5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет66/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
11.2 Су және әуе көлігі
Су көлігі. Теңіз көлігінің мемлекет аралық және құрлық аралық сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырудағы маңызы зор. Ол барлық халықаралық тасмалдың 3/4 бөлдігінен астамын қамтамасыз етеді. Олардың құрамында әсіресе мұнай, мұнай өнімдері, кен көмір, астық металл сияқты басқа да көптеген өнім түрлерінің үлесі басым. Теңіз көлігімен аса көлемді жүктерді мемлекетаралық және құрлықаралықпен қатар, үлкен және кіші каботаж арқылы мемлекет ішінде тасмалдауда жүзеге асырылады (11.1-сурет).
Үлкен каботаж – бұл әртүрлі теңіз алаптарында орналасқан порттардың арасында кемелердің жүк тасмалын жүзеге асыруы (мысалы Владивосток – Новороссийск, Новороссийск – Архангельск); кіші каботаж - кемелердің бір теңіз алабындағы порттар арасында жүк тасымалын жүзеге асыруын (мысалы Ақтау – Баку).
Жүк айналымы (29 трлн т-шақырым) мен еңбек өнімділігі жөнінен теңіз көлігі басқа көлік түрлеріне асып түседі. Теңіз жолымен жүк тасмалының өзіндік құны көліктегі ең төменгі болып табылады. Теңіз көлігін алыс қашықтыққа жүк тасымалы үшін қолдану біршама тиімді. Ішкі қатынаста (кіші каботаж) теңіз жолымен жүк тасмалдау біршама тиімсіз.



11.1-сурет. Су көлігінің тасмалы

Теңіз көлігімен жүк тасмалын жүзеге асыру флотты, теңіз порттарын, кеме жөндеу зауттарын қамтитын көп салалы шаруашылық болып табылады. Теңіз тасмалын жалпы сиымдылығы 500 млн брутто-регистр тоннаны бірнеше ондаған мың кемелер қызмет көрсетеді. Бір брутто-регистр тонна 2,8316м3 тең.


Ең ірі флоттар Панамада (72 млн бр-рег т), Либерияда (60), Грекияда (30), Кипрде (25), Багам аралдарында және Жапония (20), Қытайда (17), Ресейде (15), Норвегияда (15), АҚШ-та (13 млн бр-рег т) бар. Кемелерінің басым бөлігі жоғары салықтан жалтару үшін «қолайлы ту» ретінде қолданатын АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) меншігі болғандықтан Либерияның, Кипр мен Багам аралдарының жүк тасмалы жөнінен дүние жүзіндегі көшбасшылығы біршама шартты болып табылады.
«Қолайлы ту» кемеден салықтың аз жиыналуын, тіркеу бағасының төмен болуын, теңізшілерге төленетін айлықты үнемдеуге мүмкіндік береді (11.2-кесте).
11.2-кесте. Сауда флотының тонажы бойынша көшбасшы және «қолайлы тулы» елдер



Сауда флоттың тонажы бойынша көшбасшы елдер

Панама*, Либерия*, Мальта*, Грекия, Кипр*, Багам аралдары*, Сингапур*, Норвегия, Қытай, Жапония, Сянган, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Италия, Филиппин, Түркия.

* «Қолайлы тулы»



Панама*, Либерия*, Мальта*, Грекия, Кипр*, Багам аралдары *, Сингапур*, Сент-Винсент және Гренадиндер*, Бермуд аралдары, * Маршалл аралдары*

* Өздері теңізге шығу мүмкіндігі болмас да Моңғолия мен Боливия кемелерді тіркеу қызметін ұсынады.


"Теңіз тасмалдаушылары" қызметін Грекия мен Норвегия атқарады. Дүние жүзіндегі барлық флоттың 40% халықаралық мұнай мен мұнай өнімдерін тасмалдауды жүзеге асыратын танкерлер құрайды. Теңіз жолымен мұнай тасмалдаудың басты бағыттары Кариб теңізі ауданынан АҚШ мен Батыс Еуропаға Таяу шығыс елдерінен Батыс Еуропаға, АҚШ мен Жапонияға бағытталады.
Ірі теңіз кемелері танкерлер мен аса ірі супертанкерлер негізінен шикі мұнайды, балкерлер құм сияқты төгетін сусымалы жүктерді тасмалдауға арналған.
Мұхит алаптарының ішінде теңіз арқылы жүк тасмалының көлемі жөнінен жағалауында Роттердам (Нидерланд), Антверпен (Бельгия), Гамбург (Германия), Лондон (Ұлыбритания), Марсель (Франция), Генуя (Италия), Жаңа Орлеан, Нью-Йорк, Филадельфия (барлығы АҚШ) сияқты ірі порттар орналасқан Атлант мұхиты бірінші орын алады. Көптеген ірі порттар Тынық мұхиты (Кобе, Тиба, Иокогама, Нагоя – Жапония, Шанхай – ҚХР, Пусан – Корея Республикасы, Сидней – Аустралия, Ванкувер – Канада мен Үнді мұхитының жағалауында (Карачи – Пәкстан, Бомбей және Калькутта – Үндістан, Коломбо – Шри-Ланка орналасқан. Әмбебап порттармен қатар мұнай (мысалы, Парсы шығанағындағы Рас-Таннура – Сауд Арабиясы, Мина-Эль-Ахмади – Кувейт және Харк аралы – Иран; Венесуэладағы Амуай және Ла-Салина порттары), кен (Бразилиядағы Тубаран), көмір (ОАР-дағы Ричардс-Бей), астық, ағаш материалдарын, басқа да жүктерді тасымалдауға маманданған арнайы порттар да бар.
Теңіз тасымалы географиясына теңіз каналдарының ықпалы зор. Суэц (Египет), Панама (Панама), Киль (Германия), Коринф (Грекия) каналдарының халықаралық маңызы бар.
Дүние жүзінің аса ірі теңіз порттарының тізіміне: Шанхай (Қытай), Сингапур, Гонконг (Сянган), Шэньчжэнь, Нинбо (Қытай), Пусан (Корея Республикасы), Дубаи (БАӘ), Роттердам (Нидерланды), Тяньцзинь (Қытай). Еуропаның ірі порттарының қатарына – Роттердам (аса ірі), Антверпен (Бельгия), Гамбург (Германия) жатады. АҚШ аса ірі порттар кешені Лос-Анджелес – Лонг Бичболып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет