6 дәріс Тақырыбы: Қабыну патоморфологиясы Мақсаты мен міндеттері


Қабынудың ішкі (эндогенді) себептері



бет2/8
Дата01.03.2023
өлшемі369,87 Kb.
#70611
1   2   3   4   5   6   7   8
Қабынудың ішкі (эндогенді) себептері: ұлпаға шөгетін тұздар (мысалы, подаграда шөгетін несеп қышқылды тұздар), некроз ошақтары, тромбтар және т.б.
Қабынудың сыртқы (экзогенді) себептері:

  1. Биологиялық – вирустар, бактериялар, патогенді саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар және т.б.

  2. Химиялық – қышқылдар, сілтілер, тұздар, скипидар, кротон майы және т.б.

  3. Физикалық – механикалық жарақаттану, соғылу, күю, үсу, электр тоғының әсері, сәулелі энергия, радиобелсеңді заттар және т.б.

Қабыну ошағындағы өзгерістер негізінен 3 морфологиялық компоненттен тұрады: альтерация, экссудация және пролиферация.



Альтерация – ұлпалардың зақымдануы (дистрофия, некроз).
Экссудацияқанның сұйық затының, қан элементтерінің тамырлардан сыртқа – қабыну ошағына шығуы. Ол төмендегі өте күрделі сатылардан тұрады:
а) микроциркуляция арнасының реакциясы және оған байланысты қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуы;
б) майда қан тамырларының өткізгіштігінің артуы;
в) қан тамырларынан қанның плазмасының бөлініп шығуы;
г) қан элементтерінің эмиграциясы.
Қабыну аймағында бастапқы қысқа мерзімде қан тамыры жиырылып (спазм), кейіннен кеңейе бастайды. Қабынған жер қызарады, домбығып, қызуы көтеріледі. Кейін артериялық гиперемия веналық гиперемиямен алмасып, қан ағымы баяулайды, іркіледі. Осыған байланысты қан тамырының қысымы күшейіп, өткізгіштігі артады.
Экссудация үдерісі қан тамырынан қан протеиндерінің: альбумин, глобулин, кейінірек фибриногеннің шығуынан басталады. Соңынан қан түйіршіктері шыға бастайды. Шықпай тұрып, әуелі лейкоциттер тамырдың шетіне орналасады.
Қабыну ошағына жиналған сұйықтықты экссудат деп атайды.
Пролиферация – қабыну ошағында торшалардың көбеюі. Жергілікті мезенхима торшаларының, моноциттердің, лимфоциттердің көбеюі арқылы жүреді.
Қабыну ошағындағы зат алмасу үдерісінің күшеюі, жергілікті үдерістер, торшалардың ыдырау өнімдері осы торшалардың көбеюіне себеп болады.
Қабыну ошағында үш бірдей компоненттің болуы шарт. Олардың біреуі болмаса, онда қабыну емес. Қай компоненттің басым болуына байланысты: альтерациялық, экссудациялық және пролиферациялық (продуктивтік) деген қабыну түрлерін ажыратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет