Автомобиль көлігі жақын және орта қашықтыққа жолаушылар (дүние жүзінің жолаушылар айналымының 80% жуығын қамтамасыз етеді) мен жүк тасмалында жетекші орын алады. Ол басқа көлік түрлері арасында жолдың ұзындығы жөнінен көшбасшы болып табылады (24 млн шақырым немесе дүние жүзінің көлік желісінің 70% құрайды).
Автомобиль бақтары мен қатты жабынды жол желілерінің басым бөлігі экономикасы жамыған елдерде шоғырланған. Жалпы саны 650 млн жететін автомобильдердің 80% жуығы Солтүстік Америка (шамамен 250 млн автомашина, соның ішінгде 200 млн АҚШ шоғырланған), Батыс Еуропа елдерінде (200 млн астам) және Жапонияда (50 млн астам) шоғырланған.
Автомобиль жолдарының торлары АҚШ (барлық жолдар ұзындығының ¼ бөлігі), Қытай, Жапония, Үндістан, Ресей, Еуропа елдерінде біршама жақсы дамыған. Соңғысы автомобиль жолдары желісінің жиілігі жөнінен дүние жүзінің барлық елдерінікінен асып түседі. Автомобиль көлігінің жүк айналымы жөнінен АҚШ бірінші орын алады. Дүние жүзінің жекелеген елдері мен аймақтарының (ТМД, шетелдік Еуропа, Солтүстік Америка) автомагистральдары біртұтас көлік жүйесін түзеді (мемлекеттік, мемлекетаралық).Аса жоғары сыныпы жылдам қозғалатын жолдардың ішінде ұзындығы жөнінен АҚШ-ғы "Хайвеи" және Германиядағы автобандар ерекше көзге түседі. Автомобиль көлігін одан ары дамыту халықаралық және трансқұрылықтық маңызы бар автобандар мен күре жолдарды жылдам салу арқылы жүзеге асырылады. Олардың қатарына қазіргі кезеңде салынып жатқан Қазақстан аумағы арқылы өтетін тансқұрылықтық Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль жолында жатқызуға болады.
Құбыр көлігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған салыстырмалы түрде жас болғанымен жедел дамып келе жатқан сұйық, газ және қатты өнімдерді тасмалдау қызметін атқаратын көлік түрі. Газ және мұнай құбырлары (олардың дүние жүзіндегі жалпы ұзындығы 1,8 млн. шақырым) мұнай мен газ өндіретін Солтүстік Америка (АҚШ, Канада, Мексика), ТМД (Ресей, Қазақстан), Таяу және Орта Шығыс (Сауд Арабиясы, Алжир, Иран) сонымен қатар, мұнайға кедей болғанымен отынның бұл түрлерін көп тұтынатын Батыс және Шығыс Еуропа елдерінде жақсы дамыған. Құбыр жұмысының көлемі жөнінен көліктің бұл түрі бойынша жүк айналымының тең жартысын беретін Ресей дүние жүзінің барлық елдерінен асып түседі.
АҚШ пен Канада құбырлары мұнай, газ өндіретін аудандардан материктің шығысындағы индустриальді орталықтарға, Батыс Еуропада теңіз порттарынан құрылықтың орталығындағы өнеркәсіп орталығына. Ең ұзын құбырларға «Достық» мұнай, Уренгой – Батыс Еуропа, Редуотер – Порт – Кредит (Канада), Эдмонтон – Монреаль (Канада), Хьюстон – Нью-Йорк (АҚШ) газ құбырлары жатады. Мұнай-газ құбырларының ұзындығы жағынан көшбасшы елдерге АҚШ, Ресей, Германия, Канада, Мексика, Франция, Италия, Қытай, Аргентина, Ұлыбритания жатады. Дүние жүзіндегі құбырлдардың 2/3 Солтүстік Американың үлесіне тиеді.
Қазіргі кезеңде Жерорта теңізінде, Мексика шығанағында, Солтүстік теңізде салынып жатқан және жұмыс істейтін құбырлар бар. Газ бен мұнайды тасмалдауға деген сұраныстың болуына байланысты құбыр көлігі қарқынды дамуда.