5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет67/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117
Өзен көлігі. Көліктің бұл түрінің жағымды жақтарына терең өзендерде тасымалдау қабілетінің жоғары болуы, тасмалдаудың өзіндік құнының салыстырмалы түрде төмен болуы, кеме жүзуін ұйымдастыруға шығынның аз жұмсалуы жатады. Өзен көлігінің дамуына көбінесе табиғат жағдайлары әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда ірі өзендерде кеме жүзуін ұйымдастыруға Солтүстік және Латын Америкасының, Еуропа мен Азияның көптеген елдерінің мүмкіндіктері бар. Еуропадағы көлік жолдарының желілері Сена, Рейн, Эльба, Одра, Висла, Дунай, Днепр, Еділ, Дон т.б.; Азияның Ганг, Үнді, Иравад, Янцзы, Обь (Ертіспен қоса) Енисей (Ангарамен қоса), Лена, Амур т.б.; Солтүстік Америкада – Миссисипи, Әулие Лаврентия, Маккензи т.б.; Латын Америкасында - Амазонка мен Парана; Африкада – Конго, Нигер, Ніл; Аустралияда – Муррей мен оның саласы Дарлинг өзендерінде дамыған. Халықаралық жүк тасмалдын жүзеге асыратын өзендер жүйесіне: Еуропадағы Рейн мен Дунай; Солтүстік Америкадағы Әулие Лаврентия; Латын Америкасындағы Амазонка мен Парана; Азиядағы Меконг, Ганг, Үнді, Иравади; Африкадағы Конго, Нил, Нигер жатады.
Халықаралық маңызы бар Американың Ұлы көлдер жүйесі көлдерде жүк тасмалының көлемі бойынша дүние жүзіндегі көшбасшы болып саналады.
Дүние жүзіндегі кеме жүзетін өзендер мен каналдардың жалпы ұзындығы 550 мың шақырым. Олардың тең жартысына жуығы Ресей мен Қытайдың (әр қайысысы 100 мың шақырым), АҚШ-тың (40 мың шақырымнан астам) және Бразилияның (30 мың шақырым) үлесіне тиеді. Ішкі су жолымен тасмалданған жүк айналымының жалпы көлемі жөнінен бірінші орынды АҚШ, екіншіні Қытай, үшіншіні Ресей, одан арғыларды Германия, Канада мен Нидерланды алады.
Әуе көлігі ХIХ–ХХ ғасырлардың тоғысында дами бастады. Ол жылдам болғанымен қымбатқа түсетіндіктен халықаралық жолаушы тасмалында, дүние жүзінің қолжетімділігі қиын аудандарымен байланыс орнату мақсатында қолданылады. Әуе көлігінің инфрақұрылымы халықаралық және жергілікті маңызы бар әуежайлар желісінен тұрады. Әуежайлар ұшақтардың ұшуын басқаруды, жолаушыларды қабылдау мен оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, т.б. жүзеге асырады. Халықаралық әуе қатынасына дүние жүзінің бір мыңнан астам әуежайлары қатысады. Жылына 30-дан 70 миллионға дейін жолаушыларға қызмет көрсететін дүние жүзіндегі ең ірі әуежайлары АҚШ-да (Чикаго, Атланта, Даллас, Лос-Анджелес), Ұлыбританияда (Лондон), Жапонияда (Токио), Францияда (Париж), ГФР-де (Майн-дағы Франкфурт). Бұл елдер Аустралиямен, Қытаймен, Ресеймен, Канада және Нидерландпен бірге жолаушылар айналымы жөнінен дүние жүзінің әуе көлігі бар он ірі елін түзеді.
Атланта, Чикаго, Лондон, Токио, Париж әуежайлары жылына біршама көп жолаушылар қабылдайды.
Қазіргі кезеңде әуе көлігі арқылы жылына тасмалданатын жолаушылар саны 1,3 млрд адамға жетті. Әуе көлігінің жүк айналымы жылдан-жылға арып келе жатқанына қарамастан көліктің басқа түрлеріне қарағанда үлесі өте төмен.
Әуе көлігі қозғалмалы құрамаларын одан ары жетілдіру, жолаушыларды тасмалдау жылдамдығын арттыру арқылы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет