5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүние жүзінің сүт және май шайқау өнеркәсібі



бет62/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   117
Дүние жүзінің сүт және май шайқау өнеркәсібі. Соңғы жылдары дүние жүзінде мал майын (сары май) өндітуден көлемі басқа елден анағұрлым жоғары болуымен ерекшеленетін Үндістан көшбасшы елдер қатарына енді. Бұл елде мүйізді ірі қара саны басқаларға қарағанда анағұрлым көп..Мал майын (сары май) өндітуден жетекші елдер тобына Үндістан АҚШ, Пәкістан, Франция, Германия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша кіреді. Бұл саланың өнімдерін дүние жүзінің көптеген мемлекеттері солардың ішінде Еуропа елдері, Аустралия мен Жаңа Зеландия экспорттайды.
Соңғы жылдары Қытайда сүт пен май өнімдерін тұтыну көлемінің біршама артуы байқалуда.
Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Ресейде, Беларусьта, Украинада, Аустралияда, Жаңа Зеландияда бір шама жақсы дамыған. Француз бен финнің кілегей майлары, Финляндия мен Эстонияның кілегейлері, Германия, Франция, Норвегия, Швецария кілегейлері мен йогурттары дүние жүзіне танымал. 1990 жылдары дүние жүзіне млн тонна мал майы өндірілді. Бұл өнім түрлерін шығарудан жетекші елдердің қатарына Үндістан (1,3 млн т. шамасында); АҚШ (550 мың т. шамасында); Германия (500 мың.т. шамасында). Май өндіретін басқа ірі елдердің қатарына Франция, Пәкістан, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Аустралия Украина, жатады. Дүние жүзілік нарыққа сүт өнімдерін шығарушыларға Орталық және Солтүстік Еуропа елдері, Аустралия мен Жаңа Зеландия, ал басты импорттаушыларға ТМД мен Қытай жатады.
Қазіргі кезеңде сонымен қатар маргарин өнімдерін өндіру көлемі де артуда. Маргарин-бұл жеті жануар, өмсімдікмайларының, сүт және басқа да қош иісті дәмдегіштердің қосындыларынан тұратын тамақ өнімі. Оның энергетикалық құндылығы сары кілегей майыныкімен жақын. .
Маргарин өндіруден дүние жүзіндегі көшбасшы ел АҚШ. Одан кейінгі орындарды Үндістан, Германия, Мексика, Ұлыбритания, Польша, Бразилия, Бельгия және т.б Еуропа елдері алады.
Дүние жүзілік нарықта өсімдік майларыда (күнағыс рапс, оливк, соя, кжүгері т.б). Соя майы АҚШ-да, Қытайда, Вьетнамда т.б. елдерде., рапс- Үндістанда, оливка майы Италияда, Грецияда, күнбағыс майы Ресей мен Украинада өндіріледі.
Өсімдік майының көптеген түрлері дүние жүзілік нарыққа тазартылған немесе тазартылваған күйінде шығарылады.
Қант өнеркәсібі. Жыл сайын дүние жүзінде 130 млн т. қант өндіріледі. Оның 80% жуығын қант құрағынан, 20% астамын қант қызылшасынан өндіреді. Дүние жүзінде қант өндіретін екі басты аймақ бар. Дамушы елдерде қанттың 95% қант құрағынан, алынады және оның көлемі жылдан-жылға артып келеді.
Олардың біріншісі дүниежүзіндегі қанттың 1/3 бөлігін беретін шет елдік Азия, екіншісі ¼ бөлігін беретін Латын Америкасы елдері. Шақпақталмаған қант өндіретін ірі елдердің қатарына Бразилия, Үндістан, Қытай, АҚШ, Аустралия, Тайланд, Франция, Мексика, Германия, Куба жатады
Негізгі қант экспорттаушылар - Бразилия, Аустралия, Куба, Гватемала, Тайланд, Батыс Еуропа елдері (әсіресе Франция, Германия және Белгия) болып табылады.
Соңғы жылдары қанытқа бәсекелесетін энергетикалық қуаты әлсіз тәтті заттар мен сығындылар шығарыла бастағанын атап өтуге болады. Экономикасы дамыған елдерде оларды өндіру және тұтыну көлемі артуда.
Жоғарыда сипатталған салалар тамақ өнеркәсібінің алуан түрлі салаларының толық ашып көрсетпегенімен олар дүние жүзінің әр түрлі елдерінде тамақ өнеркәсібі өнімдерінің түрлерін өндіру мен тұтыну көлемінің жалпы үдерістерін айқынддауға мүмкіндік береді.
Азық-түлік өнімдері мен сусындар өндіретін ірі компанияларддың қатарына: «Нестле» (Швейцария), «Юнилевер» (Ұлыбритания, Нидерланды), «Пепси Кола» және «Кока Кола» (АҚӨШ), «Данон» (Франция), т.б жатқызуға болады. Қазіргі кезеңде тамақ өнеркәсібі өнімдерінің дүние жүзілік нарқында күшті бәсекелестіктің бар екегні байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет