршілес мемлекеттер өкіметінің келісімі арқылы шекараны жүргізудің жалпы бағыттарын анықтап оны географиялық картаға түсіру.
Демаркация —жергілікті жерде шекара сызықтарын жүргізу және сәйкес келетін шекара белгілерін тұрғызу.
Шекараларды орографичялық, геометриялық және географиялық (астраномиялық) болып бөлінеді. Орографиялы шекара-бұл жергілікті жердің жер бедерін ескере отырып табиғи шептер тау жоталар мен өзен арналары) арқылы жүргізілетін шекара сызықтары).
Геометриялық шекара-бұл жер бедерін ескермей жергілікті жердегі екі шекара нүктесін қосатын түзу сызық.
Географиялық (астрономилықя) шекара-бұл белгілі бір географиялық координаттар, кейде қандайда бір меридиандар мен параллельдерге сәйкес жүргізілетін шекара сызықтары. Соңғы екі шекара Африка мен Америкаға тән. Әкімшілік-аумақтық шекаралар-бұл мемлекет ішіндегі әкімшілік-аумақтықтық құрылымдар арсында жүргізілетін шекара сызығы