5- Дәріс. Дүние жүзінің жер және су байлықтар 5.1. Дүниежүзінің жер байлықтары 5.2. Дүниежүзінің орман байлықтары 5.3. Су және дүниежүзілік мұхиттың байлықтары Негізгі түсініктер мен тірек сөздер: дүниежүзінің жер қоры, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, жерлер қорының деградациялануы, антропогендік шөлдену, орман қорыорман белдеулері, ірі аймақтардың ормандылық көрсеткіштері, . Біріккен ұлттар ұйымының азық түлік және ауыл шаруашылық ұйымы, адамның физиологиялық қажеттілігін өтеуге қажетті су, мұхит биомассасының құрамы, дүниежүзілік мұхиттің минералды байлықтары, дүниежүзіндегі су қоры.
5.1. Дүниежүзінің жер байлықтары. Мыңдаған жылдар бойы тірі және өлі табиғаттың өзара әрекетінің нәтижесінде түзілген топырақпен жер қоры тірі ағзалармен ауылшаруашылық өндірісінің негізі болып табылады.Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 28% өңделетін жерлер (егістіктер, бақтармен плантациялар) 70% шалғындармен жайылымдар 2% көпжылдық жасыл желектер құрайды.Табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сай өңделетін жерлермен жайылымдар әркелкі таралған. Соңғы 100 жылда адамзат өркениеті басқа кезеңдерінде игерілгендей мөлшерде өңделетін жерлер игерілді. Сондықтан қазір өңдейтін жер қорының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жоқ. Оны тек орманды кесіп тазарту арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі кезеңде халықтың санының артуы мен өндірістің қарқынды дамуына байланысты елдімекендермен жолдар салып кен орындарын игеруге байланысты өңделетін жерлердің көлемі кему үрдісі байқалуда.
Агротехникалық шараларды дұрыс жүргізбеудің салдарынан өңделетін жерлердің дегродациялануынан өнімділігі төмен жарамсыз жерлер (бедленттер) көбеюде. Адамзат өркениетінің даму барысында 2 млрд.га өнімді жерлер деградацияланып жойылған. Сондықтан топырақты қорғаудың негізгі мақсаты оның құнарлығын сақтау болып табылады.Жылудың немесе ылғалдың жетіспеуіне байланысты жер бетіндегі топырақ қорының ¾ бөлігі өнімділігі төмен болып табылады.
Топырақ жамылғысының жартысынан жуығы шөлді-шөлейтті аймақтарда шоғырланған.Топырақ эрозиясының әсерінен жылына 6-7 млн. га құнарсызданып, 1,5 млн. га жер батпақтанып, тұзданып жарамсыз жерге (бедлентке) айналды. Қазіргі кезеңде әр 10 жылда топырақтың беткі құнарлы қабатының өнімділігі 70% кемиді.Топырақтың құнарсыздануы ылғалды тропикпен экваторлық белдеуде мол түсетін жауын-шашынның, шөлді шөлейтті аймақтарда шаңды дауылдардың әсерінен жүреді.
Бүгінгі таңдағы адам әрекетінен шөлдену үрдісі қарқынды жүруде. Дүниежүзіндегі антропогендік шөлдердің ауданы 9 млн. га. Оған қоса дүниежүзінің жер қорының тағыда 19% шөлдену қаупі төнуде.
Жер ресурстарымен Жердің топырақ жамылғысы ─ табиғаттың негізі. Адамзат баласын азық-түлікпен және ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Пайдалануға жарамды жер қорының жалпы көлемi ─ 95 млн км² (9,5 млрд га) немесе жалпы құрлық ауданының 60%-ына тең. Дүниежүзіндегі жер қорының 1/3 алып жатқан ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің ауданы 4,8 млрд га. Оның 28% ─ егістік, 70% ─ жайылымдық жерлер. Топырақ ресурстарының жел, су эрозиясына ұшырауы салдарынан, жер батпақ пен сортаңға айналып ауыл шаруашылығына жарамсыз болып қалуда. Қуаңшылық аймақтарда адамдардың орман-тоғайларды кесiп, мал жайылымына шектен тыс пайдалануы шөл аумағының ұлғаюына әкеліп соғады. Көптеген елдер тың және тыңайған жердi игеруде.Жер көлемі аз, халқы тығыз, теңіз жағалауында орналасқан Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Нидерланд, т.б. елдер өңделетiн жер аумағын жағалаудағы теңiз есебiнен ұлғайтуда. Осылайша, дүниежүзiлiк жер қорының құрылымы өзгеруде.