6 дәріс Тақырыбы: Қабыну патоморфологиясы Мақсаты мен міндеттері



бет5/8
Дата01.03.2023
өлшемі369,87 Kb.
#70611
1   2   3   4   5   6   7   8
Геморрагиялық қабыну - экссудат құрамында эритроциттердің мол болуымен сипатталады.
Себебі – қанда көбейетін микробтар (топалаң, шошқа тілмесі, пастереллез); вирустар (шошқа обасы, иттің парвовирустық инфекциясы), әсерлі улар (сүрме, мырыш), токсиндер (стихиоботриоальтернанс).
Макроскопиялық өзгерісте ұлпаға қан сіңеді, табиғи қуыстарда қанаралас экссудат жиналады. Зақымданған жер ісінеді, күрең-қызыл түсті, бара-бара ұлпа өледі, ойылым пайда болады. Кейбір жағдайда геморрагиялық экссудат эпидермис астында жиналады (қара шешек), көпіршіктер қара-қызыл түсті болады. Лимфалық түйіндер, паренхималық мүшелердің түсі күрең-қызыл болып, некрозданады.
Өкпеде геморрагиялық қабыну ошағы күрең-қызыл түсті, тығыздығы бауырдай, тілік бетінен қанды сұйықтық ағады.
Кілегейлі қабықтар ісінеді, оларға қан сіңеді, бетінде қанды қызыл шөгінді ішектің сөлдері әсерінен қара-қошқылданады, ішектің беткейлі қабаттары некрозданады.
Геморрагиялық қабыну, қабыну үдерісінің ең ауыр түріне жатады, көп жағдайда өліммен аяқталады. Үдеріс сәтті аяқталғанда, экссудат сорылып, регенерациялық үдерістер басталады.
Геморрагиялық қабынудан мынадай патологиялық үдерістерді ажырата білу қажет:
1). Қанталаудышекарасы айқын, ісіну, некроздану айқын білінбейді.
2). Геморрагиялық инфарктіні – пішіні әдетте сына тәрізді, ішекте бұралудың орнында пайда болады.
3). Өлекселік транссудатты – мөлдір, сұйық (қуыстарда), сірлі қабықтар тегіс, жылтыр болады.
Катарлы қабыну - кілегейлі қабықтарда сұйық экссудаттың пайда болуымен сипатталады. Гр. catarrheo – құйылу.
Бұл қабыну – қабынудың ерекше жеке түрі болып есептелінеді. Өте жиі кездеседі, тек қана кілегейлі қабықтарда болады.
Себебі: тітіркендірудің барлық түрлері: механикалық (қажалу, қысым); химиялық (сілтілер, қышқылдар заттар және т.б.), инфекциялық және инвазиялық факторлар. Организмнің ауруға төзімділігі нашарлағанда, аллергиялық сезімталдығы күшейгенде катарлы қабыну туындауы мүмкін. Мысалы, салқын тигенде, қоректену мерзімі өзгергенде, аллергендер әсері. Бұл жағдайда кілегейлі қабықтағы микробтардың патогенді қабілеті артып, қабыну туындайды.
Экссудатың құрамына байланысты кілегейлі, сарысулы, іріңді, геморрагиялық катар болады.
Кілегейлі катар – кілегейлі қабықтың альтеративтік қабынуының бір түрі болып табылады, өйткені эпителидің бүлінуімен (десквамациясымен) сипатталады. Кілегейлі қабық көмескіленеді, ісінеді, қызарады, қанталайды, беті лайлы, сұйық кілегейлі массамен жамылады. Микроскоп арқылы бокал тәрізді торшалардың көбейгенін, олардың кілегейлі затты көп өндіріп, өздерінің іргесінен ажырағанын көруге болады.
Сарысулы катар - түссіз немесе лайлы сұйықтықтың пайда болуымен сипатталады. Кілегейлі қабықтар шыны тәрізді ісінеді, қызарады, көмескіленеді.
Іріңді катар кілегейлі қабықта іріңді экссудат болады. Ол ісінеді, көмескіленеді, эрозияланады, қанталайды. Микроскоппен қарағанда кілегейлі заттың көп өндірілгені, гиперемияның, строманың домбығуының, іріңді денешіктердің шоғырлануының орын алғанын көруге болады.
Геморрагиялық катар кілегейлі қабық ісінеді, көмескіленеді, бетінде қан аралас экссудат жиналады. Ішектің кілегейлі қабығы қатпарланып, лайлы-сұр түсті болады, ішіндегі сұйықтық кофе түстес болады. Микроскоппен қарағанда – экссудаттың құрамында эритроциттер көп, тамырлар гиперемия күйінде, эпителий некрозданған.
Катарлы қабынудың түрлері таза күйінде сирек кездеседі. Бір түрі тез арада басқа түріне ауысады. Көп жағдайда басынан бастап аралас болады. Созылмалы катарда кілегейлі қабықта дәнекер ұлпа өседі, гиперемия, экссудация басылады. Сондықтан кілегейлі қабық қалыңдап, қатпарланады, бозғылт немесе сұрғылт түсті келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет