5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет70/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Жыл

Айналым
млрд долл.

Соның ішінде

Экспорт\млрд долл.

Импорт млрд долл.

1950
1960


1970
1980
1990
2000
2005

125
263


645
4050
6980
13000
21140

61
128


315
2000
3425
6340
10390



64
135


330
2050
3555
6660
10750

11.4кесте. Дүниежүзілік сауда айналымы
19-11.2-сурет. Дүниежүзілік экспорт
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда Дүниежүзілік шаруашылықтың қарқынды дамып келе жатқан маңызды саласы екенін көрсетеді. 1950–2005 жылдар аралығында дүниежүзілік сауда айналымы 169 есе өскенін көруге болады. Бұл көрсеткіш өнеркәсіп өндірісінің ЖІӨ үлесінен біршама жоғары екенін және халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің біршама тереңдеп бара жатқанын көрсетеді. Қазіргі кезеңде дүниежүзілік сауда айналымының орташа жылдық өсімі 5–8%-ды құрайды.
Халықаралық сауданың тұрақтылығы мен үздіксіз өсуінің, жоғарғы қарқынмен дамуының бірқатар себептері бар. Олардың қатарына өндірістің интернационалдануының өсуін, дүниежүзілік нарықтағы ТҰК белсенді әрекетін, көптеген елдердің шектеу шараларынан бас тартып, біртіндеп сыртқы сауданы либерализациялауға көшіріуін, ескілерін жаңғыртып, экономиканың жаңа салаларын құруға мүмкіндік беретін ҒТР-ы, әртүрліНАФТА, АСЕАН, Меркусор, ЕуроОдақ сияқты аймақтық құрамдасулардың, әртүрліжалпы нарықтар мен еркін сауда аймақтарын құрылуын, экономикасы ашық жаңа индустриалы елдердің дүниежүзілік аренаға шығуын жатқызуға болады.
Дүниежүзілік тауар айналымының басым бөлігін АҚШ, Батыс Еуропа мен Жапония арасындағы сауда айналымы құрайды. Қазіргі кезеңде дүниежүзілік сауда айналымында Азия-Тынық мұхиты аймағы жоғарғы қарқымен дамуда.
Дүниежүзілік сауда айналымының құрылымының 70%-ға жуығын дайын өнімдер, тек 30%-ын азық-түлік пен шикізат құрайды. Электронды техникалар, байланыс құралдары, компьютерлер, жабдықтаушы материалдар айырбасы тораптар мен тетіктер алмасуы жоғарғы қарқынмен дамуда. Шикізат тауарларының ішінде мұнай мен мұнай өнімдері жетекші орын алуда. Дүниежүзілік сауданы реттейтін басты ұйым Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып табылады.
Қорыта айтқанда, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың алатын орынын біріншіден, ол арқылы капиталдың шығарылуы, өндірістік кооперация, ғылыми-техникалық ынтымақтастық сияқты дүниежүзілік шаруашылықтың барлық нышандарының жүзеге асырылуы, айқындайды. Екіншіден, халықаралық сауданың дамуы халықаралық қызымет көрсету алмасуының қарқынын айқындайды. Үшіншіден, аймақаралық және мемлекетаралық байланыстарды қамтамасыз ету арқылы халықаралық құрамдасуға маңызды алғышарт болады. Төртіншіден, халықаралық еңбек бөлінісі мен шаруашылықтық байланыстардың құрамдасуын одан ары тереңдетуге мүмкіндік береді. Халықаралық сауданың нышандарын үш бағыт бойынша жүйелеуге болады. Нышандарын анық өлшемі ретінде реттелуін, сауда заттарын, халықаралық сауда субъектілерінің өзара байланысын алуға болады.
Халықаралық сауда нышандарын жіктеу төменде сызбада берілген (11.3-сурет).



11.2-сурет. Халықаралық сауда нышандарын жіктеу


Халықаралық қызмет көрсету. Бұрын бұл нышан портқа кіретін шет ел кемелеріне қызмет көрсетумен, мол табыс әкелетін теңіз кемелерін фрахтлау мен (жалға берумен) айналысатын көптеген теңіз державалары ұсынатын көліктік қызмет көрсету арқылы көрініс тапқан. Өз теңіз флотын басқа елдердің порттарының арасында жүк тасымалдауға ұсынатын «теңіз жүк тасмалдаушыларына» Грекияны, Швецияны, Германияны, Ұлыбританияны, Нидерландыны, Францияны, Данияны жатқызуға болады. Қазіргі кезеңдегі ең басты «теңіз жүк тасмалдаушысы» Норвегия болып табылады.
Іс-жүзінде кемелер ғана емес, ұшақтарды да фрахтлайды (чартерлік тасмал).
Қазіргі кезеңде ақпараттану мен телекоммуникация саласы бойынша қызмет көрсету біршама кең таралған. Қызмет көрсету саудасының негізгі бөлігі Батыс Еуропаның экономикасы дамыған елдерінде қалыптасқан нарықта жүзеге асырылады. Халықаралық қызмет көрсету қамсыздандыру, жарнама, кинопрокат, ғылыми және өндірістік құрал-жабдықтарды жалға алу, инженерлік жобалау, ғылыми ақпараттарды өңдеу, ғарыштық байланыстарды пайдалану салаларында жақсы дамыған. Қызмет көрсетудің ерекше нышанына халықаралық атауы «ноу-хау» деп аталатын өндірістік тәжірибе алмасу жатады. Құрылыстық қызмет көрсету кеңеюде. Экономиканың жақсы дамуына мүмкіндік беретін факторларға құрал-жабдықтарды, аавтомобильдерді, кемелерді, ұшақтарды жалға алу түріндегі 3–15 жылға дейін несиелеу болып табылатын лезиншг пен жобаларға техникалық кеңес беруді көздейтін консалтинг жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет