5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет113/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Ішкі айырмашылықтары. Африка елдері тарихи кезеңдерден бері және қазіргі экономикалық-географиялық жағдайларына сәйкес бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы ұқсас белгілеріне қарай топтастырылған бірнеше елдер жиынтығынан құралады. Аймақтар арасындағы шекаралар шартты түрде жүргізілген.
Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауында орналасқан елдерді топтастырады. Олардың экономикалық-географиялық жағдайлары өте тиімді. Еуропа, Азия, Аустралияға баратын маңызды теңіз жолдары бойында орналасуы, бұл елдердің жағалауларында ірі қалалардың пайда болуына және дамуына жағдай жасады. Ежелден-ақ сауда байланыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, арпа, жүгері, сондай-ақ ұзын талшықты мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус өнімдері мен құрма пальмасы өсіріледі. Қой мен түйе өсіру мал шаруашылығының ең кең тараған саласы болып табылады.
Өндіріс ошақтары, негізінен, Жерорта теңізі жағалауында шоғырланған. Ірі орталықтары - Каир, Александрия, Алжир, Тунис, Рабат, Касабланка қалалары. Әсіресе Нілдің атырауы ерекше көзге түседі.Ал неғұрлым ішкі аудандардағы өндіріс орталықтары мұнай мен газдың (Алжир, Ливия), фосфориттің (Марокко) ірі кен орындарының ашылуымен байланысты қалыптасқан. Бұл аймаққа кіретін елдер Африкадағы экономикалық жағынан біршама дамыған, халықаралық еңбек бөлінісінде өзіндік елеулі үлесі бар елдер қатарына жатады.
Батыс Африка елдері құрамына 20-ға жуық ел кіреді. Аймақтағы елдердің шаруашылығының дамуына олардың Атлант мұхиты жағалауындағы орны өте қолайлы әсер етеді. Сонымен қатар аймақта түрлі табиғат ресурстары да көптеп кездеседі; әсіресе темір, марганец, боксит, қалайы кендері мен алтын-алмас сияқты бағалы минералдарға бай.
Аймақтағы елдер саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары жағынан да Солтүстік Африка елдерінен үлкен айырмашылық жасайды. Мұнда Африкадағы халқы ең көп ел - Нигерия мен ең шағын аралдық ел – Кабо-Верде орналасқан. Халқының ұлттық және тілдік құрамының өте күрделі болуы, кейбір ұлттық топтағы халықтар санының өте аз болуы елдер арасындағы байланыстарды күшейтуге қиындық келтіреді.
Басқа аймақ елдері тәрізді Батыс Африка елдерінің де экономикасында жетекші орынды ауыл шаруашылығы иеленеді. Африкаға тән бір дақылды ауыл шаруашылығы осы аймақта ерекше қарқын алған. Какао бұршағын жинауда әлемдік біріншілікті Гана иеленеді, сондай-ақ Кот-дИвуар мен Нигерия ерекшеленеді; жержаңғақ жинаудан Сенегал алдыңғы орында, ал Нигер мен Гамбия дараланады; май пальмасы жанғағы мен одан май өндіруден Нигерия ерекше көзге түседі.
Өнеркәсіп салаларынан бұл аймаққа тау-кен өндірісі тән, бұл саланың барынша дамыған елі - Нигерия. Ол Гвинея шығанағы қайраңдарынан мұнайдың қарқынды өндірілуімен байланысты. Жергілікті өңдеуші өнеркәсіп жаңа дамып келе жатқандықтан, өндірілетін шикізаттың басым бөлігі сыртқа шығарылады. Аймақ елдерінде қара және түсті металлугия, машина жасау, химия өнеркәсібі мен қазіргі заман талабына сай көлік желілерін жасау жоспарланып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет