7. Аттенуатор – реттеуші немесе құрылымдық гендердің алдында орналасады, транскрипцияның аяқталуы жайлы сигнал береді, егер жасушада белок-фермент жеткілікті болса, синтезі тоқтайды (терминация). 8. Терминатор – құрылымдық гендерден кейін орналасады және транскрипцияның біткені (терминация) туралы сигнал береді. 9. Спейсер - гендер арасында орналасқан, ақпараты жоқ бөліктер. 10. – 35 қатар – танитын қатар, РНҚ-полимеразаның (σ-сигма) – суббірлігі байланысады.
(РНҚ – полимераза II генінде) үш түрлі сайт орналасқан.
1. Голдберг-Хогнесс бокс немесе ТАТА- бокс ұзындығы 7 жұп нуклеотидтен тұрады. Ол транскрипцияның басталу нүктесінен жоғары, солға қарай 20 жұп нуклеотидтен кейін орналасады. Транскрипциялық факторлар деп аталатын белоктардың көмегімен РНҚ полимеразамен байланысады.
2. ЦААТ- бокс немесе ЦАТ- бокс солға қарай ТАТА- бокстан жоғары орналасады. Бұл қатар транскрипцияның басталу процесіне қатысып, жылдамдығы мен тиімділігіне әсер көрсетеді, (β-глобин генінің құрамында бар) және – 70 жұп нуклеотидтер мен – 80 жұп нуклеотидтер арасында орналасады. Оның құрамында ГГТ/АЦААТЦТ нуклеотидтер қатары бар.
3. ГЦ- бокс немесе ГГГЦГГ нуклеотидтер қатары бір немесе бірнеше копиялардан тұрады, олар - транскрипцияның басталу нүктесінен солға қарай 60 -100 жұп негіздерден жоғары, орналасады. Бұл қатар транскрипцияның жылдамдығы мен тиімділігіне әсер көрсетеді.
Осы аталған сайттардың ішінде активтілігі ең төмен ТАТА- бокс.