Фирма өзі өндірген өнімдерінің басым бөлігін шет елдерге өтізе отырып дүниежүзілік нарыққа біршама ықпал етеді
Өндірісті орналастыру ерекшеліктері
Шетелдерде бірқатар еншілес кәсіпорындары мен бөлімшелері орналасады
31-кесте. Дүние жүзінің ірі трансұлттық корпорациялары
Біршама маңыздысы бірінші белгісі болып саналады. Бұл өлшемі бойынша абсолют көшбасшы өндірген өнімінің 98%-ын экспорттайтын швейцарлық «Нэстле» («Nestle») фирмасы болып табылады.
Қазіргі ТҰК ерекшеліктері мен қызметіне жатады: айналымында бірнеше миллиард доллары бар алып өнеркәсіптік-қаржы кешені болып табылатын ТҰК аса ірі болуы; мүдделері шоғырлануына орай ғылыми-техникалық прогресспен тығыз байланысы бар ғылымды көп қажет ететін автомобиль, электронды, химия, фармацевтика және басқада өңдеу өнеркәсібінің маңызды салаларында ТҰК рөлі басым болуы; жаңа технологияларды жасап өндіріске енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бөлігінің жүргізілуіне байланысты ТҰК ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады; халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетіп, елді халықаралық қатынасқа енуіне мүмкіндік береді;өндіріс қуатын тұрақты түрде кеңейту, жаңа өнім түрлерін шығару, қабылдайтын елде жаңа жұмыс орындарын ашып өндірісті өркендеу арқылы ТҰК әлемдік экономика мен дүниежүзілік өндірістің дамуын ынталандырады. ТҰК дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік күресті ынталандырады.
11.4 Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі. Халықаралық банктер
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі (МҚЖ) дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі құрамдас бөлігі экономикалық қарым-қатынастарды көрсетеді.
Экономикалық қарым қатынастар әлемдік ақша, елдер арасындағы сауда,капитал тасымалымен, инвестициямен,арыз кредит бөлумен ғылыми техникалық алмасулар және туризм саласындағы қатынастарды құрайды.
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесінің қалыптасуы мен дамуы өндіріс қарқындылығына,дүние жүзілік нарық қатынастарына, халықаралық еңбек бөлінісіне байланысты.
Барлық елдердің ұлттық шаруашылығы бір бірімен тығыз байланыста.Бір елдегі қаржы тапшылығы басқа елдердің экономикасына үлкен кері ықпалын тигізеді.
Қазіріг қоғам даму кезеңдерінде әлемдік қаржы аренасында АҚШ рөлі зор. Себебі американдық доллар валютасы барлық елдерде қолданыста.