5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері



бет6/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
2.2 Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы өте ұзақ, мыңдаған жылдарға созылған тарихи, саяси қоғамдық процесс. Қоғам дамуының бірнеше тарихи кезеңдеріне байланысты саяси картаның қалыптасуы да шартты түрде: ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы кезеңдерге бөлінеді.
Ежелгі кезең құлиеленушілік дәуір ─ алғашқы қауымдастық құрылыс пен б.з.д. V ғ. қамтиды. Бұл ұзақ кезеңде Ежелгі Мысыр, Карфаген, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим және қазіргі Қытай және Үндістан аумағында ежелгі мемлекеттер пайда болып дүниежүзілік өркениетке зор үлесін қосты.
Ортағасырлық кезең (V-XVғғ.) феодализм заманына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси билік жан-жақты, әрі күрделі болды. Теңіз жолдары зерттеліп игерілді. Алыс аумақтарды жаулап алып отарлау әрекеттері басталды. Ірі жер аймақтары бөліске түсті. Бұл мемлекеттер қатарына: Византия, Киев Русі, Алтын Орда, Араб халифаты, Осман империясы, Англия, Франция, Испания, Португалия, Қытай, Дели сұлтанаты т.б. жатады.
Жаңа кезең (XV-XX ғғ.) капитализмнің пайда болып, орнығуына сәйкес келеді. Феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық қатынастардың аралығында болған Ұлы географиялық ашылулар дүние жүзінің саяси картасына едәуір өзгерістер алып келді. Жаңа Дүниені отарлауға алдымен Испания мен Португалия; кейіннен Англия, Франция, Нидерланд, Германия Ескі Дүниенің де көптеген аймақтарын бөліске салып, еуропалықтардың Америка, Азия, Африка отарлары пайда болды. Дүние жүзінің саяси картасы әсіресе XIX-XX ғғ. тұрақсыз болды. XX ғасырдың басында Американың 27%, Азияның 56%, Африканың 90% отарлық иеліктер қатарында болды. Жетекші елдер арасында аймақтық қақтығыстар шиеленісе түсіп, Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі заманғы кезең XX ғ. басынан бүгінгі күнге дейін созылуда. XX ғ. басында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болды. Бұл дәуірдің өзі үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең ─ Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы.
Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империялары ыдырап, алғашқы социалистік мемлекет ─ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) пайда болды. Фашистік Германия Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алды. Германия соғыста жеңіліске ұшырап жер аумағы азайып, Африка мен Мұхиттық аралдардағы отарларынан айырылды. Австрия-Венгрия империясынан: Австрия, Венгрия, Чехословакия, сербтер, хорваттар, словян Корольдіктерінің жаңа тәуелсіз мемлекеттері пайда болды. Польша, Финляндия елдері егемендік алды. Осман империясы құрамына кірген аумақтар өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Жапонияның отар аумақтары кеңейе түсті.
Екінші кезең ─ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және 1990 жылдар аралығы. Соғыстан кейін тәуелсіз мемлекеттер саны 81-ге жетті. Шығыс Еуропада социалистік елдер тобы құрылды: Югославия Федерациялық Республикалар Одағы (ЮФРО), Польша, Болгария, Венгрия, Румыния, Чехословакия. Германия екі тәуелсіз ГДР, ГФР мемлекеттеріне бөлінді. Аустрия, Финляндияның шекаралары қалпына келтірілді.
1948 жылы Корея екіге: солтүстігі ─ КХДР, оңтүстігі ─ Корея республикасына бөлінді. БҰҰ шешімімен Таяу Шығыс аймағындағы Палестина жерінде Израиль мемлекеті қалыптасты.
Азияда Қытай Халық Республикасы (ҚХР), Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР), Вьетнам Социалистік Республикасы, Лаос және Латын Америкасында Куба социалистік мемлекеттері пайда болды. Азия дүние бөлігіндегі Ұлыбритания мен Францияның иеліктері Үндістан, Пәкстан, Бангладеш, Цейлон (Шри-Ланка), Мальдив аралдары, Бирма (Мьянма), Сингапур, Кувейт, Кампучия (Камбоджа), Индонезия, Филиппин елдері тәуелсіздікке қол жеткізді.
1950 жылдар аяғында саяси картада егеменді елдер саны 92-ге жетті.
Африка құрлығындағы отарлық иеліктер саяси бостандықтарын алды. Алдымен солтүстігіндегі араб елдері, артынша 40-тай елі егеменділігін алды. Тарихта 1960 жыл «Африка жылы» деп аталып кетті, өйткені осы бір жыл ішінде 17 мемлекет өз тәуелсіздіктерін алды.
Отарлық иеліктер егемендіктерін алуына байланысты саяси картада жүзден астам жас саяси тәуелсіз елдер пайда болды.
Үшінші кезең ─ 1990 жылдар мен қазіргі кезең аралығы социалистік жүйенің ыдырауымен байланысты болды. Шығыс Еуропадағы социалистік республикалар да әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты капитализмге бағыт алды. Екі Герман елдері (ГДР мен ГФР) бірігіп, біртұтас мемлекет болды.
1990 жылы Югославия ыдырауынан саяси картада: Словения, Хорватия, Македония, Босния мен Герцоговина және Югославия Одақтас Республикасы (Сербия мен Черногория) жас мемлекеттері қалыптасты. Саяси дағдарыс азамат соғысы мен ұлтаралық жанжалға ұласып, 2006 жылы Сербия мен Черногория жеке тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді. Бірақ екі ел арасындағы келіспеушіліктер әлі шешуін таппай отыр.
Осы жылы Таяу Шығыста Солтүстік және Оңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып Йемен Республикасын құрды (астанасы ─ Сана қаласы).
1991 жылы дүние жүзіндегі ірі елі ─ КСРО ыдырап, құрамындағы 15 Одақтас республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялады. Балтық маңы елдері Эстония, Латвия, Литвадан басқалары: Ресей Федерациясы, Қазақстан, Беларусь, Украина, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзербайжан, Армения, Грузия (2009 жылы одақ құрамынан шықты) Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) деп аталатын жаңа одаққа бірікті.
1900-1991 жылдары Африканың соңғы отар елі ─ Намибия өз тәуелсіздігін алса, Мұхиттық аралдарда жаңа мемлекеттер ─ Микронезия Федерациялық Штаттары (Каролин аралдары), Маршалл аралдары Республикасы пайда болды.
1993 жылы Чехословакия Республикасы екі тәуелсіз мемлекетке: Чехия мен Словакия Республикаларына бөлінді. Осы жылы Эфиопияның Қызыл теңіз жағалауындағы аймағы ─ Эритрея тәуелсіздігін жариялады.
1994 жылы Мұхиттық аралдардағы Палау Респубикасы Микронезиядан, Шығыс Тимор елі Индонезиядан бөлініп шығып егемендікке қол жеткізді.
Осы жылы Камбоджа (Кампучия) мемлекеттік құрылымын өзгертіп монархияға айналды.
1997 жылы Заир Республикасы атын өзгертіп, Конго Демократиялық Республикасы деп атала бастады.
1999 жылы Ұлыбритания отары (99 жыл бойы) болып келген Гонконг (Сянган) Қытайдың ерекше әкімшілік бірлестігі болып кірді.
2000 жылы Португалия отары Макао (Аомынь) Қытайдың қарамағына өтті.
2011 жылы Судан мемлекеті бөлініп, Оңтүстік Судан 2011 жылы 9 шілдеде өз тәуелсіздігін алды. Дүние жүзінің саяси картасы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Бірақ адамзат тарихында саяси картадағы өте көп өзгерістер дәл XX-ғасырдағыдай болған емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет