№6 Дјріс Таќырып: “Генніѕ молекулалыќ биологиясы”



бет3/8
Дата15.11.2023
өлшемі1,48 Mb.
#123003
1   2   3   4   5   6   7   8

Т.Морган және оның шәкірттері жүргізген зерттеулердің нәтижесінде, ген туралы көзқарасқа өзгерістер енгізді. Т.Морган классикалық еңбектерінің бірін “Ген теориясы” (1926 ж.) деп атады. Бұл теория бойынша ген хромосомада болатын тұқым қуалаушылықтың өлшем бірлігі, мутация мен рекомбинация геннің өзгеруіне байланысты жүреді және ген бөлінбейтін біртұтас бірлік деп қарастырған.

Ген теориясын әрі қарай дамытуда (1928 ж.) Н.П. Дубинин мен А.И.Аголдың зерттеу жұмыстары ерекше орын алады. Олар дрозофилаға жүргізген тәжірибелері нәтижесінде геннің құрылысы күрделі болатынын көрсетті.

  • Ген теориясын әрі қарай дамытуда (1928 ж.) Н.П. Дубинин мен А.И.Аголдың зерттеу жұмыстары ерекше орын алады. Олар дрозофилаға жүргізген тәжірибелері нәтижесінде геннің құрылысы күрделі болатынын көрсетті.
  • Қазiргi ген теориясы - молекулалық генетиканың туындысы. Ал, генiң құрылысы мен қызметi туралы көзқарастың қалыптасуына бастама болған А.С. Серебровский, Дж. Бидл және Е.Татум, С. Бензердiң жұмыстары.

Гендер активтiлiгiнiң функциональдық көрiнiс беруін алғаш дәлелдеген 40-шы ж. басында Дж.Бидл мен Э.Татум. Олар зең саңырауқұлағы - нейроспорада жүргiзген тәжiрибилер нәтижесiне қорытынды жасап, “бiр ген-бiр фермент” гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза бойынша, бiр ген - бiр биохимиялық реакцияға қатысатын бiр фермент-белоктың синтезiне жауап бередi.

Геннiң өзгеруi (мутациясы) бiр заттың қалыпты метаболизмiн бұзып, аномальдық белоктың синтезделуiне әкеледi, нәтижесінде белгі соған сәйкес көрiнiс бередi. Осыған ұқсас адамдағы ген мен ферменттiң және биохимиялық реакцияның арасындағы өзара әсерлесуiн алғаш рет көрсеткен А.Э.Гаррод, ол мұндай ауруларды “метаболизмнiң туа бiткен бұзылыстары” деп атады (1909). Осы бағытта жүргiзiлген зерттеулер бiрнеше полипептидтiк тiзбектен тұратын, әрқайсысы өз генiмен анықталатын мультимерлi белоктардың ашылуына әкелдi (гемоглобин, миоглобин және т.б.). Соған байланысты болжам анықтамасы “бiр ген - бiр полипетидтiк тiзбек” деп өзгертілдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет