6 дәріс Тақырыбы: Қабыну патоморфологиясы Мақсаты мен міндеттері


Диффузды пролиферациялық қабынуда



бет7/8
Дата01.03.2023
өлшемі369,87 Kb.
#70611
1   2   3   4   5   6   7   8
Диффузды пролиферациялық қабынуда мүшенің бір жері, тіпті түгел өзі зақымданады. Себебі - әлсіз, көп уақыт әсер ететін тітіркендіргіш факторлар (токсиндер – шіріткіш, қышқыл, ашытқыш), созылмалы инфекциялық аурулар (бруцеллез, актиномикоз, гельминтоздар, протозооздар). Мұнда қан тамырлар адвентициясы мен мүшелер стромасы тітіркендіріп, дәнекер ұлпа элементтері көбейеді.
Диффузды пролиферациялық қабынуға шалдыққан мүшенің көлемі үлкейеді, пішіні сақталады, түсі бозғылт, тығыздығы қатты. Кескенде тілік бетінде оның стромасының қалыңдап, ал паренхимасының кішірейгенін көруге болады. Соңынан дәнекер ұлпа тартылып, мүше кішірейеді, оның беті кедір-бұдырланады (цирроз). Мүшенің қызметі нашарлап, бұзылады.
Диффузды пролиферациялық қабынуға мысал ретінде, бауыр циррозын, кардиосклерозды, бруцеллезде болатын интерстицийлік нефритті, желін бұлшық етінің интерстицийлік қабынуын, паратуберкулездік энтеритті атауға болады.
Гранулематоздық қабыну (лат.granulum – дән) – пролиферациялық қабыну ошақты түрде жүруімен сипатталады. Себебі: созылмалы инфекция қоздырушылары - инфекциялық (туберкулез, маңқа, бруцеллез, паратиф, актиномикоз) және инвазиялық (трихинеллез, стронгилидоз) түйіншектердің пайда болуымен сипатталады.
Гранулеманың дамуында 3 кезең болады:
1) зақымданған ошақта жас моноцитарлы фагоциттердің жиналуы;
2) осы торшалар макрофагтерге айналып гранулема құрайды;
3) моноцитарлы фагоциттер мен макрофагтар эпителиоидты торшаларға айналып, олардан Пирогов-Лангханс алып торшалары пайда болады.
Гранулеманың диаметрі 1-2 мм аспайды, оларды кейде тек микроскоп арқылы анықтауға болады. Мысалы, туберкулез гранулемасының ортасы эпителиодты, алып торшалардан, ал шеті лимфоидты торшалардан тұрады. Паразитарлық гранулема эозинофилді лейкоциттерден тұрады.
Ақыры: некроз немесе склероз (тыртықтану).
Полиптердің п.б. өтетін қабыну созылмалы өтумен және тек кілегейлі қабықтарда орналасуымен сипатталады. Жабынды эпителий гиперплазияға ұшырап, полиптер түрінде өсінділер пайда болады. Олардың негізі лимфоциттерден, плазмоциттерден, макрофагтардан және т.б. торшалық элементтерден тұрады. Мұндай өскіндер мұрын қуысында, жоғары жақ (гаймор) қуысында, бронхтарда, ішек, қарын, жатыр қуысында жиі пайда болады. Егер мұндай үдеріс жалпақ және призмалық эпителийдің шекарасында өссе, онда - кондиломалар п.б., сыртынан жалпақ эпителиймен тысталған, сырт қарағанда папилломаға ұқсайды. 
Бауыр циррозы – бауырдың интерстициялық пролиферациялық қабынуы. Үй жануарларының барлық түрінде кездеседі. Кейде цирроз қабыну болмағанда, бауыр паренхимасының атрофиясы немесе дистрофиясы салдарынан пайда болады. Дәнекер ұлпаның өсуі бөлік аралық және перикапиллярлық дәнекер ұлпадан басталуы мүмкін. Себебі: әртүрлі – инфекциялар, гельминттер, экзогенді немесе эндогенді уланулар, ішек микрофлорасының бұзылуы, ішек-қарын, өт жолдарының қабынуы, қан айналымының бұзылуы. Малды бұзылған, зеңі бар, қышқыл азықпен азықтандыру. Морфологиясына байланысты атрофиялық және гипертрофиялық цирроз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет