5В060900 «География» мамандығы бойынша


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет80/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырыптар атауы 

Кіріспе. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Елдердің 
мемлекеттік құрылысы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары мен 
табиғат жағдайлары 

Дүниежүзілік 
шаруашылық: 
Отын-энергетика 
кешені. 
Дүниежүзілік көмір, мұнай және газ өнеркәсібінің географиясы. 
Дүниежүзілік электр энергетикасы 

Дүниежүзілік қара және түсті металлургия өнеркәсібі. Қара 
және түсті металдардың шикізат базасы, өндіру және қолдану 
географиясы және оның өзгеруі 

Дүниежүзілік машина жасау өнеркәсібі. Машина жасау 
өнеркәсібінің қазіргі салаларының географиясы 

Дүниежүзілік 
химия 
өнеркәсібі. 
Салалардың, 
шикізат 
базаларының ерекшелігі 

Жеңіл өнеркәсіп. Жеңіл және тамақ өнеркәсіп салаларының 
географиясы 

Дүниежүзілік ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. 
Дүниежүзілік агроөнеркәсіп кешені (ДАӨК) 

Дүниежүзілік көлік және коммуникация географиясы 

Дамыған елдер. АҚШ, Жапония 
10 
Батыс Еуропаның дамыған елдері 
11 
Шығыс Еуропа елдері 


12 
Қоныс аударушы елдер. Канада мен Аустралия. ОАР 
13 
Дамушы елдер. Азия елдері 
14 
Латын Америка елдері 
15 
Африка. Аустралия мен Мұхиттық аралдар елдері 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Басқа ғылымдар сияқты экономикалық, әлеуметтік және саяси география 
өзінің негізгі зерттеу әдісі ретінде - талдау және синтездеу әдістерін қолданады. 
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы талдап зерттеу пәннің 
қарастыратын ауқымы мен зандылығына сай бөлшектенуіне алып келеді.
Пән оқытылуының міндеттері: Экономикалық, әлеуметтік және саяси 
географиядағы синтездеп зерттеу белгілі бір аумақтағы барлық компоненттер 
мен факторлардың әрекеттесу ерекшелігін айқындау және интеграциялау 
жолымен жүзеге асырылады. Жеке қарастырылатын аймақтардың барлығы 
"Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы" пәнін оқып 
үйренуге бөлінген сағаттың көлемі мен оның максаттарындағы ерекшеліктермен 
анықталады. «Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы» 
пәнін оқытудың міндеттері: Cтуденттерді дүниежүзілік шаруашылықтың 
маңызын, олардың әртүрлі типтегі елдерде даму заңдылықтарын түсініп, 
студенттерді еркін дағдылануға үйрету. 
Дүниежүзінің әрбір елін зерттегенде мынадай негізгі мәселелер 
қарастырылады: Географиялық орналасу жағдайы мен аумағының қалыптасу 
ерекшеліктері; Табиғи жағдайы мен ресурстарына шаруашылық түрғысынан 
баға беру; Халықтар географиясының басты белгілері мен ерекшеліктері; 
Елдердің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және олардың 
шаруашылығының басты салаларының сипаттамасы; Жекелеген экономикалық 
аудандардың сипаттамасы; Сыртқы экономикалық байланыстары. 
Жекелеген елдер мен аймақтардың шаруашылық салаларының дамуы, 
құрылымы және орналсуын ашып көрсететін шаруашылықтың құрылымдық 
көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлу қажет. Сондай құрылымдық көрсеткіштерге 
халықтың экономикалық белсенді бөлігінің салалық құрамы, жалпы ұлттық 
табыстың (ЖҰТ) немесе жалпы ішкі табысының (ЖІТ) құрылымы, елдің сыртқы 
сауда құрамы, халықтың жан басына шаққандағы өндіріс көрсеткіштері мысал 
болып 
табылады. 
Елдердің 
экономикалық-географиялық 
сипаттамасы 
типологиялық бағытта болуы қажет, яғни әр елдің жеке өзіне тән спецификалық 
ерекшелігіне сай жалпы сипаттама берілуі керек.
Ол үшін елдің экономикалық географиясын зерттегенде материалдарды 
дұрыс таңдай алып, салыстыру әдісін кең түрде қолдану қажет. Тек қана елді 
елмен, ауданды ауданмен, саланы саламен салыстыру арқылы ғана зерттеп 
анықтағанда мемлекеттің, шаруашылықтың ерекшелігі анықталады.Курстың 
әрбір тақырыбын зерттегенде студенттің дәйекті материалды игеруіне 
көмектесетін бағдарламаның соған сәйкес тарауын басшылыққа алу қажет. 


Жекелеген елдер бойынша шыққан анықтамалар, брошюралар, карталарды да 
пайдаланған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет