15.3.Аустралия Одағына экономикалық-географиялық шолу Аустралия, ресми атауы - Аустралия Одағы - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Канберра халқының саны 309 мың адам болып келетін шағын әкімшілік қала. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн.
Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Аустралия Одағы - дүние жүзіндегі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ел. Халықаралық байланыстағы орнымен үлесін тұрақты сақтап келеді тұрмыс деңгейі де дамуымен ерекшеленеді. Мемлекетті ұлыбритания патшайымы басқарады. Мемлекетттік құрылымы жөнінен Британ бірлестігі құрамына кіретін мемлекет. Аустралия әкімшілік- аумақтық құрылым бойынша федералды ел болып саналады. Аустралия 6 штат пен 2 аумақтан тұрады.
Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Аустралия кен байлықтары, әсіресе боксит, қорғасын, мырыш, темір, никель, уран кендерінің қоры өте мол. Аустралия дүние жүзінде боксит (дүниежүзілік қордың 1/3-і), рутил, ильменит, цирконий, монациттің (керамиканың ерекше түрлері, лазер, талшықты оптика үшін қажетті шикізат) қоры жөнінен бірінші орында; темір, никель, алтын, қалайының қоры жөнінен алдыңғы орындарды иеленеді. Квинсленд штаты мен теңіз қайраңдарынан мұнай, ал Батыс Аустралия штатында табиғи газ кен орындары ашылды. Сонымен қатар Аустралия жерінде дүние жүзіндегі уран қорының 1/3-і шоғырланған.
Жиі байқалатын құрғақшылық, піаңды дауылдар (вилли-видли), ормандардагы өрттер, апатты нөсер жаңбырлар Аустралия шаруашылығына елеулі зиянын тигізіп отырады.
Материктің ішкі аудандарын шөлейт пен шөл алып жатыр, олардың көпшілігі ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер. Материк жерінің 60%-дан астам бөлігі беткі ағынсыз аса құрғақ аудандар. Бұл аймақтағы өзендер мен көлдер құрғақ кезеңдерде кеуіп қалады, тек Муррей-Дарлинг жүйесіне кіретін өзендер ғана суару мақсатында пайдаланылады. Ішкі құрғақ аудандарда беткі су болмағанымен, өте кең алапты қамтитын артезиан жер асты сулары ресурсының мол қоры жинақталған. Олардың ішіндегі ең ірісі — Үлкен Артезиан алабы, оның ауданы — 1,7 млн км2 [6].
Аустралиядағы тұщы судың 70%-ға жуығы жерді суару үшін, 10%-ы мал шаруашылығы мен ауылдық едді мекендердің тұрмыс қажеттілігі үшін, ал қалған 20%-ы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады. Сондықтан да елдегі суармалы жердің 90%-дан астамы шоғырланған субтропиктерде тұщы судың тапшылығы айқын сезіледі және су пестицидтермен, азотты тыңайтқыштармен қатты ластануда. Өндіріс пен ауыл шаруашылығы қажетіне пайдаланылып, өз дәрежесінде тазартудан өтпеген сулар құйылған Басс бұғазы және Сидней, Мельбурн, Брисбен, Перт қалалары маңындағы мұхит сулары да ластанып, кейбір маржандық аралдар фаунасы мен флорасына нұқсан келуде.
Аустралия жерінің бар болғаны 5,5%-ын ғана орман алып жатыр Аустралияның халықаралық нарықтағы орнын анықтаушы басты байлығы - минералды ресурстар..