5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет91/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Экологиялық жағдайы. Шаруашылық жүргізу мәдениетінің төмен болу нәтижесінде шетелдік Азия елдерінде қоршаған ортаға антропогендік әсер күшейген. Табиғат қорғау шараларын сақтамай пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру, ауыл шаруашылығын экстенсивті жүргізу, халық санының арту салдарынан атмосфераның, ластануы, су ресурстарының жұтаңдануы, топрақ эрозиясы, орманның биологиялық алуан түрліліктің азаюы жүріп жатыр. Соғыстар мен шиеленістердің жиы болуы жағдайды ушықтыруда. Частые Мысалы, Парсы шығанағындағы соғыс қышқылды жаңбырлардың, шаңды дауылдардың ыс пен мұнай өнімдерімен топрақтың судың дастануын тудырып, флора мен фаунаға аорасан зор нұқсан келтірді. АҚШ-тың Ветьнамға шабуылы кезінде субтропиктік және тропиктік муссонды ормандардың экожүйесі зартап шегіп, 0,5 млн. шаршы шақырым орман алқаптары жойылды.


13.3 Шетелдік Азияның ірі аймақтарына қысқаша шолу
1. Оңтүстік-Батыс Азия (Израиль, Ирак, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, т.б. елдері) үш дүние бөлігі түйіскен ыңғайлы экономикалық және саяси-географиялық жағдайда орналасқан. Аймақтың батыс бөлігін кейде "Таяу Шығыс" деп те атайды. Мұнда дүниежүзілік діндер орталығы — исламдық, христиандық, кейіннен иудаизм пайда болған. Алып аймаққа өзіндік ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстар төн. Аймақтың жер койнауында дүние жүзіндегі мұнайдың 2/3-і бөлігі жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бері бұл аймақ планетамыздың ыстық нүктесі аталады. Әсіресе Суэц каналы мен Бағдад — Берлин әскери-стратегиялық темір жолының салынуына байланысты аймақтың маңызы өте-мөте күшейді. Мұндағы елдің басым бөлігі мұнайды экепорттайды.
2. Оңтүстік – Азия (Бангладеш, Будан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Неапл, Шри-Ланка елдері) табиғат жағдайларына биік таулы, таулы-үстіртті және шөлді ландшафтылар тән. Бұл аймақ өзен аңғарларында халықтың тығыз орналасуымен ерекшеленеді. Халықтың өте көп қоныстануына қарай (1,4 млрд адам), Азияның бұл аймағын субконтинент деп те атайды. Мұнда буддизм мен индуизм (кейіннен ислам) діндері пайда болған. Аймақ халық санының көпшілгі жағынан ғана емес, сонымен қатар халықтың "жастығымен" де ерекшеленеді. Халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейі өте төмен. Миллиондаған адамдар аштықта өмір сүруде. Азияның бұл аймағы дүние жүзіндегі ең кедей және аштықтың азабын кешіп отырған аумақтардың бірі саналады.
Оңтүстік Азиянын дамушы елдері дүниежүзілік эмиграцияның негізгі дәстүрлі ошағы саналады. XX ғасырдың 80—90-жылдарындағы ішкі саяси, діни және этникалық қайшылықтар осы күнге дейін шешімін таппай келеді. Мысалы: Үндістан мен Шри-Ланка, Пәкстан мен Үндістан елдері арасындағы (Кашмир аңғары) шиеленістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет