5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет114/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Орталық (Экваторлық) Африка елдеріне атына сәйкес материктің ортасында орналасқан елдер кіреді. Атлант мұхитының Гвинея шығанағы жағалауындағы орны елдердің сыртқы байланыстарды дамытуына ертеден-ақ жағдай жасаған. Жағалаудағы Еуропа отаршыларының алғашкы сауда орындары - факториялар, бүгінде үлкен порттарға айналған. Ал аймақтағы кейбір елдер материктің әлдеқайда қолайсыз, ішкі аудандарында орналасқан. Олардың сыртқы байланыстары көршілес елдер порттары мен әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Орталық Африка минералды және су ресурстарына аса бай аудан болып есептеледі. Мұнда әлемге әйгілі "мыс белдеуі" орналасқан, сондай-ақ кобальт, қорғасын, мырыш, марганец, темір және уран кендерінің де қоры кездеседі. Аймақ қойнауы алтын мен алмасқа да аса бай болып келеді. Соңғы жылдары Гвинея шығанағы қайраңдарынан мұнайдың ірі кен орындары ашылды.
Габон, Конго, Экваторлық Африка сияқты елдер сыртқа аса бағалы тропиктік ағаш сүрегін шығарумен айналысады.Ауыл шаруашылығы сыртқа шыгаруға бағытталған кофе, какао, шай темекі, каучук, мақта, жержаңғақ, банан және тропиктік жемістер өсіруге маманданған.
Шығыс Африка елдеріне Үнді мұхитын бойлай орналасқан елдер тобы кіреді. Бұл елдердегі шаруашылықтың дамуы мен орналасуына Үнді мұхиты арқылы Азия елдерімен жүргізілетін сыртқы байланыстар негізгі қозғаушы күш болып отыр.
Аймақ қойнауы басқа аймақтармен салыстырғанда минералды шикізаттарға онша бай емес. Сондықтан сыртқы сауда өнімдерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Мысалы, Эфиопия, Кения, Уганда елдері халықаралық нарық сұранысын кофемен; Танзания, Уганда, Кения сизаль және мақтамен; Кения шаймен; Эфиония, Танзания тері өнімдерімен; Сомали және Джибути тірі малдармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жергілікті халықтың негізгі тұтыну дақылдары - қонақ жүгері (сорго) және басқа тары тұқымдастары, жүгері, күріш, маниок, тәтті картоп (батат), бұршақ өсіріліеді,
Оңтүстік Африка елдеріне материктің оңтүстігінде орналасқан елдер мен аралдық мемлекет – Мадагаскар кіреді. Бұл елдердің шаруашылығының дамуы аймақтағы табиғат байлықтарының алуан түрлі және аса мол болуына тікелей байланысты. Минералды ресурстар негізінде аймақ елдерінде тау-кен өндірісі кең қанат жайған. Әсіресе Оңтүстік Африка Республикасы - Йоханнесбург қаласының маңы мен Зимбабве ерекше көзге түседі, оларда өңдеуші өнеркәсіп салалары да барынша өркендеген. Басқа аймақ елдерінен Оңтүстік Африка өлеуметтік-экономикалық жағынан үлкен айырмашылық жасайды. Мұнда Африкадағы ең жоғары дамыған ел - Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) орналасқан.
ОАР аймақтағы экономикасы едәуір дамыған ел болып табылады. Ол экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша Африкада бірінші орында тұр. Оның үлесіне Африкадағы жалпы ішкі өнімнің 20%-ы, өнеркәсіп өнімі көлемінің 30%-ы тиесілі. Шаруашылығындағы жетекші орын тау-кен өнеркәсібі болып табылады. Атап айқанда, алтын өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды, алмас өндіруден екінші орынды, уран концентратын өндіруден үшінші орынды иеленеді. Сонымен қатар металлургия, химия өнеркәсібі мен машина жасау да қарқынды дамыған. Бұл өнеркәсіп орындары Африкадағы ең ірі өнеркәсіпті орталық - Витватерсранд ауданында орналасқан, оны салыстырмалы түрде "Африка Руры" деп те атайды. Оның орталығы - Йоханнесбург, ол осы заманғы үлкен қала, елдің "экономикалық астанасы" болып табылады.
Барлық Африка елдері тәрізді Оңтүстік Африка елдерінде де ауыл шаруашылығы сыртқа шығаратын өнімдер мен жергілікті тұтыну өнімдеріне бағытталған. Климаттық жағдайға байланысты жүгері мен бидай көбірек өсіріледі. Көптеген елдер (Зимбабве, Ботсвана, Лесото, Свазиленд) мал шаруашылығы өнімдерін: жүн, қаракөл елтірісі, тері және тірі малды сыртқа шығаруға маманданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет